Á IËIÌ
ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
Зерттеу жұмысын жүзеге асыру барысында
төмендегіше міндеттер қойылды:
- АК сауаттылықтың халықаралық деңгейіндегі
бағасына
талдау жүргізу
және
ақпаратты-
коммуникативтік сауаттылықтың анықтамасын жаңа
интерпретациялау,
ақпаратты-коммуникативті
сауаттылықтың даму үрдісіне талдау жасау;
- Оқушылардың АК сауаттылығын бағалаудың
ақпараттық үлгісін және тапсырмаларды құрастырудың
әдіс тәсілін жасау;
- Әзірленген ақпараттық үлгіні экспериментті түрде
тексеру.
Ғылыми-зерттеу объектісінің дамуы туралы
төмендегіше
болжамдық жорамал жасалды:
қазақстандық білімнің ерекшелігін ескере отырып,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын сырттай
бағалауды ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз
ететін теориялық негіздерді әзірлеу, яғни оқушылардың
функционалдық сауаттылық деңгейлері, типтері мен
түрлерін анықтау. Сонымен қатар, еліміздің
оқушыларының функционалдық сауаттылығын өлшеу
құралдарын құрастыру әдістемесін әзірлеу.
Біздің жобамыз бойынша оқушылардың ақпараттық-
қоммуникациялық
сауаттылығын
бағалауды
модельдеудің ғылыми негізін анықтау үшін аталған
мәселелер бойынша әртүрлі мемлекеттерде жүргізілген
зерттеулерге талдау жасалады.
Біздің
зерттеулеріміз
үшін
оқушылардың
ақпараттармен жұмыс жасау дағдыларының қалыптасуы
мен ақпараттық технологияларды қолдануды меңгеруді
бағалау бойынша жүргізілген зерттеулердің ерекше
маңызды.
Орта білім беру деңгейінде келесі зерттеулер
жүргізілді: Second Information Technology in Education
Study (SITES), Халықаралық компьютерлік және
ақпараттық сауаттылығын зерттеу (ICILS ) International
Computer and Information Literacy Study, Test. Ақпараттық
және коммуникациялық сауаттылық тесті (ICL Test), яғни
Information and Communication Literacy Test.
1997-2006 жылдар аралығында білім беруде
ақпараттық технологияларды қолдану (SITES) бойынша
жүргізілген зерттеу - білім беру үрдістері мен оқыту
нәтижелеріне АКТ-ның әсерін анықтау мақсатында
жүргізілген - ең алғашқы халықаралық деңгейде
жүргізілген іс-шаралардың бірі болды.
Осы зерттеулердің нәтижелері негізінде оқу
жетістіктерін бағалаудың Халықаралық қауымдастығы
(The International Association for the Evaluation of Educa-
tional Achievement, IEA) әзірленді.
1997-1999 жылдарда мектептер деңгейінде жүргізілген
зерттеулер (SITES) бастапқы, негізгі және үлкен деген
үш модульден тұрады.
1999-2001 жылдарда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды (АКТ) енгізген бірқатар мектептерде
жүргізілген зерттеулер білім беруді жаңалауға (
инновация) алып келді.
1999-2006 жылдарда оқушылар мен мұғалімдер
арасында мектеп деңгейінде зерттеулер жүргізілді.
Бiрiншi модуль зерттеулерiне 25 елдің білім беру
мекемелерінен қатысса, ал, ТМД мемлекеттерінен тек
Ресей қатысты.
ХХІ ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы білім беру жүйесін
дамытудың басты бағыттарының бірі - бұл біздің
елімі здің ғалымдары мен білімгерлерінің халықаралық
салыстырмалы зерттеулерге қатысуының кеңейе түсуі
болып табылады. Дәл қазіргі кезеңге дейін біздің
еліміздің оқушылары 2009-жылы және 2012 жылдары
PISA (Program for International Student), яғни
оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық
бағалауды зерттеу бағдарламаларының екі турына, сол
сияқты 2007 және 2011-жылдары TIMSS (Trends in In-
ternational Mathematics and Science Study), яғни
Халықаралық математика және жаратылыстану
¹3-4 (11) 2016
саласындағы сауаттылығын бағалау - бағдарламалық
жобалары бойынша жүргізілген зерттеулердің екі турына
қатысты және олардың зерттеулерінің нәтижелері
ғылыми және педагогикалық қоғамдастықта сыни
тұрғыдан талқыланды және қабылданды.
Компьютер және ақпараттық сауаттылық (International
Computer and Information Literacy Study, ICILS) жөніндегі
халықаралық зерттеулер 2013 жылда жүргізілді [2].
Ақпараттық-коммуникативті сауаттылықты 14 жастағы
баланың танымдық және шығармашылық бағытында
жасайтын жұмыстарына компьютерді қолдана білуі және
оны үйде, жұмыс орнында және әлеуетте тиімді
пайдалана алатын құралы ретінде түсіндіруге болады.
ICILS жобасы - мектеп оқушыларының ақпараттық-
коммуникациялық (АК)-сауаттылықты оқып үйренуге
және оны қолдану тәсілдеріне бағытталған бірінші
халықаралық салыстырмалы зерттеу болды. Жобада 21
бiлiм беретін жүйе зерттелді. Оған орта мектептің 8-
сынып оқушылары қатысты.
Жасөспірім оқушылардың жетістіктері әдейі өңделген
тест көмегімен бағаланды. Оқушыларға сауалнамалар
жүргізілді. Сонымен қатар, сауалнамалар педагогтарға,
АК-сауаттылықты дамытуға бағытталған
оқыту
пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерге, АКТ-
координаторларға және мектеп директорларына
жүргізілді.
Сұрақтар мен тапсырмалар берудің 4 модулі әзірленді.
Әрбір модулда берілетін тапсырмалар бірегей
тақырыптар төңірегінде құрастырылды. Модуль
сызықтық құрылымда болды және ол 30 минуттық жұмыс
жасауға арналды.
Ресейде Дүниежүзілек банктың қолдауымен негізгі
мектеп бітірушілерінің АК-құзыреттілігін бағалайтын
құрал ретінде "Information and Communication Literacy
Test (ICL Test), мамандар дайындаудың Ұлттық фонды
әзірленді [3].
Тест мазмұнды түрдегі 16 тапсырманы қамтиды.
Тестілеуді орындауға 2 академиялық сағат уақыт
беріледі.
ICL Test -тің құрылымы 13 қарапайым жеңіл, 2 орташа
және 1 күрделі тапсырмадан тұрады. Сонымен қатар,
мұнда танымдық стратегияларды пайдалану және
сандық бағалауға жататын тапсырмаларда шартты
тәуелсіздікті сақтаудың қажеттілігі талап етіледі. Оқу
тапсырмаларын
нақты
өмірден
алынған
тапсырмаларымен кезектестіреді, ал қарапайым
тапсырмалар орташа және күрделі тапсырмала алмасып
отырады. Бұл ретте оқушылар мәтіндік редакторларды,
электронды кестелерді, презентациялар жасау
құралдарын, графиктік редакторларды, мультимедия
мүмкіндіктерін қолданады, сонымен бірге электрондық
поштаны, әлеуметтік желілер мен тағы да басқа
ғаламтор - сервистерді пайдаланады.
2015 жылдың 22-24 сәуір аралығында мамандарды
даярлаудың Ұлттық қорының ұйымдастырылуымен
(МДҰҚ(НФПК), Ресей) ICL Test мүмкіндіктерін егжей-
тегжейлі зерттеу мақсатында Астанада екі пилоттық
мектептерде тестілеу жүргізілді. №14 орта мектептен екі
8-сынып (25 оқушы) және №3 мектеп-гимназиясынан екі
9-сынып (25 оқушы) қатысты. Тест 3 жаттықтырушы
тапсырмалардан және күрделілігі әр түрлі тапсырмалар
мен социологиялық анкетадан тұратын 16 тест
тапсырмаларынан тұрады. Тестілеу барысында
тапсырма мазмұнымен, бағалау құралдарын
қамтамасыз ететін программаларме н танысуға сонымен
қатар, оқушылардың жұмыстарын байқауға мүмкіндіктер
болды.
"Информатик а" пәнін оқыту мен мектептердің
жағдайы туралы дұрыс ақпарат алу үшін біздің еліміздің
барлық өңірлерінен мұғалімдер арасында сауалнама
жүргізілді.
Зерттеу бірнеше кезеңдерді қамтыды: сауалнамалар
жасау,
информатика
мұғалімдері
арасында
5