¹ 3-4( 11) 2016 Ýäåáèåòòàíó
ЖИЛКИБАЕВА ГАУХАР АЙТБЕКОВНА
Семей қаласының № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Әдебиет әлемінде ойып тұрып орын алатын, өшпес мұра қалдырған жазушы, тарихшы, драматург, аудармашы, белгілі абайтанушы Қайым( Ғабдұлқайым) Мұхамедханұлы 1916 жылдың 5 қаңтарында Семей қаласында дүниеге келген. 1924 жылы Жаңасемейдегі бастауыш мектепке оқуға түседі, 1932 жылдан бастап еңбекке араласа бастайды. 1935-1937 жылдары пән мұғалімдерін дайындайтын екі жылдық курста, 1937- 1939 жылдары Семей педагогика институтының филология факультетінде оқиды. Институтты үздік бітіріп, мұғалімдік қызметке сонда қалдырылады. Сол кезеңде Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайын құруға қатысып, оның алғашқы директоры болып қызметке тұрады.
Қайым Мұхамедханұлының тұңғыш шығармалары баспасөз бетінде 1935ж. жарияланады. Жергілікті газеттерде әдеби-сын түрінде сегіз мақала жазылып, 1939 ж. республикалық " Әдебиет және өнер "(№ 9) журналында " Абай атындағы Семей қазақ театрының шығармашылық жұмысы " туралы Е. Ысмаиловпен бірлесе отырып жазған мақаласы жарық көрді. 1937-1940 жж Қ. Мұхамедханұлының 13 мақала, 20 өлең, 2 поэмасы басылып шығады. 1940 жылдан бастап Жазушылар Одағының мүшесі Қайым Мұхамедхановты оқырман қауым ақын ретінде жақсы біледі. Оның " Ұстазыма ", " Сүйемін, Отан-анамды ", " Туған жерге " өлеңдері- асқақ та асыл сезіммен кестеленген ақындық күш-қуатының шынайы көрінісі.
Жазушы Мұхамедханұлының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургиядан: " Перне " / 1944 /, " Майданнанмайданға " / 1947 /, " Комиссар Ғаббасов " / 1960 /, " Ер Білісай " / 1974 / атты туындылары- қоршаған ортадағы түрлі тартыстарды көрермен назарына қалтықсыз жеткізген сүбелі дүниелер. Олар әр кез республикалық, облыстық театрлар сахнасында күні-бүгінге дейін қойылып келеді.
Қайым Мұхамедханұлы- түпнұсқа иесінің ойын тереңнен танып, тебірене толғайтын шебер аудармашы: әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың " Аршин мал алан "( 1941, татар жазушысы Ш. Камалдың " Хажы әпенді үйленеді "( 1967) пьесалары, татар поэзиясының классигі Ғ. Тоқайдың өлеңдері, сондай-ақ Н. Карамзиннің " Сормаңдай Лиза " хикаятын өлеңмен аударып, әдебиетіміздегі аударма жанрының дамуына үлкен үлес қосқан. Қайым Мұхамедханұлының ғылыми еңбегінің басты
22
Мақала әдебиеттанушы ғалым, жазушы, ақын Қайым Мұхамедханұлының өмірі мен шығармашылығына арналады. Автор Қайым Мқхамедханұлының шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне шолу жасайды.
Статья посвящена жизни и творчеству ученого литературоведа, писателя и поэта Каюма Мухамедханова. Автор статьи делает обзор творчеству и общественной деятельности Каюма Мухамедханова.
The article is devoted to the life and works of literary scholar, writer and poet of Kayum Mukhamedkhanov. The author provides an overview of the creativity and social activities of Kayum Mukhamedkhanov.
ОЙЫ ҰШҚЫР, РУХЫ БИІК, ЖАНЫ ТАЗА( ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ)
бақыты ұлы Абайдың өлмес те, өшпес мол мұрасын зерттеумен байланысты. 1939 жылдан бастап, ол ұлы ұстазы М. Әуезовтің ақыл кеңесімен жас кезінен бастап, Абайдың ақындық мектебін зерттеумен айналысқан. Бірақ, өкінішке қарай, кандидаттық еңбегі тәркіленіп, сотталып кете барған. Алайда, қайтпас қайсар Қайым жасымаған. Соның айғағы ретінде, Абайдың ақындық мектебі туралы том-том кітаптары дәлел бола алады. Ал, Егемен ел атанып, Тәуелсіздікке қол жеткізген шақта кешегі Алаш көсемдері туралы өндіртіп жазған да осы Қайым еді. Соның басым бөлігі Семейдегі республикалық Абай қоры мен Алматыдағы " Атамұра " баспасының қамқорлығымен " Абайдың ақын шәкірттері " және " Абай мұрагерлері " деген атпен жарыққа шыққаны да көзі қарақты оқырманға белгілі. Абай мұрасын, оның ақын шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысып, " Абайдың әдеби мектебі " деген атпен Ақылбай мен Мағауия Абай ұлдары, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп, Әсет жайлы мақалалар жариялайды, Абайдың бұрын белгісіз болып келген 9 өлеңін тауып, оларға түсінік жазып, ұлы ақынның 1945 жылы шыққан жинағына енгізеді. 1951 жылы " Абайдың әдеби мектебі " деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясы, " Абайдың ақындық айналасы ", " Абай шығармаларының текстологиясы жайында " монографиялары- әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды таптырмас туындылар болып табылады.
Қайым Мұхамедханов- ақын. 1938 жылы Жамбылдың әдеби кызметінің 75 жылдығына арналған республикалық ақындар сайысында " Жамбыл " атты толғауы бас жүлдені жеңіп алды, ал 1945 жылы Қаз. ССР Мемлекеттік Гимнің авторы болуы ақынның шыққан биігін әйгілейтін межесі, ірі табысы еді. Абайтану- қазақ әдебиетін зерттейтін ғылымның құнарлы саласы. Сондықтан, ол әдебиеттанудың қашан да көкейтесті тармағы қатарында ғалымдардың қарамағында болмақ.
Қайым Мұхамедханұлының ұзақ жылдар бойы ғылыми, әдеби шығармашылық және ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО медальдарымен, " КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі ", " Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі " белгілерімен, Құрмет грамоталарымен наградталған. Қазақстан жазушылар Одағының Абай атындағы алғашқы Халықаралық сыйлығының, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының, Халықаралық Абай академиясы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының иегері. Абай атындағы