Ïåäàãîãèêà
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың" деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне
сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар
шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі
қыз -ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді.
Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны
жалғастырушы, демеуші - ата -ана және қоғам. Мектеп -
¹3-4 (11) 2016
өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын.
Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп
еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлінген емес.
Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен,
еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің
үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп өмірі, бала тұлғасын әлеуметтендіру
проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Мектеп
пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз
жемісін көрсетіп, нәтижелі игілікті іске айналады.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Дарқанбаева Ж. Баламен қарым-қатынас. // Мектепке дейінгі тәрбие(республикалық ғылыми -әдістемелік
журнал ) 2012 № 4
2. Көшербаева Г. Тәрбие тал бесіктен басталар // Бала мен балабақша (республикалық педагогикалық журнал)
2011 № 9
3. Мукашева А.Н. Сәби талпынса,қолдаңыз // Отбасы және балабақша ( ғылыми әдістемелік,педагогтік журнал
2011 №2
4. Бердалиева Г. Отбасында ата-ананың бала тәрбиесіне ықпалының ерекшеліктері // Бала мен балабақша
(республикалық педагогикалық журнал), 2012, №1
71