EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 74

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ
¹ 3-4( 11) 2016
Ïåäàãîãèêà
Берілген сабақ жоспары балабақшада дүниетану пәнінен сабақ жүргізудің тиімдісі үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері сынып өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока по предмету " Познание мира " в детском саду. Методическая работа будет интересна воспитателям и методистам дошкольных учреждений образования.
КУЛШАНОВА УЛЖАН ЖАНАХЫНОВНА
№ 64 " Асыл бөбек " тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған балабақшасының тәрбиешісі
The working-out subject plan is given as a useful example for teaching subject " Learning the world ". Every kindergarten teacher may use this plan.
БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҮЛГІСІ
Білім беру саласы: коммуникация, шығармашылық Оқу іс-әрекеті: көркем әдебиет, жапсыру. Тақырыбы: " Күзгі орман " Мақсаты: Білімділік: Балаларға күз туралы білімдерін кеңейту. Күз байлығын әсемдікті сезіне білуге, сурет бойынша заттық нәрселерді бақылап, салыстыра әңгімелеп беруге үйрету.
Түзету-дамытушылық: Дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып олардың шығармашылықтарын дамыту. Қағазды ұсақ бөліктерге жырту арқылы қолдың ұсақ моторикасын дымыту. Тыныс алу жаттығуында б ір бағытта үрлеуді үйрету. Балалардың өз ойларын жүйелі, анық жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауды, аялауға, әсемдікті көріп сезінуге үйрету. Күзгі адамдар еңбегіне құрметтеу. Күзгі байлықты, сиын бей берекет шашпай пайдалануға жол бермеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелесу Көрнекті құралдар: Слайд, бұлттар, жапырақтар, көкөніс пен жемістер. Сабақтың барысы:
Әрекеттердің кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру Тәрбиеленушілердің қызығушылығын ояту кезеңі
Ұйымдастырушылықізденушілік
Балалар жылулық шеңберін орындайық. Жылулық шеңбері: Күннің көзі ашылып Көкке шуақ шашылып Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал қәнекей бәріміз Сәлемдесейік үлкенге: Сәламатсыздар ма! Здравствуйте! Good morning!
Сұрақтар:-Балалар қазір қандай жылдың мезгілі?-Күз мезгілінде неше ай бар?-Қандай айлар?-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқыра бастайды, жауын шашын көбейеді. Күзде жеміс жидектер, көкөністер, егістіктегі астық піседі, Сондықтан адамдар күзді « Алтын » деп атайды.
Балалар қимыл қозғалыспен жылулық шеңбер айтады.
Берілген сұрақтарға жауап береді.-Жылдың күз мезгілі-Күз мезгілінде 3 ай бар-Қыркүйек, қазан, қараша
Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
Балалар отырып тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.
Балалар құсты көріп қуанады, салемдеседі.
72