EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 30

Ïåäàãîãèêà ¹3-4 (11) 2016 Мақала орта мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасы мен үлгерімін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның бірлескен мониторинг жұмыстарын жүргізу мәселелеріне арналған. Авторлар "Lesson study" тәсілінің негізінде өздері жүргізген сабақтарды талдау тәжірибелерімен бөліседі. ТОЛЕУБАЕВА ГАУХАР ТОЛЕУБАЙҚЫЗЫ АЙТКАЗИНА АРАЙЛЫМ СЕРИКБЕКОВНА Семей қаласындағы №8 көркемдік- эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің биология мұғалімі Семей қаласындағы №8 көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Статья посвящена вопросам совместного мониторинга, осуществляемого педагогического коллективом средней школы в целях повышения мотивации учащихся и улучшения их успеваемости. Автор статьи делятся собственным опытом по анализу проведенных ими уроков посредством методики "Lesson study". The article is devoted to the issues of joint monitoring carried out by a team of high school teachers in order to increase the motivation of students and improve their academic performance. The author share his own expe- rience on the analysis carried out using the lessons of "Lesson study" techniques. ТӘЖІРИБЕНІ ЖАҚСАРТУДЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЖОЛЫ - САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY) 2015-2016 оқу жылында №8 мектеп-кешенінде деңгейлік сертификатталған мұғалімдердің ұйымдастыруымен "топтық жұмыстар арқылы оқушылардың коммуникативтік сауаттылығын арттыру" тақырыбында сабақты зерттеу іс-шарасы жүргізілді. Жалпы тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы - сабақты зерттеу (Lesson Studу) екендігін тәжірибе барысында көз жеткізуге болады. Мұғалім тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл арқылы жауапкершіліктері әр түрлі үш дең