¹3-4 (11) 2016
Мақала қазақ отбасындағы туыстық қарым-
қатынастардың ерекшеліктерін сипаттайды.
Отбасы аясындағы туыстық қатынастарды
сипаттаумен қатар, мақала авторлары отбасылық-
туыстық қатынастардың қоғам өміріндегі мүліктік
және құқықтық мәртебесіне мән береді.
БОЛАТОВА ҚАЛАМҚАС
БОЛАТҚЫЗЫ
Қазақ инновациялық
гуманитарлық заң
университеті, т.ғ.к.
ШАЛҚАР
ҚАРАТАЕВ
Қазақ инновациялық
гуманитарлық заң
университетінің
магистранты
Статья посвящена особенностям родственных
взаимоотношений внутри казахской семьи. Наряду
с описанием внутрисемейных отношений,
немаловажное значение придается рассмотрению
семейно-родственных отношений в плане изучения
их имущественного и правового положения в
социуме.
The article is devoted to peculiarities of kinship within
the Kazakh family. Along with the description of kinship,
great importance is also attached to consideration of kin-
ship in terms of studying their property and juridical sta-
tus in the society.
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ТУЫСТЫҚ
ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған
халықтарда туыстық қатынастар қоғамдық қарым-
қатынастың негізін қалайтындығы белгілі. Рулас ағайын,
туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы
арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз
міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-
салттарымен бекітілген, әр қайсысының орны бөлек.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері ағайын-жекжатқа
байланысты. "Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты,
нағашы жұрты, қайын жұрты" деген сөз туыстық қарым-
қатынастың бағытын орынды көрсетеді. Қандай туыстар
өз жұртын жеті ұрпаққа тартып, атайды. "Жеті атасын
білген -жетімдіктің белгісі" деген қазақ халқы барлығына
ат қойып, затына сай атай білген.
Ата-ананы қастерлеу қазақ халқының өнегелік салты.
Бұған байланысты халық аузында жүрген көптеген мақал-
мәтелдер бар. Мысалы: "Ата-ананың кадірін-балалы
болғанда білерсің, ағайынның қадірін-жалалы болғанда
білерсің". "Ата деген жігітті, "жаным" десе болмас па!".
Бір ата-анадан туған ұлдар мен қыздар бірі аға, бірі іні,
әпкелі-сіңлілі, қарындас болады. "Ағасы бардың жағасы
бар, інісі бардың тынысы бар" "Ағаға қарап іні өсер, апаға
қарап сіңлі өсер" деп тегін айтылмаған. Ағасының әйелі
кішілеріне жеңге, үлкендеріне келін болады. Апаларының
күйеуі кішілеріне жезде, үлкендеріне күйеу бала болады.
Ағасының әйелі інісінің әйеліне абысын болса, кішісі -
келін. Қазақ халқында кіші келіндері абысындарының атын
атамай, "жеңеше" деп атайды. Келіндері ата-енесін және
күйеуінің бауырларын атымен атамау салты бар. Оларға
отбасындағы о