EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 32

¹3-4 (11) 2016 Ïåäàãîãèêà Соның негізінде математика, қазақ тілі, орыс тілі және биология пәндері мұғалімдері ұйымдасып сыныптың білім деңгейін көтеру мақсатында сабақты зерттеу негізінде 4 зерттеу сабағы берілді және білім деңгейіне байланысты А, В, С оқушылары таңдап алынып, өткізілетін пәндер анықталды. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып жоспар құруды жүзеге асыра бастадық. Әрбір жоспарланған отырыстарда сабақтар талданып, келесі кезеңге өз барысымен жұмыстар жүргізіліп отырды. Іс-шара барысындағы кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе отырып ыждахаттылықпен жұмыс жүргізілді. Оқушылардың пікірін ескере отырып қойылған мақсатымызға жеттік. Берілген зерттеу сабақтарының нәтижесінде: С деңгейлі оқушының өзіне деген сенімділігін арттырдық. В деңгейлі оқушы өз деңгейінен ілгерлеушілік байқалды. А деңгейлі оқушыдан көшбасшылық қасиетін анықтадық және білімінің бұрынғыдан оңтайланғанын байқадық. 30