EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 72

¹ 3-4( 11) 2016 Ïåäàãîãèêà
Семей қаласы № 3 жалпы орта мектеп-кешенінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері
70
КУМГАНБАЕВА БИБИГУЛ СУИНБАЕВНА АЛИМБАЕВА АЙНУР ТОЙБАЗАРОВНА
Мақала өскелең ұрпаққа адамгершілік тәлімтәрбие беру мәселесіне арналған. Мақалада адамгершілік тәрбие берудегі негізгі мәселелер мен тәрбие үрдісін заман талабына сай жетілдірудің жолдары қарастырылған.
Статья посвящена вопросу нравственного воспитания подрастающего поколения. В статье выражены основные вопросы и пути совершенствования нравственного воспитания на современном этапе.
The article deals with necessity improving of moral education in children and teenagers. The article is given the main problems and ways to realize perfection of moral education.

БАЛА ТӘРБИЕСI- ИГIЛIКТI IС

Халық даналығында " Баланы әуелі мейір- шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы "- дейді. Болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мекені- отбасы болса, екіншісі, алтын ұя мектеп. Бұл екі ортаның да мақсаты мен мүддесі ортақ. Отбасы, ата- ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата- анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы- әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. " Тәрбиетабалдырықтан басталады " нақыл сөзі өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі- нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала- өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. " Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз " демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек. Демек балаларға үлгі көрсете отырып, оқытып, тәрбиелеуіміз керек.
Балалар ел болашағы, сондықтан да баланың кішкене кезінен патриоттық сезімін тудырып әрдайым баламен ақылдасып, өзіне ерік беріп отырған жөн. Сонда бала өзіне сенімді, тапқыр азамат болып өседі. Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Сондықтан мектеп- отбасы- қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлерін күшейтуіміз керек. ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. " Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі " ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын
атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты. Бала өзін жақсы көргенді, өзімен ойнағанды, сөйлескенді, көңіл бөлгенді қалайды. Бұл нәрселерге аса қажеттілігі бар. Бала өзіне салқын, қабағын түйіп, дөрекі және қатты мәміледе болған үлкендердің оны жақсы көрмейтінін ойлайды және күйзеліске ұшырайды. " Балада әсіресе мектеп жасына жеткеннен кейін сұрақтар көбейетіні анық, сол сұрақтың бәріне бірдей біз жауап беріп жатуды өзімізге міндет санамаймыз. " Білмеймін " деген жауап қайтаруды жиілетеміз. Ал, күні бүгінге дейін ең білгір, ең ақылды адам деген ата- анасы білмеймін деп жауап бергенде, бала не ойлауы мүмкін. Әрине " олар білмегенді мен қайдан білемін " " немесе " осыны білмеген менің ата- анамда ел қатарлы күн көріп жатыр ғой, маған да соны білудің қажеті бола қоймас " деп ойлайды. Осы " Білмейміннен " деген жауаптан кейін баланың да даму қарқыны бәсеңдеуі әбден мүмкін.
Балаларға тек насихат айтудың көп жағдайларда әсері болмайды. Мәселен он рет оған " Тамақтан бұрын қолыңды жу " деп айтудың орнына бір рет " Кәне екеуміз бірге қолдарымызды жуайық!" деп бірге істеу одан да әсерлі болып табылады. Оған бір нәрсені істе дегеннен кейін, ол нәрсені істеп-істемегенін қадағалау керек. Бұл қадағалау оның бұдан кейін де айтылған нәрсені орындауы үшін қажет. Оның қолынан келмейтін немесе істемейтіні мәлім болған нәрселерді айтпау керек. Олай болмаған жағдайда күнделікті атқарып жүрген қарапайым нәрселерді де істемейтін болады. Баланы әуелі тыңдай білген жөн. Ашылып әңгіме айтқан бала өзінің ішкі дүниесін де ақтарып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді, десе де әр бала ақылды. Олар балалықпен ғана қате жасайды. Ал, үлкендер болса, олардан есейген жанның ісін күтеді. Қателікке бой алдырса, дереу таяқтап, ұрсып, жазғыра жөнеледі. Содан кейін де жасөспірім " үлкендер маған жамандық жасады, ата-анам мені жақсы көрмейді " деген ойға қалуы бек мүмкін. Сондықтан баланың ішкі дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен, оған ұрысу, жазалау, қол жұмсау- дұрыс емес, онда ата-ананікі үлкен қателік болып саналады.
Қорқыныш және зұлымдыққа негізделген кинолар балаларды агрессивті болуға, келеңсіз қылықтарға бағыттайды. Мұндай киноларды балалардың көруі рух саулығы тұрғысынан да өте зиянды. Қорқыныш пен зорлық-зомбылыққа негізделген кинолар мектепке дейінгі балалардың қиял күшін шектен тыс азықтайды. Халықта " Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде