¹ 3-4( 11) 2016 Ïåäàãîãèêà
СЕРИКБАЕВА МЕРУЕРТ ШАРИПХАНОВНА
Семей қаласының № 21 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
ТУСУПОВА АЙГУЛ РАХЫМБЕКОВНА
Семей қаласының № 8 көркемдікэстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
ИРБАЕВА НАЗЫМ МАҚСАТОВНА
Семей қаласының № 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Мақала орта мектеп мұғалімдеріне топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдері тақырыбында тренинг( коучинг) өткізудің конспект-жоспарын ұсынады. Ұсынылған жоспарды орта мектеп әдіскерлері өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Статья представляет собой план-конспект тренинга( коучинга) для преподавателей средней школы на тему организации и проведения групповых работ. План-конспект будет интересен методистам средних школ.
An article represents itself a plan-synopsis of training( coaching) for secondary school teachers on theme of organization and conducting group works. The plan-synopsis will be interesting for methodologists of secondary school.
" ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ " МОДУЛІ БОЙЫНША КОУЧИНГ
Біз ХХІ ғасыр- жаңа ғасырда өмір сүрудеміз. Сондықтан оқушыларды заман ағымына, заман талабына сай оқыту кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі- оқушылардың мағынаны ашып, түсініп, талдап, бағалай білу қабілеттерін, ойлау дағдыларын жетілдіру. Ал коучинг деген не? Коучинг- бұл әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диологқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. [ 1, 46б ] Коучингте мұғалімдер 7 модульдің негізгі идеяларымен: оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді, СТО, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, АКТ-ны, талантты және дарынды балаларды оқытуды, оқушыларды жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту тәсілдерімен танысады. Аталған тәсілдерді басшылыққа ала мектептегі мұғалімдер тобына " Іс-әрекетті зерттеуді тиімді жүргізудің негізгі факторы- бағалау " тақырыбында коучинг өткізілді. Аталған коучингтің негізгі идеясы: оқыту үдерісінде бағалау түрлерін, тәсілдерін ажырата білу, тиімді қолдана білу. Нәтижесінде мұғалімдер бағалау тәсілдерін өз тәжірибесінде тиімді қолдана білетін болады.
КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ
№
Коучингтің тақырыбы
1 Жалпы мақсаты
2 Күтілетін нәтиже
Іс-әрекетті зерттеуді тиімді жүргізудің негізгі факторы- бағалау
Практик-мұғалімдер бағалау аспектілерімен танысып, оқыту мен оқу тәжірибесінде өз әрекеттерін қайта ойластырып, оның нәтижелерін жүйелейді;
Мұғалімдер өзінің сыныптағы жұмысы тұрғысынан өз теориясын құрады;
3 |
Түйінді идеялар |
Формативті бағалау, суммативті бағалау |
компьютер, проектор, |
оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі |
4 |
Материалдар және ресурстар |
қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер, шоколадтар, конверт, қағаз ақша, түрлі түсті қағаздар, сандықша, қайшы, желім, микрофондар. |
38