EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 75

Ïåäàãîãèêà ¹3-4 (11) 2016 «Алтын» деп атайды. Таңғажайып сәт! (құстың шиқылдаған дыбысы естіледі.) Торғай құсы ұшып келеді. Тұмсығында хаты бар екен. Тәрбиеші: Балалар мен хатты ашын. Бұл хатты бізге – күз ханшайымы жіберіпті . Сонау күз патшалығы елінен келді. Хатта не жазған екенін мен сендерге оқып беремін: «Сендердің «Күзгі сыйы» туралы білетіндеріңді естідім..Мен сендерге бірнеше тапсырмалар дайындадым. Осыны орындап берсеңдер, мен сендерге күзгі сыйынан тамаша бір сый тартамын» 1-тапсырма диаграмасы арқылы тақпақтар айтып беру керек. Ұйымдастырушылық- ізденушілік Асылзат: Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен кеуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді. Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Адиль, Саян Жарайсыңдар балалар 1 тапсырманы да орындап бердіңіздер. Тыныс алу жаттығу «Жаңбыр мен жел» Жамбыр тамшыларына үрлейді Сендер шаршаған шығарсыңдар кішкене сергіп алайық. Сергіту сәті: Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып, Табиғатты сүйеміз Шетімізден шеберміз. Денемізді тік ұстап. Билеп билеп өсеміз. 2-тапсырма Күзгі орманның макетін жасап беріндерші. Алдарыңызда картон тұр. Карандашпен ағаштың бейнесінің пішіні салынған, оны қайшымен қиып алу керек. Түрлі түсті қағаздардан жапырақтарды жасау үшін ұсақ бөлшектерге жырту қажет. Осы бөлшектерді желіммен қиып алған ағаштар жапсырамыз. Енді біздің жасаған заттарымызды біріктіріп, орман жасайық. Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды. Саусақ жаттығулары Бүгін бестік алайық, Тағы да жұмыс жасайық . Шаршап қалған саусақты, Сілкіп сілкіп алайық Саусақ жаттығуын тәрбиешімен бірге айтып,