EURASIAN EDUCATION №3-4 2016 | Page 23

¹ 3-4( 11) 2016
Халқымызды " Жиен ел болмас, желке ас болмас " деген мақалға қарсы келетін " Жиен ер болар- малы болса, желке ас болар- майы болса " деген мақалдың мағынасы- жиенді, қанша бағып тәрбиелесең де, сіңбейді дегенді білдіреді. Нағашы жұрты, қанша жақсы болса да, жігітке өз елі ыстық әрі қымбат. Атасы мен жері, елі басқа болғандықтан, нағашы мен жиен бірін-бірі күндемеген. Ағайын арасының ұсақ кикілжіңі олардың арасында жат қылық саналады. Біріне бірінің құрмет пейілдері таза болған.
Жиын-тойларда ағайынның көмегі зор. Қазақ халқының салт-дәстүрлері ағайынсыз орындалмайды. " Туғаныңмен сыйласпасаң, кең дүниеге сыймассың ", " Ағайын бірде араз, бірде тату ", " Ырыс қашса да, туыс қашпайды " деген мақалдар ағайынның адам өміріндегі маңызды орнын көрсетеді. Қазақ халқында туыстық есеп еркектер тарапынан жүргізілгендіктен оның бабасынан бастап неменесіне дейін жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа толады. Ал жетінші ұрпақ қазақта " немен ", " шөпшек " атандыруы тегін емес. Айталық " немене " деген атаудың өзі не екені белгісіз деп сұрақ қойып, тұрған тәрізді, ал " шөпшекке " бұл атаудың мәні тіпті анық, Қазақ шөпшек деп ағаштың қурап, сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мәні жойылып, олардың арасында туыстық қырым-қатынас үзіледі деген ұғымды білдіретін тәрізді. [ 4, 39 б.]
Ағайын- туыс. Қазақ халқының салт-дәстүрлері ағайын-жекжатқа байланысты. " Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты " деген сөз туыстық қарым-қатынастың бағытын орынды көрсетеді. Қандай туыстар өз жұртын жеті ұрпаққа тартып, атайды. " Жеті атасын білген-жетімдіктің белгісі " деген қазақ халқы барлығына ат қойып, затына сай атай білген. Ата-ананы қастерлеу қазақ халқының өнегелік салты. Бұған байланысты халық аузында жүрген көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы: " Ата-ананың қадірінбалалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін-жалалы болғанда білерсің ". " Ата деген жігітті, " жаным " десе болмас па!". Бір ата-анадан туған ұлдар мен қыздар бірі аға, бірі іні, әпкелі-сіңлілі, қарындас болады. " Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар " " Ағаға қарап іні өсер, апаға қарап сіңлі өсер " деп тегін айтылмаған. Ағасының әйелі кішілеріне жеңге, үлкендеріне келін болады. Апаларының күйеуі кішілеріне жезде, үлкендеріне күйеу бала болады. Ағасының әйелі інісінің әйеліне абысын болса, кішісі- келін. Қазақ халқында кіші келіндері абысындарының атын атамай, " жеңеше " деп атайды. Келіндері ата-енесін және күйеуінің бауырларын атымен атамау салты бар. Оларға отбасындағы орындарына, мінез құлықтарына қарай ат қояды. Күйеулерінің атын көпшіліктің алдында атамай, " отағасы ", " біздің үйдің кісісі " т. б. осындай атаулармен атайды. Күйеуінің ағалары мен інілерін " қайын аға ", " қайын іні " деп атайды. Қарындастары мен әпкелері келінге қайын апа мен қайын сіңлі. Оларға " әпке ", қайын сіңлілерін еркелетіп " ерке қыз ", " сұлу ", " әдемі қыз " деген сияқты атауларды жеңге, келіндер шебер тауып қояды. Қазақ халқында туыстық атаулары өте көп. Бұндай атаулар туыстардың арасында жиі қолданылады. Бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар бір-біріне бажа болады. Әйелдерінің жасы кіші іні, сіңлісі мен туыстары балдыз деп аталады. Жезде мен балдыз арасындағы қарым-қатынастың өте қызық екені қалжыңдасқандарынан көрінеді. Балдызы қалжыңмен жездемнің құлағын бұраймын деп ойнайды. Бөле деп бірге туған апалы-сіңлі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауын айтады. Ерлізайыптылардың аталары, әкелері, үлкен ағалары туыс ағалары құда болады дағ аналары, әжелері, үлкен балалы-шағалы әпкелері құдағи болады. Іле-шатыстары бар құда адамдар құда-жекжат деп аталады. Құдаша мен құда бала деп ерлі зайыптылардың інілері мен сіңлі, қарындастары аталады.
Адамның өзінің бел баласы- ұлы мен қызы. Ұлдан туған бала- немесе, қыздан туған бала- жиен болады. Кейде немере жиендерін туған немерем немесе туған жиенім деп атайды. Осы немесе мен жиеннен туған ұрпақ шөбере және жиеннен туған жиеншар деп аталады. Бұл үшінші ұрпақ болып саналады. Төртінші ұрпақты немесе( шөпшек) және туажат дейді.
" Жігіттің үшінші жұрты нағашысы " делінген. " Балалығыңды сағынсаң- нағашыңа бар, жігіттігіңді сағынсаң-қайныңа бар " дегендей, нағашы жұртына жігіттің анасының туыстары жатады. Туыстық қатынасы жақын шағашылар- нағашы ата, нағашы әже, нағашы апа, шеше, нағашы аға мен жеңге, нағашы апа мен жезде, нағашы іні мен келін, нағашы қарындас пен нағашы апа, шешесінің сіңлісінің туған балалары бөлелер болып саналады. Бөлелер, егер шешесімен бірге туған қыздарын туса, туған бөле, ал нағашысының қыздарынан туса- немесе бөле делінеді.
Нағашы мен жиендер әрқашан бір-біріне батым болған. Қалжыңдасып ойнай білген. Жиені нағашысына: " Қырық серкешімді алуға келдім " деп, арнайы нағашылап барады екен. Қазақта " нағашылап келдің бе?", " жиендік жасайын деп жүрсің бе?" деген қалжың сөздер осыдан қалған. Төркіндеп келген шешесімен еріп келген кішкентай жиендеріне нағашыларының бәсіре мал атап, жас төлдерге ен салдыру салты болған. Бұл салт қазір де орындалады. Малды, дәулетті нағашылар ол төлдердің өсіміне тимей, жиені ер жеткенде енші қылып береді екен. Нағашыларының қолында тәрбиеленген жиендерін үйлендіріп, үйлі жайлы етеді.
Халқымызды " Жиен ел болмас, желке ас болмас " деген мақалға қарсы келетін " Жиен ер болар- малы болса, желке ас болар- майы болса " деген мақалдың мағынасы- жиенді, қанша бағып тәрбиелесең де, сіңбейді дегенді білдіреді. Нағашы жұрты, қанша жақсы болса да, жігітке өз елі ыстық әрі қымбат. Атасы мен жері, елі басқа болғандықтан, нағашы мен жиен бірін-бірі күндемеген. Ағайын арасының ұсақ кикілжіңі олардың арасында жат қылық саналады. Біріне бірінің құрмет пейілдері таза болған.
Жиын-тойларда ағайынның көмегі зор. Қазақ халқының салт-дәстүрлері ағайынсыз арындалмайды. " Туғаныңмен сыйласпасаң, кең дүниеге сыймассың ", " Ағайын бірде араз, бірде тату ", " Ырыс қашса да, туыс қашпайды " деген мақалдар ағайынның адам өміріндегі маңызды орнын көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Жігіттің үш жұрты: туыстық қатынастар хақындағы әңгімелер жинағы / құраст. Естенов А.-Алматы: Қайнар, 1994 ж.-191 б. 2. Ниязбеков М. Біз қалай туысамыз?- Алматы: Өнер, 1991 ж.-46 б. 3. http:// www. ethnonet. ru / ru / pub / 0504-02. html 4. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбек / Халел Арғынбаев.-Алматы: Қайнар, 1996 ж.- 285 б.
21