¹ 3-4( 11) 2016
Ïåäàãîãèêà
Екі топтағы қыздардың ойлары № 8 сұрақта ғана түйіскен, және осы сұрақ бойынша қыздардың көрсеткіші ұлдардың жауабынан анағұрлым артық. Демек, математикалық білімдерін тереңдетіп, оны ары қарай дамытуға деген қыздардың құлшынысы зор екенін аңғарамыз. Ал керісінше, " жоғары топ " ұлдарының № 2, 3, 8-ші сұрақтарға берген мардымсыз жауаптары- олардың болашақ жайлы көп бас қатырмайтынын және бекер алаңдаушылыққа салынбайтынын аңғартады. Сондай-ақ, адам санының айқын басымдығына қарамастан, " төмен " топтағы ұлдардың № 7, 8, 9-шы сұрақтарға берген жауаптарының нәтижесі өте төмен. Есесіне, № 10-шы сұраққа: " менің болашағым үшін математикалық білімім жеткілікті " деп, сенімділікпен жауап берген. Сонымен, " жыныс " бойынша салғастырған екі деңгейлік топтың нәтижелерін біріктіріп, мынадай қорытындылар жасауға болады: 1) № 1-ші және 6-шы сұрақтан көргеніміздей, қабілеттіліктің өзегі- бастауыш сыныпта алынған білім, яғни ер балалар бастауыш мектептегі алған білімдеріне сенімділігінің арқасында, келешегіне деген қобалжушылық сипатқа(№ 8) бой алдырмайды;
2) жүргізілген зерттеудің нәтижесі, болжағанымыздай, ұл балалардың математикалық қарым-қабілеттері қыздарға қарағанда айтарлықтай артық екенін айқын көрсете алған жоқ.
2. " Деңгей " бойынша талдау Зерттеудің келесі өзекті сұрағы- " деңгейлік топтардағы " оқушылардың математикаға деген жалпы көзқарасын анықтау болған. Болжам: " жоғарғы " деңгейлі топ студенттерінің математикаға көзқарасы " өте жоғары " және математиканы оқуға қызығушылығы қалған екі топпен салыстырғанда анағұрлым " басым " болу керек. Бұл мәселені 2-ші диаграмма негізінде талқылаймыз.
2-ші диаграмма
Бар мәліметтерге қазақша нұсқадағы 3-ші кесте бойынша анализ жасап көрейік. Мұндағы шартты белгілер төменде өсу ретімен белгіленген: "- " < "?" < "!" < "- "
Сұрақтар |
I( 30) жоғары |
ІІ( 30) жоғары
Нәтиже
ІІІ( 29) орташа
|
IV( 25) төмен |
1 Бұрын мен ылғи жақсы бағалар алатынмын! +?- 2 Болашағым үшін математиканың орны зор деп ойлаймын-? +!
3 Меніңше, әрбір адам математиканы міндетті түрде оқу керек
4 Менің жанұямда, жоқ дегенде, бір адам математикаға жақсы
? +!-
+!-?
26
5 |
Менің достарымның көбі математикағы қызығады |
+ |
! |
? |
- |
6 |
Бастауыш мектепте мен математикадан жақсы болғанмын |
! |
+ |
? |
- |
7 |
Sudoku секілді математикалық ойындардан рахат табам |
+ |
? |
! |
- |
8 |
Мен математикадан жақсырақ болуды қалаймын |
? |
+ |
! |
- |
9 |
Көп адамдар математиканы « маңызды » деп санайды |
- |
? |
+ |
! |
10 |
Болашағым үшін менің математикалық білімім жеткілікті |
+ |
! |
- |
? |
|
3-ші кесте |
|
|
|
|