¹ 3( 3) 2015 Àñòàíà
№ 28 " Жұлдыз " санаториялық балабақшасының тәрбиешісі, Астана қаласы
64
КӨШЕРБАЕВА АРАЙ АМАНБАЙҚЫЗЫ
ЖОБАЛАУ ІС- ӘРЕКЕТІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Елбасы Н. Ә. Назарбаев отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс- тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз, мұндай жағдайда Қазақстанға жүйелі ойлайтын, дүниетанымы кең, ақылды, әрі шығармашыл адамдар қажеттілігін айтып өткен. Жоба әдісі дегеніміз не? Европа тілдерінде " жоба " сөзі латын тілінен алынып, projectus " алдыға лақтырылған " деген мағынаны білдіреді, " сөйлеуші ", " көзге түсуші ", яғни бір объектінің, бір істің прототипі, прообразы сияқты, осы іс- әрекет жоба жасауға әкеледі. Сонымен жоба жоқты жасауға тырысады, яғни ол бір нәрсені алудың жолын көрсетеді. Жоба сөзінің түсінігі терминологияда " проблема " сөзімен тығыз байланыста болады. Жоба проблема ретінде шығармашылықтың шынайы жағдайын жасауы мүмкін, онда адам идеялардың жаршысы, жүзеге асырушысы. Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек. Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы. 1. Жобалап оқыту технологиясының тарихы; Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы Дж. Дьюи, және оқушысы У. Х. Килпатри ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды.
Уақыт өте келе жоба әдісі кейбір эволюцияға ұшырады, бірақ оның мәні өзгермей қалды. Бұл әдістің әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу себебі оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін проблеманы шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде,
Мақала мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог-тәрбиешілерінің тәжірибесінде жобалау жұмысының әдістерін пайдалану мәселесіне арналған. Мақала авторы бала-бақшада жобалауды жүзеге асырудың өзіндік артықшылықтары туралы сөз қозғайды. Автор жобалау жұмысын мектепке дейінгі білім беру ұйымы жағдайында балаларға білім мен тәрбие берудің тиімді түрі ғана емес, педагогтар мен ата-аналардың балаларға білім беруге деген ынта-жігерін біріктірудің бірден бір құралы ретінде ұсынады.
Статья посвящена использованию методов проектной деятельности в педагогической практике педагогов-воспитателей дошкольных учреждений. Автор статьи подробно рассказывает о преимуществах реализации проектной деятельности в детском саду. По мнению автора, проектная деятельность- не только наиболее продуктивная форма обучения детей в условиях дошкольного учреждения, но и эффективный инструмент по интеграции усилий педагогов и родителей, направленных на обучение и воспитание маленьких детей.
The article is devoted to the use of methods of project activities in the teaching practice of teachers-preschool teachers. The author describes in detail the benefits of the implementation of project activities in kindergarten. According to the author, the project activity- not only the most productive form of education of children in preschool, but also an effective tool to integrate the efforts of teachers and parents, aimed at training and education of young children.
алған білімді практика жүзінде қолдана алуында, ол кезде жаңа идеялар пайда болады. Жоба әдісі белсенді әрі жетістікпен АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия, Италия, Бразилия, Нидерландия және т. б, көптеген елдерде нақты проблеманы шешуде қолданылып, теориялық білім мен оның практикада қолданылуын қамтамасыз етті. Жоба әдісі басқа әдістер сияқты оқытудың көптеген әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асуы мүмкін, cоның ішінде жаңа ақпараттық технологияны қолдануға да болады. Оған: компьютерлік телекоммуникация, электрондық база мәліметі, виртуальды библиотека, мультимедиялық құралдар, аудио- және видеоконференциялар.
" Жобалау " сөзі қазақтың " жоба " деген сөзінен жасалынған, мағынасы- жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.
Жобалау мәселесіне қатысты жасалған теориялық талдауларға сүйене отырып, педагогикалық жобалаудың белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет екенін көруге болады, ал оның мазмұндық компоненттері мақсат қою іс-әрекеті; үлгілеу іс-әрекеті; жоспарлау ісәрекеті; ұйымдастыру іс-әрекеті; мониторингілеу және реттеу іс-әрекеті; рефлексия іс-әрекеті болып табылады.
Жобалау іс-әрекетіне дайын оқытушы тек қана оқу процесін сауатты жоспарлап және өткізіп қоймай, сонымен бірге білім алушылардың жобалау құзыреттілігін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Осыдан келіп " болашақ педагогты жобалау іс-әрекетіне даярлау " түсінігіне " педагогикалық жүйені, объектіні немесе моделді құру( жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді меңгерту " деген анықтама беруге болады. Ал оның түпкі нәтижесі- жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады. Жобалау құзыреттілігі- бұл кез келген салада( кәсіби, ғылыми, әлеуметтік, т. б.) жобалау іс-әрекетін іске асыру үшін қажет білімдер, іскерліктер және тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Ғылыми зерттеулерді талдау негізінде құзыреттілік