Ïåäàãîãèêà
Кезекті зерттеу сабағын география пәні бойынша өтті.
Сабақтың тақырыбы "Сауыр-Тарбағатай тауы" деп
аталды. Өзімнің алдыға қойған Сабақтың мақсаты:
Сауыр-Тарбағатай тауын білу, Сауыр-Тарбағатай
тауының басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын
түсіну және табиғат байлықтарын өз қажетіне қолдану,
картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, топтық
жұмыс арқылы бірлесе шешім қабылдауға, белсенді
жұмыс жасауға жетелеу;
Осы мақсаттардан күтілетін нәтиже: Сауыр-Тарбағатай
тауын біледі, Сауыр-Тарбағатай тауының басты
ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсінеді, Сауыр
-Тарбағатай тауының басты байлықтарын өз қажетіне
қолданады, картамен жұмыс жасай алады.
Сабақ "сұрақ-жауап" әдісімен басталды. Үй
тапсырмасын (топ бойынша) "Сандар сыр шертеді", "Иә"
және "Жоқ" әдісі, картаға тиісті географиялық
аймақтарды орналастыру әдісі арқылы тексерілді. Ал
оның жауаптарының дұрыстығын жұптардың бірін-бірі
тексеруі арқылы айқындап берді. Сабақтың келісі
бөлімінде "Сауыр-Тарбағатай тауы" туралы бейнежазба
көрсетіліп, оқушылар сабақтың тақырыбын өздеріне
анықтады. Осыдан кейін жаңа сабақтың мақсатын
оқушылармен бірге айқындауда оқушыларға "Сауыр-
Тарбағатай тауы" тақырыбын өтпес бұрын алдарыңа
қандай мақсат қоясыңдар?" деген сұрақ қойылды.
Оқушылар "Сауыр-Тарбағатай тауы" туралы мәлімет
аламыз, географиялық орнын анықтаймыз, табиғат
зоналарымен, өсімдік, жануарларымен танысамыз,
сұрақтарға жауап береміз" деп өз ойларын білдірді.
Сабақты жоспарлау барысында "Оқушылар мақсат
қойғанда қинала ма екен, қалай жауап береді екен?"
деген күдік пайда болған. Бұл оқушылардың өздігінен
оқуға, реттелуге бейімделгені, дағдылана бастағаны
екенін аңғардық. Оқушыларыммен бірге сабақтың
мақсатын айқындап алғаннан кейін, 3 топқа тапсырма
бердім. Топтар өз тапсырмаларын постер арқылы
жеткізуге тырысты. Бұл тапсырманы оқушыларым сәтті
атқарып шықты. Олар бар күш-жігерін салып түсіндіруге
тырысты. Бұл тұста зерттеуге алған үлгерімі жақсы
оқушылардың белсенділіктері анық байқалды. (Талантты
және дарынды балаларды оқыту)
Оқушылар жаңа сабақты бір-біріне түсіндіріп жатқанда,
тапсырмалар орындаған кезде олардың жанына үлгерімі
жақсы оқушы сабақты талқылауда, достарына түсіндіруде
белсене жұмыс жасап жатқанын , оқушыларымның
мұқият тыңдап отырғанын, ұтымды сұрақтар дайындап
жатқандығы байқалды. Жаңа сабақты топта талқылап,
тақырыпты түсіндіруде ,бір-біріне сұрақ қоюда оқушылар
белсене қатысты. Яғни топтық жұмыстың пайдалы жағын
осы арқылы дәлелдеуге болады. Сыныптағы оқушылар
топта бағаланатын болғандықтан барлығы белсене жұмыс
жасауға тырысады. Белсенді оқушыға қарап өзін-өзі
реттейді. Өзіне сын көзбен қарауға үйренеді.
Ал енді сабақты қортындылау, бекіту ретінде "Кір
жаятын жіп" әдісі бойынша жаңа сабақтан алған жаңа
сөздерді жіпке ілгізу арқылы, оқушылардың білімдері
жинақталды. "Венн диаграммасы" әдісі арқылы
¹3-4 (11) 2016
оқушылар таулардың ұқсастықтары мен айырмашы-
лықтарын көрсете алды. Бұл тапсырмаға жауап беруге
барлық оқушылар талпынды, бірақ В, С деңгейлі
оқушыларға арнайы сұрақ қойылғанда олар
ұқсастықтарына жауап бергенімен, айырмашылық-тарын
түсіндіріп бере алмады. Көмекке басқа оқушылар келді.
Бірақ осы сабақ барысында В,С деңгейіндегі
оқушыларымның белсенділігі аздау болды. Келесі
сабақтарда әсіресе осы екі оқушыға көп көңіл бөлу
керектігін түйдік. Жалпы сабақта оқушылар белсене
қатысып, қызығушылық танытқаны байқалды.
Зерттеу сабағын математика пәнінен сабақ жүргізумен
жалғастырдық. Сабақтың тақырыбы:
"Квадрат
теңсіздіктерді шешуге есептер шығару"
Сабақта 7 модульді ықпалдастыра отырып, топпен
жұмыс жүргізілді.Топқа оқушылар квадрат теңсіздіктердің
түрлеріне байланысты біріктірілді. Психологиялық
жағымды ахуал туғызу мақсатында топ мүшелері бір-
біріне жақсы тілек тіледі. Топқа бөліну арқылы квдрат
теңсіздіктердің түрлерін еске түсірді. Алгебра пәнін оқу
оқушылардың қызығушылығымен байланысты болса,
бұл оқушылардың ойлауын дамытуға, жаңа немесе түрлі
дерек көздерін интернет жүйесінен алуға мүмкіндік
жасайды . АКТ-ны тиімді қолданып оқытудың мақсаты -
оқушының пәнді жан-жақты, терең түсіну қабілетін
дамытып, кез-келген жағдайда алған білімін тиімді
пайдалана білуіне септігін тигізу. Сондықтан сабақты
АКТ-ны қолдана отырып сын тұрғысынан ойлаудағы
Блум таксономиясы арқылы жүргізуді тиімді деп шнштік.
Білу деңгейінде "Конверттегі хат" стратегиясы бойынша
квадрат теңсіздік анықтамасын,түрлерін еске түсірді, В
деңгейдегі оқушы конверттегі сұраққа жауап берді. Ал
түсіну сатысында постерді қорғ ау арқылы квадрат
теңсіздіктерді шешудің тәсілдері туралы не
білетіндігін,парабола әдісі мен интервалдар әдісінің
ерекшеліктерін, ұқсастықтарын айтты.
Қолдану
деңгейінде "Қатесін тап" тәсілін пайдаланып ауызша
есептер шығарту арқылы оқушылардың сөйлеу
дағдысын, байқағыштық қасиеттеріне басымдық жасадық.
Тақтаға есеп шығарту арқылы оқушылардың есептеу
дағдыларын арттыруды көздедім,оқулықпен жұмыс
болды. А деңгейлі оқушы тақтада есепті орындады,
есептің шығарылу жолын түсіндіріп берді.Талдау
деңгейінде есептерді шығару барысындағы тиімді
тәсілдер қарастырылды, оқушыларға деңгейлік
тапсырмалар беру арқылы өз мүмкіндіктерін байқап,
дұрыс шешім қабылдауға, өздерінің білім деңгейлерін
шынайы саралауға мүмкіндік берілді. Сабақта формативті
бағалауды,критериалды бағалауды пайдаландым. Кері
байланыс "3 минуттық үзіліс" стратегиясын қолдану
арқылы жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған тәжірибе
менің оқу мен оқытуға көзқарасымызды өзгертті. Сабақ
беруде жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалана білу, дұрыс
жоспар құру оқушыларды ынталандырып, өзара қарым -
қатынастарының жақсаруына, өзін - өзі дұрыс бағалауына
, өздігінен білім алуына мүмкіндік береді, сыни тұрғыда
ойлауын жетілдіреді.
Зерттеу сабақтарынан көріністер:
35