¹ 3-4( 11) 2016
ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
ӘБДИЕВ ҚАЛИ СЕИЛБЕКҰЛЫ
" Ұлттық тестілеу орталығы " Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
БАЙҒОЖАНОВА ДӘМЕТКЕН САҒИДУЛЛАҚЫЗЫ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Информатика кафедрасының доценті, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі
Мақала оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік сауаттылығын бағалау мәселелеріне арналған. Мақала авторлары Қазақстан мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларының арасында ақпараттық-коммуникативтік сауаттылықты бағалауға бағытталған зерттеу нәтижелерін ұсынады, алынған ақпаратқа талдау жасай келе, оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесін шешудің жолдарын ұсынады.
Статья посвящена актуальным вопросам оценки информационной и коммуникативной грамотности учащихся. Авторы статьи приводят итоги проведенного исследования среди учащихся выпускных классов средних школ Казахстана на оценку уровня информационно-коммуникативной грамотности, делают анализ полученной информации и предлагают пути решения вопроса формирования информационной и коммуникативной грамотности учащихся.
This article is devoted to actual questions of assessment of informational and communicative literacy of learners. The authors of the article show results of research of assessment of informational and communicative literacy, which took place among senior class learners of Kazakhstan ' s secondary schools, they make the analysis of received information and offer solutions on questions of formation of informational and communicative literacy of learners.
Бүгінгі күні адамзат қызметтерінің барлық салаларында ақпараттық технологияларды белсенді түрде дамыту мен қолдану заманауи тұрғыда кеңінен жүзеге асырылуда. Бұл білім беру жүйесінде ескерілмей қалуы мүмкін емес жағдай. Әсіресе, орта білім беру жүйесінде атқарылатын қызметтердің қай-қайсысын алсақ та, жаңа заман талаптарына сай, көптеген өзгерістерге ұшырауда: оның ішінде мектеп оқушыларының білім сапасын жан-жақты бағалаумен қатар, олардың ақпараттық-коммуникативтік сауаттылығын бағалаудың түрлі әдіс тәсілдері қолданысқа енуде. Ендігі жерде оқушылардың білім деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды қанағаттандыру мақсатында сол амалдардың тиімділігін зерттеу бүгінгі күнгі ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Жоғарыда аталған мәселелерді шешудің кілті, қазіргі заманауи адамының ақпараттықкоммуникациялық технологияларды( АКТ) оқушылардың жетік меңгеруі болып табылады. Демек, оқушыларының сауаттылығының бұл түрін қалыптастыру мен дамыту мәселелерін зерттеуді қолға алу қажет, өйткені, біздің оқушылардың бүгінде тек мәтіндік редакторлармен жұмыс жасауына, қарапайым суреттер салу немесе кестелік редакторлармен жұмыс жасап шектелулеріне болмайтындығы күн санап дәлелдене түсуде. Сол себепті, олардың кез-келген салада жақсы маман болып жетілулері үшін ақпараттармен сауатты жұмыс жасай білу қажеттілігі туындайды. Атап айтар болсақ: оқушылар өздеріне қажетті қолжетімді ақпараттарды табуды және таңдай білуді, тапқан ақпараттарын өз қажеттіліктеріне жарата білуді, оларды әр түрлі форматта( графиктік, кестелік және т. б.) көрсетуді, ақпараттарды кеңінен тарқата білуді және т. б., бір сөзбен айтқанда, заман
4
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК САУАТТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
талабына сай ақпараттық сауатты болулары қажет. Сондықтан, зерттеу жұмысымызды оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік сауаттылығын бағалаудың ғылыми негіздерін жасауға арнағанды жөн көрдік. Біздің зертеу жұмысымызға байланысты маңызды халықаралық зерттеулер 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының мақсатында көрініс тапқан [ 1 ]. 2016-жылы Халықаралық сауаттылықты зерттеуді оқытуды дамыту жобасына, яғни PIRLS( Progress in International Reading Literacy Study) қатысу жоспарланды. Бүгінде, мұны жүзеге асыру шаралары жүргізілуде. Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес, Қазақстан 2018-жылға жоспарланған Халықаралық Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты зерттеуге, яғни ICILS( International Computer and Information Literacy Study) қатысуды жоспарлауда, мұнда ол тағы бір маңызды салыстырмалы зерттеуді халықаралық деңгейде жүргізбек. Осыған байланысты, оқушылардың ақпараттық және коммуникациялық сауаттылығын бағалаудың ғылыми тұрғыда негізделген отандық құралдарын дер кезінде жасау және оны негізгі орта білім беру деңгейінде оқу жетістіктерін сыртқы бағалауға ендіру қажеттілігі туындайды. Осы орайда, 2015 жылдың 2 ақпанындағы ҚР БҒМ № 279 Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру туралы Келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылатын, " Мектеп оқушыларының ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын бағалаудың ғылыми негіздері " жобасы бүгінгі күнгі өзекті мәселелерді қамтиды. Сол себепті, аталған мәселені зерттеудегі көздеген мақсатымыз: оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік сауаттылығын бағалаудың ғылыми негізіндегі үлгісін анықтауға арналады.