Ïåäàãîãèêà ¹ 3-4( 11) 2016
ЕСЖАНОВА ГҮЛНАРА БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ
ҚР Ұлттық музейінің кіші ғылыми қызметкері
Кез-келген қоғамның ұйысып өмір сүруі мен жағымды қоғамдық қатынастар қалыптастыра алуы сол ортаның парасатық таным-түсінігімен өлшенетіні белгілі. Ол дегеніміз қоғамды құрайтын адамзаттың өзі өмір кешіріп отырған мекені, ел-жұрты, салт-санасы мен құндылықтар жүйесі. Дәл осы мақсатта жұмыс жасайтын қоғамдық мекеменің бірі музей деуге болады.
Алайда бүгінгі күні Қазақстандағы музейлердің білім мекемелерімен байланысы айтарлықтай жолға қойылмаған. Бар болғаны жылына бір рет жергілікті музейге барып аралап қайтатыны болмаса, ғылымишығармашылық байланыс орнатып, үнемі байланыс жасайтын оқу орны да оған құлықты музейер де кемдекем. Оның да өзіндік себеп-салдары бар. Мәселен қазіргі таңдағы музейлердегі, әсіресе облыстық, аймақтық, жергілікті музейлердің материалдық, техникалық әлеуеті өте төмен деңгейде қалып отыр. Соның салдарынан көпшілік музейлер әлі күнге дейін кеңестік дәуірден қалған жәдігерлермен, ескі-құсқы жиһаздармен жабдықталған күйінде тұр. Көпшілік музейдің ғылымизерттеу бөлімдері жоқтың қасы. Мұның барлығы музей ісіндегі шешімін күткен түйіткілді мәселелер. Оның сыртында музейді білім беру саласында оңтайлы пайдаланудың әсері айрықша.
Қазіргі заманауи жағдайда білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен, ақпарат көлемінің? р түрлілігімен анықталады. Т? уелсіздік алған жылдардан бері егемен еліміздің, қоғамымыздың? леуметтік-саяси ж? не басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі- білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен т? рбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласынада түрлі мәнге ие болуы тиіс. Бүкіл? лемдік білім беру кеңістігіндегі ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған м? селелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Бұл бағытта музейлердің атқаратын ролі жоғары екендігін атауымызға болады [ 1, 13 б.].
Қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістікте музейлердің рөлі олардың білім беру қызметінің кең көлемде таралуымен және тереңдігімен ерекшеленеді. Қоғамның сұранысына сай музейлердің ақпараттық әлеуеті, олардың рухани және материалдық құндылықтардың түпнұсқасын сақтаумен және оны келешек ұрпаққа жеткізуі кәсіби қызметімен сәйкес келеді. Музейдің білім беру үдерісіндегі негізгі мақсаты- тұлғаның сол кезеңдегі тарихи-мәдени кеңістіктегі танымын арттыру. Музей қойылымдарындағы көрнекіліктер ұлттық мұрамұрағаттарды халыққа насихаттау арқылы рухани құндылықтарды қадірлеу, отансүйгіштік, адамгершілік
Мақалада қазіргі мұражай ісі саласында қалыптасқан ахуал мен мұражайларды ашық білім беру кеңістігіндегі басты тәрбие орталықтарының біріне айналдыру мәселелері қарастырылған.
Статья освещает нынешнее положение дел в музейном деле и перспективы развития музеев как неотъемлемой части открытого учебного пространства.
The article elucidates current situation in museology and perspectives of development of museums as an integral part of the open educational space.
ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МУЗЕЙДІҢ МАҢЫЗЫ
деген сияқты баға жетпес құндылықтарды қалыптастыру мақсатында қызмет етеді. Мәдени- білім беру және ағарту бағытында ғылыми-ағарту музейлері кең ауқымда көпшілікке қолжетімді болып келеді. Білім беру мекемелеріндегі оқу музейлері туған жерді терең, жанжақты тани түсуге көмекші құрал болып табылады. Қазіргі жаҺандану заманында білім беру мекемелерінде адамзаттың рухани құндылығын сақтауға өз ықпалын тигізетін музейлердің рөлі маңызды. Музейлер әр типте боғанымен ортақ мақсатта қызмет етеді. Яғни, жас ұрпақты рухани тұрғыда бай мұрамен қаруландыру [ 1, 52-54 б.].
Қазіргі кезде елімізде мұражай- ғылымның, білімінің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылымитанымдық бағытта қызмет атқаратын өз алдына дербес мекеме. Музей- тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т. б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқарады. Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Ол ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ халқының болмыс-бітімін, асыл мұраларын, ұмыт болған тарихын қазіргі ұрпақтың жадында жаңғыртатын, санасына сіңіретін, сонымен қатар, ел тарихын барша әлемге паш ететін, шет елден келген қонақтарды өзінің әсемдігі мен жүйелілігі арқылы таңқалдыратын механизмнің бірі- музей болып табылады. Музей- өзінің жаратылысы жағынан ғылыми-зерттеу және мәдениағарту мекемесі болып табылады. Адамдардың бұл күнде тарихқа ден қоя зер салуы артқан жағдайда музей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр. " Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың "- деген өткен халымызды ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейкесті сауалдарына жауап іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдылықтарын түсінгісі келеді. Таным дүниесіне осылайша қарасақ, музей өткен мен болашақты жалғастырушы түйін болып табылады [ 2, 24 б.].
Музейдің негізгі мақсаты- жас буынның отбасы, атаана, қоғам, отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, туған өлкенің табиғи байлықтарын сақтап құрметтеуге үйрету, еліміздің өткені мен бүгініне құрметпен қарау, адамгершілік-эстетикалық мәдениеті жоғары, ой-өрісі биік азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету. Музейдің негізгі міндеттерінің бірі жастарға патриоттық тәрбие беру. Патриотизмге тәрбиелеудің негізгі көздеген мақсаты- өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын
31