Ïåäàãîãèêà
Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың , білім мен тәрбиенің , ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді ; Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады . Этнопедагогиканың бастауына үңілу , зерделеу әр заманда барлық халықтарға тән дәстүр болған . Олай болса , қазақ этнопедагогикасының ғылымын дамыту қоғамда этнопедагогиканың адамгершілікке тәрбиелеу әлеуетін зерттеу қажеттігінен туындап отыр . Этнопедагогика демократия мен адамгершіліктің феномені ретінде оқыту мен тәрбие берудің теориясын және технологиясын байытуға қабілетті .
Биосфера , ноосфера , биоинформацияның шаруашылыққа , өндірістік қатынасқа , кәсіпкерлікке , тұрмыстық хал-ахуалға , мәдениет пен рухани мұраларға , адамгершілікті қасиеттерге , халықтық тәрбиенің мазмұнына , құралдарын таңдауына және адамдардың салалық өзара қарым-қатынасына , қызметіне ықпалының бүгінгі таңдағы этнопедагогика ғылымына қосатын үлесі зор . Аталған заңдылықтардың әр халықта әртүрлі мәнде құрылуы , әр тектес ұлттар мен ұлыстар арасында бір-бірінен ерекшеленуі , оқшаулануы этнопедагогика ілімі негізінде айшықталады . " Этнос ", " ұлт ", " ұлыс ", " ұлттық топ " ұғымдары жоғарыдағы заңдылықтар негізіне құрылған . Этнопедагогиканың ерекшеліктері : педагогикалық білім беруде этникалық арнайы өзгешеліктерін ескеру . Қазақ этнопедагогикасы - бірегей : қазақ этникалық тәрбиесінің ерекшелігі , нақты этноәлеуметтік жағдайдағы тарихи қалып . Әрбір халықтың өзіне тән тәрбие жүйесін құру : тілдің әртүрлі болуына , ұлттық сипатына , ұлттық санаға , дәстүрге , салтқа , дінге сай орайластырылады . Қазақ этнопедагогикасы қазақтың халықтық педагогикасын зерттейді . Қазақ этнопедагогикасының объектісі : ұлттық және тұрмыстық дәстүрі , этнопедагогикалық мәдениет . Әлем қауымдастығында адамды өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеу және тәрбиелену тенденциясы саралану үрдісінде төмендегілер ескеріледі . Тәрбие мәселелерін жүзеге асыруда бала-бақшалар , мектептен тыс мекемелер , ұйымдар , мектептер мен жоғары оқу орындарындағы сабақтастық дәстүріне төмендегі жіктемелердің мәні зор ; - адамның өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі ; - адамның әлеуметтік , өзара іс-әрекеттік , техникалық , табиғаттық және әлемдік қарым-қатынастағы тәжірибесін ұдайы байыту арқылы қажеттіліктерін өтеу .
Тәрбиенің мұндай түрі әрбір адамның планетарлық ойлауын дамытып , азаматтық қауымдастықтың өткеніне , бүгінгісіне және болашағына қатысты болатынын сезіндіреді . Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі тәжірибе
Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі , өзіндік әуені , білікті қасиеті , ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады . Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені , адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр . Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім - тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын , бейнесін сақтап , дамыта алатыны белгілі . Дегенмен қазақстандық педагогикалық әдебиеттерде дәстүрлер жүйесіне ғылыми тұрғыда терең талдау , оларды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру жеткіліксіз болып отыр . Сондай-ақ ғылыми - педагогикалық еңбектерді оқып-үйрену , мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу және талдау бастауыш мектепте оқыту процесінде ұлттық тәрбие құралдарын пайдалану көкейкесті мәселе екендігін дәлелдеп , ұлттық тәрбие құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде толығымен пайдаланылмауы арасындағы қайшылық бар екендігін
¹ 3 ( 3 ) 2015
көрсетіп отыр . Бұл қайшылықтың шешімін табу бізге дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбын " Қазақ этнопедагогикасы негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру " деп таңдауға себепші болды .
Зерттеудің мақсаты - қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру .
Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-Фарабидің , Ж . Баласағұнидің , М . Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады . Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып , ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады . Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш . Уәлихановтың , Ы . Алтынсариннің , А . Құнанбаевтың , Ш . Құдайбердиевтің , М . Жұмабаевтың , А . Байтұрсыновтың , Ж . Аймауытовтың , М . Дулатовтың , т . б . педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді .
Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ . Б . Жарықбаев , С . Қ . Қалиев , С . А . Ұзақбаева , Ж . Ж . Наурызбай , К . Ж . Қожахметова , Ә . Табылдиев , М . Х . Балтабаев , Р . Қ . Дүйсембінова , Қ . Б . Бөлеев , С . Ғаббасов , Қ . Қ . Шалғынбаева , Ш . М . Мұхтарова , С . Қ . Абильдина , Ж . М . Акпаров , т . б . тың зерттеулер жүргізіп , өз еңбектерінде халықтық педагогиканың қалыптасуы мен дамуын , оның құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін , мектептің оқутәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды . Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша көлемді жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін зерттеген К . А . Оразбекованың , болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ . Бөлеевтің , бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеуге арналған Д . С . Ешмұратованың зерттеулерін атап өтуге болады . Ұлттық тәрбиенің басты құралы халық ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының негізі болып табылады . Бала тәрбиесін заттың атын атап , сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне , тарихи және табиғи жағдайларына байланысты . Балаға сан үйретуді , тіл ширатуды , мақал-мәтел үйретуді , тақпақ жаттауды игі әдетке , одан әдепке , әдептен дәстүрге айналдырған . Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі - ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер . Қазақ халқының тілі , ділі , болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады .
Халық ауызекі шығармашылығы халық күші мен даналығын , оның адамгершілік мұраттарын , халық педагогикасының терең сипатын жеткізетін педагогикалық кұрал болып табылатыны туралы ертедегі белгілі педагогтардың тағылымдық мұралары , салиқалы көзқарастары , білім беру саласындағы іс-тәжірибелері дәлелдеп өткен . Айқындау экспериментiнің негiзгi мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау болды . Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдермен , ата-аналармен , мектеп әкімшілігімен сауалнамалар , әңгiмелесулер жүргізілді , оқушыларға тест , бақылау әдiстерi , арнайы тапсырмалар жүйесi қолданылып , олардың ұлттық тәрбиелілік деңгейі нақтыланды .
Эксперименттік сыныптармен бақылау сыныптарының негізгі ерекшеліктері , бақылау сыныптарындағы оқушылардың оқыту әдіс-тәсілдері бұрыннан
57