Àñòàíà
тұрғының ерекшелігі- ол тұлғаның алынған білімдерді, іскерліктерді, іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін пайдалану қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, үздіксіз тұлғалық өзіндік жетілуін байқататындығында екенін көруге болады. Педагог мамандығы бір уақытта өзгертуші және басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлға дамуы процесін басқару үшін құзыретті болу керек. Ал құзыреттілік тұрғының мақсаты- толыққанды кәсіби, өндірістік-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік.
Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның қоғамы болашақ түлектерді, жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен білім беру жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда.
Балабақшада, бастауыш мектеп жоғары сыныптарда алатын жүйелі білім салаларының бастамасы ғана емес, оның негізі. Адамның жеке дара қасиеттерінің 70 %-ы бастауыш мектеп жасында қалыптасатыны мәлім. Сонымен қатар балаға өмірде тек оқу, жазу, есептеу, тыңдау және сөйлеу сияқты негізгі дағдылар жеткіліксіз. Мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамға белгілі ойлау дағдылары мен тұлғалық қасиеттер қажет. Талдай білу, салыстыру, негізгісін ажырату, мәселені шешу, өз-өзіне әділ баға беру, жауапты, дербес болу, ойлап шығару( жаңалық ашу) және бірлесіп қызмет ете білу- қазіргі оқушының өмірге қажетті қасиеттері. 2. " Жобалық оқыту әдісі " деген не?; Жобалау әдісі- бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі. Ол дамып келе жатқан тұлғаның шығармашылық дербестігіне, қызығушылықтарына, өзін қызықтыратын мәселенің шешімін табу жолындағы іс-әрекет үстінде оның интеллектуалдық және физикалық мүмкіндіктерінің, еріктік қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына бағытталған. Заманауи педагогикада жобалық оқыту жүйелі пәндік оқытудың орнына емес, ал білім беру жүйелерінің компоненті ретінде сонымен қатар қолданылады.
Жобалық оқыту әдісі оқу жобасын орындау барысында оқушының қиыншылықтарды жеңу үшін нақты жағдаяттарды басынан кешіруді, құбылыстың, үдерістің түбіне жетуге қатыстыруды көздейді.
Қазіргі таңда жобалау іс- әрекеті өзекті әрі өте тиімді әдіс, себебі ол мектепке дейінгі жасқа тән болып келетін эгоцентризмді жеңіуге, іздемпаздықты, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға, ересектердің көмегімен немесе өз бетінше мәселелердің шешімін анықтау қабілетін дамытуға ықпал жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жобалау іс- әрекеті әзірге тек педагогтың, ата- аналардың көмегімен жүзеге асырылады. Оқытудың кіріктірілген әдістерінің бірі ретінде жобалау іс- әркетін пайдалану балалардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлауын, өзін
¹ 3( 3) 2015
қызықтырған зат немесе құбылыс туралы ақпаратты өз бетінше іздеу қабілетін дамытуға, игерген білімін пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық жобаларда іс- әрекеттің негізгі түрі ойын болып табылады. Ойын кезінде ғана бала құрбыларымен және ересектермен қарым- қатынас жасауға үйренеді: диалогқа белсенді қатысады; сұрақтар қояды; тыңдайды және түсінеді; жағдайға байланысты қарым- қатынасқа түседі; тез байланысады; өз ойын анық және жүйелі жеткізеді; сөйлеу этикетінің түрлерін пайдаланады; нормалар мен ережелерге сай өз тәртібін реттейді.
Жобалау іс- әрекеті өзекті және өте тиімді. Ол балаға зерттеу жасауға, алыңған білімді синтездеуге, шығармашылық қабілеттер мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді, ал бұл оның мектептегі жағдайларға тез бейімделуіне көмектеседі. Сондықтан біздің метепалды даярлық топ тәрбиешілері балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша білім беру процесінде жобалау іс- әрекетін белсенді түрде пайдаланады. Жобалардың тақырыптары балалардың бастамасымен немесе тәрбиешілердің бастамасымен анықталады. Тәрбиеші балаларға жобаның тақырыбына байланысты тапсырмаларды ұсынады, ал балалар ата- аналарымен бірге өздеріне қызық тасырмаларды таңдайды. Қажет болса тәрбиешілер ата- аналарға анықтамалық материал ұсынады, кеңестер береді. Мәселені шешу жұмысы барысында балалар тәрбиешімен, ата- аналарымен шығармашылық, ізденушілік және тәжірибелік әрекеттер жүргізеді, жобаның бөлімдері бойынша жұмыстар жасайды, алынған ақпаратты жүйелейді, жобалау әрекетінің нәтижелерінің тұсау кесерін дайындайды. Жобаны қорғау қызықты әрі белсенді түрде өтеді. Жобаны қорғау барысында балалар барлық шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады, олардың коммуникативтік қабілеттері жетілдіріледі, шығармашылық белсенділігі мен қиялы дамиды. Жобалау іс- әрекеті мектепалды даярлық тобы балаларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша дәстүрлі және инновациялық әдіс- тәсілдермен жүргізілетін жүйелі және мақсатты жұмыс өзінің оң нәтижесін береді: балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі көтеріледі; балалардың коммуникативтік құзіреттілігінің деңгейі жоғарылады.
Осылайша, балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс- әрекетін пайдалану мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға ықпал жасайды және әр баланың сапалы білім алуы мен дамуына мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Веракса А. Н., Веракса Н. Е. Проектная деятельность дошкольников. М,. 2008 2. " Отбасы және балабақша " 2011, № 3 3. Микляева М. Д. Инновации в детском саду М., 2009 4. Бала мен балабақша 2013, № 5
65