ШЕТ ТІЛДЕРІН ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
¹ 3-4( 11) 2016
Ïåäàãîãèêà
Мақала ағылшын тілін техникалық оқу орындарының студенттеріне оқытудың психологиялық аспекттерін қарастырады.
Данная статья рассматривает психологические аспекты обучения иностранного языка в технических учебных заведениях
This article deals with psychological peculiarities of teaching foreign language in technical colleges
ТУГАНБАЕВА АЙНА БЕКЖАНОВНА
Бородулиха қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
ШЕТ ТІЛДЕРІН ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазіргі таңдағы техникалық оқу орындарында болашақ мамандардың тілдік дайындығының деңгейі олардың алдына мәдени кеңістікке жол ашатын, халықаралық деңгейде делдалдардың көмегінсіз өз мәселелерін шешуге қабілетті, бәсекелестікке қабілеті мол маман болуларына септігін тигізеді. Осы орайда жалпы білім беретін " Шет тілі " дисциплинасының маңызы зор. Шет ел және отандық психология шет тілін меңгерудің психологиялық ерекшеліктерінің теориялары мен концепцияларының бірқатарымен толыққан. Студенттердің шет тілін меңгеру ерекшеліктерінің спецификасы И. А. Зимняя, Г. А. Китайгородская, А. А. Леонтьев, М. В. Ляховицкий, Б. В. Беляев, В. А. Артемов, Б. А Бенедиктов, А. А. Алхазишвили, Э. П. Шубин, Е. И. Пассов сынды педагог-психологтардың еңбектерінде қарастырылған. Көптеген зерттеушілер өз еңбектерін техникалық оқу орындарының студенттерінің шет тілін меңгеру ерекшеліктеріне арнаған( О. А. Журавлева, Л. Ю. Зиновьева, И. В. Леушина, В. Д. Тенищева, Г. Г. Ханцева, И. А. Цатурова, Л. А. Шестоперова және т. б.). Алайда алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелерінің жүйелі біріктірілуі мәселесі және техникалық арнайы оқу орындары студенттерінің тілдік дайындығының ерекшеліктері жеткілікті өңделмеген, сондықтан осы мәселе біздің зерттеу тақырыбын таңдауымызға түрткі болды. Білім берудің гуманитаризациясы студенттердің жалпы мәдени деңгейін көтеруге бағытталған. Техникалық оқу орындарының оқытушылары техникалық мамандықтарға тапсыратын студенттердің ана тіліндегі де шет тіліндегі де тілдік деңгейі гуманитарлы факультет студенттеріне қарағанда недәуір төменірек екенін біледі. Инженерлік мамандықтардағы студенттерге өз ойын анық жеткізе алмау тән. Жалпы алғанда мұндай студенттерде тілдік түйсік жөнді дамымаған. Гуманитарлы факультет студенттеріне тілдік құрылым жақсы таныс және олар тілдік бірліктер мен олардың бірігу принципімен жеткілікті меңгерген. Бұл құбылыс интуитивті түрде болуы мүмкін, яғни студент жалпы алғанда тілді сезіп, грамматикалық конструкцияларды дұрыс орнымен қолданады және мұның себебін түсіндіре алмайды. Б. В. Беляев адамдардың мұндай типін " интуитивті-сезгіш " деп атаған / 1 /. Мұндай тип өкілдерінде есту арқылы есте сақтау жақсы дамыған және олар ауызша сөйлеудің стереотиптерін тез меңгереді, шет тілін меңгеру оларда тілдік сезгіштігімен байланысты болады / 1 /. Алайда психология ғылымында тілдік сезгіштік деген нақты ұғым мен оның анықтамасы берілмеген. Дәстүрлі түрде бұл ұғым интуитивті компонент ретінде қарастырылады. Тәжірибе барысында біз техникалық оқу орындары студенттеріне ұстамдылық, тұйықтық тән екендігін байқадық. Бұл әрине шет тілі сабақтары барысында кедергілер келтіріп отырды. Мәселен, фонетикалық
жаттығулар, диалогтар және рөлдік ойындар олардың тарапынан күлкі, ұялу сезімдерін тудырды, олар өз топтастарының алдында күлкілі болудан қорқатыны байқалды. Ал филолог студенттерге болса, керісінше тапсырманың мұндай түрлері ұнайды, себебі бұл тапсырмалар барысында олар өздерінің әртістік қабілетін шыңдап, қарым-қатынасқа түсу үшін тәжірибе жинақтайды. В. Н. Куницынаның зерттеулері бойынша ұяңдық, бөлектену, интроверттілік, аса жоғары сезімталдық оқыту процесіне недәуір кедергілер келтіреді. Қарым-қатынас барысында авторитарлы, агрессивті, кикілжіңге жиі түсетін адамдарда қиындық туады / 2 /. Сондай-ақ өзін-өзі төмен бағалау, тұйықтық, пассивтілік шет тілін оқыту процесіне кедергі келтіреді. Шет тілінің оқыту мақсаттары жөнінде айта кетсек, А. Н. Щукиннің пікірінше шет тілін оқытудың ең түпкі мақсаты тілді таңдаған мамандық бойынша шет тілі өкілімен қарым- қатынас кезінде қосымша ақпарат ала алатындай практикалық деңгейде меңгеру болып табылады. Бұл жағдайда оқу әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Филолог студенттер шет тілін меңгерудің түпкі мақсатына жету үшін, аз дегенде өз ойын білдіру үшін түпнұсқадағы әдебиетті оқып аударады және т. б соған сәйкес әрекет етеді. Сондықтан ол студент өз мақсатына жету үшін көптеген жазбаша, ауызша жаттығуларды орындап, кітап-журналдар оқып, интернет ресурстарынан ізденіп, шет елдік қоғамдық желілерден достар тауып олармен араласып тұруға тырысады. Ал оқу орнына техникалық болашақ машина, станок жөндеушілері, газбен пісірушілердің жоспарына шет тілін оқу кірмейді. Шет тілін меңгеруде мотивацияның маңызды орын алатына анық. М. Сиуган және У. Ф. Макки шет тілін меңгеруде мотивацияның 2 түрін көрсетеді: оның өзіне пайдасы тиетінін білу және сол тілде сөйлейтіндердің интеграциясына кіруге ұмтылу / 3 /. Аталып кеткен 2 мотивацияның айырмашылығына қарамастан олар тығыз байланысты. Мотивацияның қалыптасуы тұлғаның әр түрлі ерекшеліктеріне, жас кезеңдеріне байланысты. тұлғаның даму кезеңі барысында басымдықтар мен ұстанымдар өзгеруі мүмкін. Мотивацияның қалыптасуына гендерлік ерекшеліктерге де байланысты. Студенттік жас( 18-25) қалыптасу кезеңінің бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезеңге тұлғаның тұрақты қасиеттерінің қалыптасуы, психикалық процестердің тұрақтануы, интеллектуалды белсенділігінің жетілуі, өмірлік позицияның қалыптасуы тән. Ал колледж студенттері әлі де болса( 1-2 курс) мектеп оқушылары сияқты өтпелі кезеңдегі шақта. Зерттеу барысында анықталғаны әр бір студент үшін, оның жынысына, оқу курсына не болмаса жасына қарамастан ол үшін шет тілін үйренудің басым мотивтері мамандығымен байланысты( сауалнамадан алынған студенттер цитаталары): " Қазіргі заман талабына сай
56