Ïåäàãîãèêà
¹3-4 (11) 2016
Көріп отырғаныңыздай, "төменгі" топта "теріс" пікірлердің саны көп. Демек, "ғылымдардың патшасына" деген
қызығушылықтың өшуі немесе бәсеңдуі сонау бастауыш сыныптан бастау алатынына № 1, 6-шы сұрақтың нәтижелері
айқын дәлел деген тұжырым жасай аламыз. Бірақ бұл деректеме "төмен" топтардағы балақайлардың математикаға
көзқарасы да сондай "енжар" деген сөз емес. Оған айғақ - № 2, 9-шы сұрақтың жауаптары, яғни "орта" және
"төменгі" топтар осы № 2, 9-шы сауалдарда "екі жоғарғы" топтан мығым түскен. Біздің көңілімізде күдік тудырған да
- осы екі сұрақ. Себебі, "ылғида математиканы жақсы оқыған", "әр адам математиканы міндетті түрде оқуы керек"
деп бек түйген, "жанұясында жоқ дегенде бір адам математикадан жақсы" болған, "судоку секілді ойынды рахаттана
ойнайтын", "болашағы үшін математикалық білімім жеткілікті" деп нық сеніммен жауап беріп отырған "жоғары топ"
оқушылары, дәл осы екі сұрақты, яғни "математиканы маңызды" деп танымауы және "болашағы үшін математиканың
еш маңызы жоқ" деп білуі, олардың математикаға қызығушылығы өзге екі топтан "артық" деген пікірді теріске
шығарып тұр.
Бұл сұраққа да жауап таптық. Жоғарыдағы аталғандардан кейін, мұғалімдермен мынадай бағыттарда қысқаша
сұхбаттар жүргізілді: а) мұғалімдерге сауалнамалық зерттеудің нәтижелеріне қатысты пікірлерін білдіруге мүмкіндік
берілді; ә) қордаланған мәліметтерді интерпритациялау үшін пән мұғалімдерінен сыныптың хал-ахуалы жайлы
қосымша ақпараттар мен пікірлер алынды; б) 4 апта бойына зерттеу жүргізілген топтардың сабақтарына қатынастық.
Сонымен қорытынды ой:
1) "төмен" деңгейлі топтарда мұғалімдер оқушыларға өздерінің пәндерінің қаншалықты "маңызды" екенін және
сол "пәнді" оқушылар оқымаса, онда өмірде көп нәрседен "құр қалатынын" бір сабақта бірнеше мәрте қайталап
айта беретініне көз жеткіздік. Сыни ойлауы төмен оқушылар мұғалімнен "естігенін" ғана жазатын көрінеді;
2) сонымен қатар, "төмен" деңгейлі топ оқушыларында "қозғалыс" жоқ. Жыл бойына аталған сыныптарды зерттеу
кезінде, тоқсандық үлгерімдері бойынша белсенді оқушылардың "орта" топтан "жоғары" топқа, немесе керісінше
ауысулар болғанын көзіміз шалды. Ал "төменгі" топтарда қандай да бір өзгеріс (ілгерілеу не кейіндеу) орын алағнын
көрмедік. Бұл жерде айтпағымыз - комфортты зонаға үйренген оқушылар тоқсан соңында өзге (орташа, жоғары)
топтарға ауысуға талпыныстар жасамайтынына куә болдық. Себебі, "жоғары" және "орта" топтарда оқу
бағдарламасы бұл топтың бағдарламасынан өзгерек, талабы жоғарырақ [5]. Сондай-ақ, "төменгі" топтарда бала
саны өте аз, мұғалім тарапынан талап болғанымен, оны "құлағына қыстыратын" бала жоқтың қасы;
3) бастауыш сыныптан базалық білімнің дұрыс қалыптасуы қажет, яғни білім алуға деген құмарлықты оқушы
бойына бүлдіршін кезінен сіңіріп, қажетті білімді дұрыс алудың мәдениетін қалыптастыру керек;
4)
"жоғары" деңгейлі топтарда, яғни критикалық ойлауы жоғары оқушылармен жұмыс жасағанда, оларға
ненің "маңызды", ненің "маңызды емес" екенін мұғалім айтпайды, өздері шешеді. Бұл жайында "Британия
мектептеріндегі талаптар" деген мақаламда астын сызып көрсетіп кеткен болатынмын. "Тұманды елдің партасынан
тәлім алған түлек - сәттілік пен сәтсіздіктің өзіндік жауапкершілікке қалтқысыз бағынышты екенін әлдеқашан ұғып
қойған" [6]. Бұл орайда британдық мектептің тәжірибиелі ұстаздары: "талғамы биік, талабы таудай оқушыларды
қайталаумен қажалай бермей, шығармашылықтарын дамытатын шынайы өмір мен қоршаған ортадағы қызыты
дүниелерді (несиені есептеу, мүліктің бағалары, сәулетті ғимараттар т.с.с.) есептеуге үйретуіміз қажет, яғни пәнге
фанатизмдік көзқарас қалыптастыру керек" дейді.
Бұл - біздің шағын зеттеудің нәтижесі ғана. Мақала өз әрекетін зерттеп, шығармашылығын дамытам деп жүрген
әріптестерге оймақтай ой береді деген үміттеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Лапенко Л., "PISA в Казахстане: горькая реальность образования," 20 12 2011. [Онлайн]. Available: http://
cnoko.bbs-it.su/index.php?p=docs-view&s=F14D542892F13CE2&d=6C150BE39189347D. [Кірілген күн 03 2015].
2. "PISA 2012 results: The ABC of Gender Equality in Education: Aptitude, Behaviour, Confidence," OECD, 2012.
[Онлайн]. Available: http://www.oecd.org/pisa/keyfindings/pisa-2012-results-gender.htm. [Кірілген күн 03 2015].
3. C. Vanek, "Likert Scale - What is it? When to Use it? How to Analyze it?," SurveyGizmo, 24 04 2012. [Онлайн].
Available: https://www.surveygizmo.com/survey-blog/likert-scale-what-is-it-how-to-analyze-it-and-when-to-use-it/.
[Кірілген күн 02 2014].
4. "SPSS Statistics for Students: The Basics," Social Science Computing Cooperative, 5 11 2011. [Онлайн]. Available:
https://www.ssc.wisc.edu/sscc/pubs/spss_students1.htm. [Кірілген күн 01 03 2014].
5. "Edexcel GCSE Guidance on tiering: Which tier to enter?," Pearson Education Ltd 2015, [Онлайн]. Available: http:/
/qualifications.pearson.com/en/qualifications/edexcel-gcses/mathematics-a-2010/teaching-support/which-tier-to-
enter.html. [Кірілген күн Наурыз 2015].
6. Н. С. Чултуков, "Ұлыбритания мектептеріндегі талаптар", Ертіс өңірі, p. 10, 3 Ақпан 2016.
27