EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 36

¹ 3-4( 11) 2016
Ïåäàãîãèêà
Қол жеткізген дағдылар оқыту жүйесінде оқушылардың қажеттілігіне, заман талабына сәйкес оң нәтижесін көрсетеді. Пәнді тереңдете оқуға қызығушылығы артады; Білім сапасы артады.
34
Пәні
Физика
Қазақ тілі І. ІІ. ІІІ.
География І. ІІ. ІІІ.
Математика І. ІІ. ІІІ.
Кезеңд ері І. ІІ. ІІІ.
Іс-әрекет
Жауапты мұғалім
Бақылаушы мұғалімдер
Жоспарлау
Омарханова Ш. Л.
Тусупова А. Р.
Өткізу
Батталова Ғ. Ә.
Талқылау
Разина Қ. М.
Мұқатаева А. Қ.
Жоспарлау Өткізу Талқылау
Жоспарлау Өткізу Талқылау
Жоспарлау Өткізу Талқылау
Тусупова А. Р. Разина Қ. М. Омарханова Ш. Л. Батталова Ғ. Ә. Мұқатаева А. Қ.
Разина Қ. М. Омарханова Ш. Л. Бұянбаева А. Ә. Мұқатаева А. Қ. Тусупова А. Р.
Батталова Ғ. Ә. Тусупова А. Р. Мұқатаева А. Қ. Айтказина А. Омарханова Ш. Л.
Мониторинг
Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс Пікірлер Рефлексия Оқушылармен сауалнама Кері байланыс
№ 8 мектеп-кешені 8 " А " сыныбында жүргізілген зерттеу сабақтарына рефлексивтік есеп
8а сыныбындағы зерттеу сабағын өткізуді физика пәнінен бастадық.
Сабақтың тақырыбы: "№ 4 практикалық жұмыс. Электр тізбегін есептеу ".
Ең бірінші оқушылардың барлығының сабаққа құлшыныстары мен қызығушылығын ояту, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету, топпен жұмыс жасауға, бір-біріне ықпалдасып жұмыс жасауға үйретуді алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ сабақ барысында үш деңгейдегі оқушылармен жұмыс жасау жолдарын қарастырдық. Нәтижесінде А деңгейлі оқушының тобындағы оқушылардың көп қатысуын қадағалаймын деп өзін ұмытып кететіні, өзінің көшбасшылық рөлін толық түсінбейтіні байқалды. Ал сабақта зерттеудегі В оқушы белсенділік танытып, топпен де, жеке де табысты жұмыс жасағаны байқалды. С оқушы приборлармен жұмыс істегенде, тәжірибе жасағанда қызығатыны, әсіресе жұппен жұмыс жасағанда тапсырмаларды біршама жақсы орындайтыны байқалды. С деңгейлі оқушы өзі эсперимент жасап, оның нәтижесін түсіндіріп, байқаған құбылыстан қорытынды жасай білетіні сәтті болды. Сондықтан әдіс-тәсілдер ұтымды алынған, келесі сабақтарда С деңгейлі оқушының топта еркін жұмыс жасауына мүмкіндік жасау, А деңгейлі оқушының белсенділігін арттыруға көңіл бөлуіміз керек деген шешімге келдік. Таңдаған әдіс-тәсілдеріміз де тиімді болып, барлық оқушылар белсене қатысты. Екінші зерттеу сабағы қазақ тілі пәнімен жалғасты. Сабақтың тақырыбы: " Құрмалас сөйлемнен өткенді пысықтау ". Сабақтың мақсаты: құрмалас сөйлем, оның түрлері, мағынасы, жасалу жолдары туралы алған білімдерін пысықтап, құрмалас сөйлем туралы өз ойларын түсіндіре алады.
Сабақты " шашылған " өлең жолдарын құрастыру арқылы топқа біріктірілді. Қызығушылықты ояту сәтінде кластер әдісі қолданылды. Оқушылар салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлемнің түрлерін жіктеді. Топтық жұмыс оқушылардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуіне, өз ойларын еркін жеткізуіне, сыныптастар арасындағы қарым-қатынастың артуына оң әсерін тигізді. Осы жұмыс барысында С деңгейлі оқушы өз мүмкіндігіне қарай белсенділік танытты, оны бақылаушы әріптесіміз де сабақты талқылау барысында атап өтті. Сабақтың келесі кезеңі жұптық жұмыспен ұйымдастырылды- " Rally Robin " әдісі, жұппен жұмыс " артығын тап ". Оқушыларға 4 сөйлем жазылған карточкалар таратылады, әр оқушы тақырыпқа байланысты дұрыс емес жауапты дәптеріне жазады. Жұбымен карточкамен ауысады. Жұбы тағы бір артық сөйлемді дәптеріне жазады, соңынан жұптасып талқылап, екі дұрыс жауаптың қалу себебін түсіндіреді. Осы кезеңде сыныптағы барлық оқушы тапсырмамен қамтылды, біршама оқушылардың жауаптары тыңдалды. Кейбір төмен деңгейлі оқушыларға жұптарының көмектескені көрініп тұрды, дегенмен олардың дұрыс жауап беруге талпынуының өзі- әдістің оңтайлы қолданылғаны. Сондықтан жұптық жұмысты ұйымдастыруда осындай әдістерді қолданудың тиімділігін түсіндім. В деңгейлі оқушы сабақтың осы кезеңінде нақты, толық жауап беруге тырысты. Ақмарал жекелей тапсырмалар орындағанды жақсы көреді, топтық жұмыста өзінің мінезінің ұяңдығынан өз қабілетін толық көрсете алмайтынын аңғардық. Жекелей тапсырма берілсе, жауапкершілікпен орындайды және ойын ашық, түсінікті жеткізе алады. Сабақтың келесі кезеңі- ой толғаныс кезеңінде РАФТ әдісін қолданылды. Рөл- қарағай Аудитория- адамзат Форма- монолог Тақырып- экология Оқушыларға " Қарағайдың мұңы " деген тақырыпта монолог жазу тапсырылды. Осы кезеңде орта деңгейлі оқушының шығармашылық жұмысы көпшіліктің көңілінен шықты және сабаққа қатысып отырған мұғалімдердің қолдап қол соғуы да оқушыны шабыттандырып, қолпаштағандай болды.
Сабақты " Серпілген сауалдар " ойынымен қорытындыладық. Ойынды А деңгейлі оқушы ұйымдастырды. Сұрақты оқушы өзі құрастырып әкелді. Айгерімнің сыныптастарынан жауап алу барысында сыныптастары үшін жауапкершілікті сезінгені, жанашырлығы ерекше көрініп тұрды, мұны бақылаушы пән мұғалімдері де атап өтті.
Зерттеу сабағы барысында алдағы уақыттағы істәжірибемде оқушылардың сөйлеу және тыңдау дағдыларымен, тіл жұтаңдығымен, балалардың өз ойын дәлелді жеткізуге машықтандыру керектігін түйдік.