EURASIAN EDUCATION №3 2015 | Page 65

Ïåäàãîãèêà тапсырмаларды тандауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Баланың ойын үстінде қол жеткен табыстары мен одан алатын әсері, болмысқа қызығушылық танытып, талаптанып, қажетсінуінің пайда болатынын білдік. Ойын арқылы өткізілетін жұмыс түрі; затты не оның суретін көрсете отырып түсіндіру, таңдалған объектінің балаға белгісіз қырын бақылата сөйлесу, сөзге белсенді болуға машықтандыру, өздігінен бақылап, көре білуге үйрету. Жаттығу жұмыстарын ұсыну, таныс оқиғаларды, жеке заттарды суреттеп, мүсіндеп көрсету, не істегенін айта білу. Заттарды қажетті сипатына қарай топтастыру, сөздік тапсырмалар орындау. Тірек сөздермен сипаттап сөйлем құрау, (үлкен қуыршақ, аты Әлия, көйлегі көк). Тәрбиешінің сұрақ қоя білуі, сұрақтан жауаптың шығып тұрмауын ескеру. Әрбір сұрақ баланы ойландыра- тындай, өздігінен ой қорытындысын жасап ж ауап іздестіретіндей болу керек; Бұл не? Қайда, кімдер жасаған? Неден жасаған? Оны қалай білуге болады? Қандай? Неліктен? Ұқсас па? салыстыр, т.б. Негізгі тәсілдердің бірі; сабақтың мақсат-мазмұнына қарай әңгіме, сөйлем құрап айтуда арнайы затты не көрінісін көрсете отырып түсіндіру. Сөз үйрету, сөйлесу кезінде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға жаттықтыру, айтылуы қиын дыбыстарды дұрыс айтуына ұдайы назар аударып отыру. Бала тілінің лексикалық қоры. Бала тілінің лексикалық қорын дамытуда, сөздің сыр-сипатын лайықты түрде, ауызекі тәжірибелік ойын жаттығулар арқылы саналы меңгерту. Бала тілінің дұрыс қалыптаспауын ғалымдар оның бойында пассив сөздігі басым болатынын дәлелдеген. Негізгі тәжірибелік жұмысымда - пассив сөзден - белсенді (актив) сөздік қорға өту кезеңін жүзеге асыру міндеттердің бірі болып саналады. Олар мыналар: 1. Айналаны қоршаған дүниені ойын әдісі бойынша бақылатуда, жаңа сөзді меңгертуде, айтылуы қиын сөздерді үйретуде баланы танымдық қабылетімен сөзге белсенді қатыстырамын. 2. Ойын тәсілімен сөзді үйретуде баланың психикалық процестерін /таным, сезім, зейін, қабылдау/ бірлікте қарастырамын. 3. Әрбір сөзді үйретуді оқыту жұмыстарында оыйн әдіс-тәсілдерін біртұтас, жоспарлы, жүйелі түрде іске асырып отырамын. 4. Жаңа сөздер мен айтылуы қиындық тудыратын сөздердің мағынасын түсіндіруде, ойын- жаттығуларының айшықты, жеңіл ұғынықты болуын қадағалаймын. Жалпы ұғым беретін сөздердің мәніне түсініп, қажеттігіне қарай топтап, жинақтап, даралап айтқызып жаттықтырамын. 5. Күнделікті сабақта 4-5 сөз меңгертіп, ол сөздерді күні бойы барлық процестердің өту жолында қолданамын. Сонымен бірге, белгілі ғалым-педагог Е.И.Тихееваның "Баланың лексикалық сөздік қорын дамытуда сөздік формаларға көңіл бөлу керек"-деген тұжырымына сүйенемін. Ол былайшы жүйелейді: 1. Сөздің грамматикалық құрылысы, зат есімнің септелуі, (жекеше, көпше) жіктелуі, тәуелденуі. 2. Сөздің синтаксистік жағы яғни сөйлем түрлері, балалардың сөйлем құрап сөйлей білу тәсілдері /жай, жалаң, құрмалас сөйлемдерді меңгеру дағдылары Мұндай жүйені "Тіл дамытудың теориялық негіздеріне" сүйене отырып, баланың жіті меңгеруін жеке-жеке бақылап үйрету әрбір тәрбиешінің басты міндеті болып табылуы тиіс. (Қосымша №1) Баламен сөйлесу түрлері; әңгіме құрату, әңгімелесу, оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, сұрақ, жауап әдістері. Е.И.Тихеева баланы сөйлеу дағдыларына үйретуде көрнекілік әдісіне, ойын әдісіне баса назар айдарады. ¹3 (3) 2015 Балаға айналаны бақылату, экскурсия жасату, сурет көрсетіп әңгімелесу, қуыршақпен, суретпен т.б. ойыншықтармен өтілетін ойын түрлерін атап көрсеткен. Бұл жұмыстардың тіл дамытудағы рөлін жоғары деп бағалап, баланың сөйлеу тілін жетілдіру, лексикалық қорын байыту ісінде, сөздік жұмыстарын ойын әдісімен пайдаланып жүргізудің маңызы зор деп білді. [3/1, 31] Балаларды грамматикалық формада дұрыс сөйлеуге үйрету. Сөздің грамматикалық құрылысын ауызекі меңгерту арнайы сабақ түрінде ғана емес, тіл дамыту сабақтарында қосымша, дидактикалық ойын, сөздік ойындармен түрліше жаттығулар орындату арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерге көптік жалғауын қосып айтуды үйретуде; Кім не істеді, Кімге не керек? Не жоқ? Кім қайдан келді? т.б. "Сыңарын тап? "Қайда? Неде? Қайтті?" т.б. сұраққа жауап болатын сөздік ойындар мен еңбек процесін бейнелейтін шығармашылық ойындарды қолданамын. Балалардың грамматик алық сөйлеу дағдыла рын дамытуда тақырыпты ойындармен жүргізіледі. [3/2,33] Мысалы; "Үй жануары не істейді?" тақырыбында: - Сиыр қайтеді? Не істейді?- мөңірейді, шөп жейді, жайылады т.б. - Жылқы қайтеді? - кісінейді, шөп, жем жейді, жайылады т.б. - Ит қайтеді? не істейді?-үреді, үйді күзетеді. Шекарашыларға көмектеседі. Үй жануарларының суреттерін беріп, балаларға сөйлем құрату.... Мысық ..................................................., Қой ........................................................, Әтеш(қораз) ................................................, "Үй жануарлары не береді, пайдасы не?": -Сиыр сүт, ет береді. -Сүттен айран, май, қаймақ, ірімшік, құрт жасайды. -Түйе сүт, ет береді. -Түйенің сүтінен шұбат дайындайды, жүнінен жұмсақ жейде, қолғап, мойынорағыш, қалпақтар тоқиды т.б. "Ненің төлі?" - сахналық ойын - көріністер жасату. Н.Жанаевтың "Төлдермен тілдес" деген өлеңін кейіптендіру, тағы басқа да іс-әрекеттермен түрлендіруге, мүмкіндікті мол пайдалануға болады. Ойынның мақсаты: Қойылған сұраққа бөгелмей жауап беру. Жолдастарының айтқанын қайталамай, өз ойын еркін жеткізу. Үй жануарлары туралы және олардың төлдері, тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту т.б. болып табылады. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Методика развития речи детей дошкольного возроста. Москва, "Просвещение" 1977 г. 2. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Фолиант, 2008 ж. 3. Баймұратова Б.К. Тіл дамыту. Алматы "Кітап баспасы", 2005 ж. 63