EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 59

Ïåäàãîãèêà
мамандық алу ", " Қызықты жұмыс табу ", " Кәсіби маман атану ", " Сессияны сәтті тапсыру ", " Жоғары ақы төленетін жұмыс табу " және т. б. Өкінішке орай біздің бақылауымыз техникалық оқу орындары студенттерінің шет тіліне деген қызығушылықтары өте төмен екенін көрсетіп отыр. Жиі уақытта болашақ инженерден: " Механикке ағылшын тілінің не керегі бар? Бұрандалармен сөйлесу үшін бе?", " Мен осы шет ел асып бара жатқаным жоқ, Қазақстанда маған өз мамандығым үшін қазақ, орыс тілдерін білсем де жеткілікті " деген жауаптарды естуге болады. Сондайақ техникалық оқу орындарының студенттері шет тілін қосалқы, онша қатты маңызды емес, жеңіл сабақтар қатарына қосып, оған сәйкесінше көңіл бөлмейді. Осындай бағытты ұстанып алған студент шет тілі сабағында жеткілікті белсенділік танытпайды. Олар өз міндеттері арнайы техникалық сабақтарды меңгеру деп санап, қосалқы сабақтарды назарсыз қалдырады. Техникалық оқу орындары студенттерінің осындай ерекшеліктері басқа да зерттеушілердің еңбегінде көрініс табады. С. И. Самыгин " Жаратылыстану және гуманитарлық факультет студенттеріне қарағанда техникалық мамандық студенттерінің танымдық қызығушылығы аз ". Сондықтан да студенттер толық назарды тек профильді пәндерге аударады. Біздің ойымызша шет тілін үйренуге өз мамандығы жөніндегі болашақ көзқарас, тұлғаның басынан өткен тәжірибесі, білім беру мазмұны мен мамандық престижі сияқты факторлар мотивация болуы мүмкін. Сондықтан да шет тілі оқытушысына алдымен студенттердің шет тілі туралы қатып қалған қағидасын өзгертіп, оған деген жағымды көзқарас қалыптастырып алып, шет тілінің маңыздылығын түсіндіріп, содан соң ғана практикалық сабақтарға кірісуі және сабақ барысында шет тілінің студенттердің мамандықтарына деген практикалық маңыздылығын жиі еске алып отыруы керек. Техникалық оқу орындары студенттерінің шет тіліне деген позитивті көзқарастың мақсатты қалыптасуы олардың шет тілінің өзекті маңыздылығын, прагматикалық құндылығын, оның қолданылуының болашаққа тиімділігін түсінгенде ғана мүмкін. Жағымды көзқарастың қалыптасуына қатысушылардың шет тілін тиімді меңгеруге септігін тигізетін, қоғамдық-құндылық мотивациясын қалыптастыратын, әлеуметтікпсихологиялық дайындығы, эмоционалды қанағаттану сезімі септігін тигізеді. Бұл жағдайда тілдің мамандық сферасын кеңейту функциясы пайда болады( шет тілін меңгеру мамандық төңірегіндегі шет елдік жетістіктермен танысуға мүмкіндік береді). Сондай-ақ студенттің мамандыққа қатысты арнайы білім алу және шет тілін сәтті игеру талпынысының екі жақты тепе-теңдігі орнайды. Сондықтан да шет тілі болашақ маманның кәсіби жоғарылауына тікелей байланысты / 5 /.
Шет тілін тілдік емес оқу орындарында оқыту өз жемісін мәтін материалдары мамандыққа сай таңдалғанда береді. Егер оқу әрекеттеріне таным мотивтері сәйкес келсе, онда бұл практикалық әрекеттердің мамандыққа бағытталғанын көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды студенттің оқу-танымдық әрекетінің маманның кәсіби әрекетіне өтуі көбінесе танымдық мотивтердің кәсіби мотивтерге трансформациялануы болып табылады / 6 /.
Оқытудың тиімділігі мен жоғары жетістіктеріне жету оқу жағымды эмоциялар алып келгенде, өсу және даму байқалғанда, педагогикалық әрекеттен қанағат алғанда болады. Егер жұмысы өнімсіз, бірқалыпты, нәтижесіз болатын болса, оқытушының да өз еңбегіне көңілі толмасы анық. Шет тілін оқу барысында көтеріңкі көңіл-күй мен сәттілік пен қуаныш сезімі өте маңызды. Жағымды эмоциялар ой операцияларын, ұсақ құбылыстарды есте сақтауға кететін күшті азайтады.
Техникалық оқу орындарындағы шет тілін оқытудың басты мақсаты- кәсіби әрекеттегі коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру. Сондай-ақ " оқыту "
¹ 3-4( 11) 2016
студенттердің таңдалған мамандық бойынша лингвокәсіби танымдық әрекетін дамыту болып табылады. Сондықтан көптеген шет тілі сабақтары аутентті мәтіндерді аудару, ондағы таныс емес лексиканы, диалогтарды жаттаумен өтеді. Біздің ойымызша көбірек коммуникативті жаттығулар, болашақ мамандыққа қатысты рөльдік ойындар көбірек орындалу керек.
Шет тілін тілдік емес оқу орындарында оқыту бірқатар шектеулер мен мәселелерден құралады. Олардың арасында тілдік ортаның болмауы, ауызша практиканың жетіспеушілігі, оқыту дифференциациясы мен индивидуализациясының жетіспеушілігін атай кетуге болады / 9 /. Өкінішке орай ондай оқу орындарда шет тіліне белгілі қабілет пен білім көлемі бар болуы деген примитивті көзқарас қалыптасқан. Ал шын мәнісінде тіл дегеніміз үнемі даму үстіндегі көп сатыдан тұратын күрделі жүйе. Шет тілін оқыту көптеген күш пен энергияның жұмсалуын, күнделікті, жүйелі, үнемі мотивацияны қажет етіп отыратын жұмыс. Шет тілінің басқа тақырыпшаларға бөліп қарастырылатын пәндерден айырмашылығы ол грамматика мен лексиканы шектеусіз білуді талап етеді / 7 /. Мұның барлығы тілді меңгеруге қатысты қиындықтарды жеңу мүмкін емес деген ойға, өз-өзіне деген сенімсіздікке алып келеді. Техникалық оқу орны студентіне лингвистикалық білім шетсіз, шексіз, күрделі болып көрінеді. Дегенмен де көптеген шет ел әдебиеттерінде " Сommunicative competence: the ability to use the language correctly and appropriately to accomplish communication goals. The desired outcome of the language learning process is the ability to communicate competently, not the ability to use the language exactly as a native speaker does "/ 8 /,- тілді дәл сол тілдің сөйлеушісі дәрежесінде қолдана алу емес, соңғы мақсатқа жететіндей түсіне және сөйлей білу коммуникативті компетенттілікке жатады делінген. Осы орайда шет тілі оқытушысының алдында лингвистикалық білімнің қол жетімділігін жоғарылату мен жеңілдету мәселесі тұрады. Сабақтағы уақыттың жеткіліксіздігі білім мен қабілетті қалыптастырудағы бос орындарды толтыра алмауға, ал тілді коммуникативті әрі бай етуге тырысу нәтижесіз болып тығырыққа тірейді. Алдағы материал меңгерілмеген жағдайда оның келесісімен байланысы болып, шет тілі білімінің ұшы- қиыры жоқ деп түсінген студент пессимистік көзқараста болады( қанша үйретсе де түк білмейміз; шет тілін сегізінші жыл оқып жүрсек те, әлі сөйлесе алу дәрежесіне жетпедік) немесе жалған оптимистік көзқарастағылар белгілі тақырыпшалар төңірегінде ғана сөйлей алып, тілді жақсылап меңгердім деген ойда жүреді. Көзқарастың екі түрі де оқыту процесін бәсеңдетеді. Студенттердің өзін-өзі бағалауының төмен болуы, өз- өздеріне тым сыншыл болуы, " Мен ешқашан да бұл тілде қарым-қатынас деңгейінде сөйлесе алмаймын ", " Мына бітпес мәтіндер, ережелер мен сөздерді жаттап ала алмаспын " деулері, әрине, оқу-оқыту процесін тежейді. Колледждің студентері оқыған мектептерінен әр түрлі базалық біліммен келеді. Кейбіреуі шет тілін тереңдетіп оқып келсе, енді біреулері үстіртін оқып келеді. Нәтижесінде олар бір топқа түсіп бастапқыда екеуі де бұл пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Бірі оның қиын әрі түсініксіз десе, енді біреуі сабақ материалдарын әлдеқашан меңгеріп кеткендіктен қызықпайды. Бұл мәселедегі оқытушының міндеті бастапқы кезеңде студенттің тілдік дайындығын болжау және оған әрі қарайғы жұмысын ұйымдастыруға көмектесу. Студенттер шет тілін әр түрлі деңгейде меңгергендіктен және де жаңа материалды әр түрлі қабілетте және жылдамдықта игергендіктен студенттің оқу процесінің темпін өзі таңдағаны жөн, алайда мұны оқу бағдарламасы әрдайым қарастыра бермейді.
Мақаладағы айтылғандардың барлығын қорытындылай келе шет тілін оқыту спецификасы
57