ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI
ауытқулар бар, мектептерде арнайы бөлінген жұмыс орнының болуына қарамастан, олардың жалпы саны бойынша 30 %-дан астамында лаборанттар мен желі әкімшіліктері жоқ болып шықты. 5. Біздің зерттеу жұмысымыздың құрылымы мен мазмұнында: 5 сыныптан бастап 9 сынып аралығында бес жыл мерзімде орта білім беру мен информатиканы оқытудың жаңа мазмұнына көшу мақсатында АКТ-ным орта мектептерге кеңінен енгізуге байланысты негізгі орта мектепті бітірушілер үшін " ақпараттық-коммуникациялық сауаттылық " түсінігі анықталуы қажет. Сонымен қатар, негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатиканы оқытуға көшу, тек 2013 жылдан бастап жаңа оқу жоспары бойынша іске асырыла бастады, бүгінде, көптеген жалпы білім беретін мектептер өтпелі кезеңнің типтік оқу бағдарламасы аясында білім алуда.
Жоба бойынша жүзеге асырылған жұмыстардың екінші бөлімінде мектеп оқушыларының АК-сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік тәсілдеріне талдау жүргізілді. Мектеп оқушыларының АКсауаттылығын бағалаудың отандық құралдарын жасау талаптарын тұжырымдау үшін орта білім беру саласындағы іс-әрекеттерді реттейтін негізгі нормативтік құжаттар жасалды. Сонымен қатар, 2013-2015 жылдар аралығында жасалған зерттеу жұмысының қорытындылары бойынша келесі:
- АК сауаттылықты бағалау құралдарының даму тенденцияларына талдау жасалды, яғни, АК сауаттылықты бағалау бойынша жүргізілген халықаралық және ұлттық салыстырмалы зерттеулер жүргізілді;
¹ 3-4( 11) 2016
- Қазақстан мектептерінде АК сауаттылықты қалыптастыру бойынша жасалған жұмыстардың қазіргі жағдайы сарапқа салынды;
- оқушылардың АК сауаттылығының қалыптасуына жүргізілген ғылыми-әдістемелік тәсілдерге келесі түрде талдау жасалған: шетелдік ғалымдардың жұмыстарындағы " Оқушылардың АК сауаттылығы " ұғымының мазмұны мен құрылымы анықталды;
- Қазақстандағы оқушылардың білім жетістіктері көрсеткіштерінің төмен болуының бір себебі- халықаралық зерттеулерде қолданылатын құралдардың ерекше мүмкіндіктерімен танысу бойынша дайындықтың талапқа сай болмауынан екендігі анықталды;
- орта білім берудің МЖМБС-да, оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнында АК сауаттылықпен байланысты сұрақтардың көрінісі тұжырымдалды.
Жоғарыда аталғандардың барлығы " Мектеп оқушыларының АК-сауаттылығы " түсінігіне жаңаша түсінік беруге, яғни Қазақстанның негізгі мектептерін бітірушілердің АК-сауаттылығының қалыптасуының даму деңгейіне сипаттама беруге, мазмұндық құрылымын түсінуге және тұжырымдама жасауға мүмкіндік туғызды. Осылайша, жоба бойынша жасалған жұмыстарды жүзеге асыру барысында " ақпараттық-коммуникациялық сауаттылық " ұғымына тән сипаттама қалыптасты, оның параметрлері анықталды, сонымен қатар, ҚР, ТМД мемлекеттері мен дамыған елдерде АК-сауаттылығының қалыптасып даму тенденциялары мен оны бағалау құралдарына талдау жасалды. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен жүргізілген ірі зерттеулер жүзеге асырылды
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы: [ утв. Указом Президента РК от 07.12.2010 № 1118 ] // Әділет: информационно-правов. система нормативн. правов. актов РК.- Режим доступа: http:// adilet. zan. kz / rus / docs / U1000001118 2. International Computer and Information Literacy Study, ICILS // Режим доступа: http:// www. iea. nl / icils _ 2013. html 3. IC Literacy Test. Тестирование ИК-компетентности // Режим доступа: http:// www. ictlit. com 4. Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 апреля 2011 года № 217 " О внесении изменений и дополнений в приказ и. о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 767 " Об утверждении санитарных правил " Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации и персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними "- Режим доступа: http:// adilet. zan. kz / rus / docs / V1100006959 5. Учебные программы по предметам образовательной области " Математика и информатика " для 5-9 классов общеобразовательной школы.- Астана, 2013.- 93 стр. [ Утвержден приказом Министра образования и науки Республики Казахстан № 115 от 3 апреля 2013 года.] // Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина.- Режим доступа: http:// nao. kz / blogs / view / 5 / 308
7