EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 35

Ïåäàãîãèêà
¹ 3-4( 11) 2016
ОМАРХАНОВА ШЫНАРГУЛ ЛАЗЕТБЕКОВНА
Семей қаласындағы № 8 көркемдікэстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің физика пәні мұғалімі
ТУСУПОВА АЙГҮЛ РАХЫМБЕКОВНА
Семей қаласындағы № 8 көркемдікэстетикалық білім және тәрбие беру мектепкешенінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
РАЗИНА КУРАЛАЙ МУРАТОВНА
Семей қаласындағы № 8 көркемдікэстетикалық білім және тәрбие беру мектепкешенінің география пәні мұғалімі
БАТТАЛОВА ҒАЛИЯ АЛИМГАЗЫЕВНА
Семей қаласындағы № 8 көркемдікэстетикалық білім және тәрбие беру мектепкешенінің математика пәні мұғалімі
МУКАТАЕВА АЙГУЛ КАЗТАЕВНА
Семей қаласындағы № 8 көркемдікэстетикалық білім және тәрбие беру мектепкешенінің математика пәні мұғалімі
Мақала орта мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасы мен үлгерімін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның бірлескен мониторинг жұмыстарын жүргізу мәселелеріне арналған. Авторлар " Lesson study " тәсілінің негізінде өздері жүргізген сабақтарды талдау тәжірибелерімен бөліседі.
Статья посвящена вопросам совместного мониторинга, осуществляемого педагогического коллективом средней школы в целях повышения мотивации учащихся и улучшения их успеваемости. Автор статьи делятся собственным опытом по анализу проведенных ими уроков посредством методики " Lesson study ".
The article is devoted to the issues of joint monitoring carried out by a team of high school teachers in order to increase the motivation of students and improve their academic performance. The author share his own experience on the analysis carried out using the lessons of " Lesson study " techniques.

LESSON STUDY ТӘСІЛІ- ТӘЖІРИБЕДЕ

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Мұғалім еңбегінің негізі сабақты түрлендіріп өткізіп оқушы жүрегінен жол табу. Орыс ұлы педагогы К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп ескі бір сарынды сабақтардың орнына жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды қолданып білім беру жүйесін жандандыру. Бұл жөнінде ХХ ғасырдың басында М. Жұмабаев " Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі,,," деген еді.
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл- Lesson Study. Lesson Study- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Зерттеу сабақтарына жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study кезеңдерін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап ұйымдастыратын мұғалімдердің зерттеу тобын құрдық. Топ мүшелері: Тусупова. А. Р.( қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Омарханова Ш. Л.( физика пәні мұғалімі), Разина Қ. М.( география пәні мұғалімі), Батталова Ғ. А.( математика пәні мұғалімі), Мұқатаева А. Қ.( математика пәні мұғалімі). Сабақты зерттеу жұмысының жоспары Тақырыбы: " Оқушылардың мағынаны ашып, ойлау дағдыларын жетілдіруде зерттеушілік әңгімені істәжірибеде қолдану тиімділігі "
Өзектілігі: 8 " А " сыныбында кейбір оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігінің төмендеуі, нәтижесінде білім сапасының төмен нәтиже көрсетуі
Мақсаты: өзара іс-әрекет жасау арқылы бірлескен жұмыс нәтижесінде соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге оқушылар өзара ықпал етеді. Міндеттер: Мәселені талқылау үшін зерттеу тобының алғашқы отырысын өткізу( нені жақсарту керек?); Бірінші зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құру; Оқушыларман сауалнама жүргізу; Бірінші сабақтың нәтижесін талқылау және екінші сабаққа бірлесе жоспар құру, Сабақ өткізу және А, В, С оқушыларын бақылау; Бірлесе отырып сабақтың нәтижесін талдау. Күтілетін нәтиже:
33