EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 34

¹ 3-4( 11) 2016
сүюге, ар-намысын қорғауға, және т. б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде бұрынғы өткен атабабаларымыздың, алдымыздағы аға-апаларымыздың ерліктерін, өнегелі істері, ел үшін жасаған жақсылықтары, еткен еңбектерін дәріптеу- қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі. Оқушы жастардың патриоттық тәрбиесі Қазақстанның әйгілі, ұлы адамдарының өмірлік іс-әрекеттерін үлгі етуден басталуы тиіс. Өз өмірін қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін құрбан еткен халқымыздың ұлы батырларының ерлігі болашақ жастарға үлгі, сабақ болуы тиіс. Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен мәдениағарту саласының тарихын, құнды жәдігерлер, мәдени мұраларды жинақтау, сақтау, насихаттау
Ïåäàãîãèêà
жұмыстарымен айналыса отырып музейлер руханимәдени және білімдік-тәрбиелік орасан зор әлеуетке ие. Осы ақпараттық әлеуетті тиімді пайдалану арқылы патриоттық рухы асқақ, азаматтық сана-сезімі биік, рухани-адамгершілік құндылықтары жоғары тұлға ретінде жастарға тәрбие беру мектеп мұражайларының басты міндеті [ 3, 35 б.].
Сонымен музей болашақта ашық білім беру кеңістігіндегі басты тәрбие орталығына айналдыру мәселесінің күн тәртібіне қойылатын кезі келді. Музейдің жас ұрпаққа Мәңгілік Елдің құндылықтарын бойына дарыту жолында көркемдік-эстетикалық тәрбие бере отырып, тұлғаны қалыптастырудағы маңызды білім мекемесі болумен қатар, ерекше ғылыми-зерттеу, мәдени институты ретіндегі рөлі зор.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Тойлыбаева Ұ. Мұражай ісі- танымға жол // Мәдени мұра.- 2013.- № 1. 2. Оспанова Ә. Мектеп және мұражай педагогикасы // Қазақ тарихы.- 2009.- № 1. 3. Мұхамединова Н. А. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мұраларындағы ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.- Алматы, 2006.
32