¹ 3 ( 3 ) 2015
қалыптасқан дәстүр бойынша , мұғалімнің қалауы бойынша ұйымдастырылды . Ал эксперименттік сыныптарға ұсынылған бағдарлама бойынша жүргізілді .
Бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасына салт-дәстүр , әдет-ғұрып , шешендік сөздер , ұлттық музыка , әуен-саз , сәндік қолданбалы өнер , ұлттық тағам түрлері , табиғат тынысы , ұлттық ойындар және имандылық иірімдері тақырыптарын енгізіп , осыған сай жұмыстар жүйелі жүргізілгенде ғана оңды нәтиже күте аламыз .
Осыдан кейін балалардың ұлттық тәрбиелілік деңгейін анықтау мақсатында арнайы әдістемелерді қолдану арқылы бақылау алынды . Бақылау эксперименті барысында бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің компоненттері , өлшемдері мен көрсеткіштері бойынша өлшеу жұмыстары жүргізілді , алынған нәтижелерге салыстырмалы талдаулар жасалды , халықтық педагогиканы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үшін қолдануға әдістемелік ұсыныстар жасалды .
Экспериментальдық жұмыс нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігінің қалыптасуында халықтық педагогика құралдарының ерекше мәнге ие болатындығын көрсетті . Ең бастысы , әрбір оқушыны табысты іс-әрекетке жеткізу үшін мұғалімнің өзі іс-әрекетін табысқа жететіндей құра білу керек . Оқушыларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау , әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру , жүйелілікті басшылыққа алу принциптері мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру тиімділігін қамтамасыз етеді . Әрине , бұл жерде материалдық , әдістемелік , психологиялық жағдайлар да негізге алынуы қажет . Бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін , бастауыш мектепте пайдаланудың тиімділігін көрсетіп , біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді . Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкiндiкбередi : 1 . Жалпы білім беретін орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің жай-күйін талдау зерттеліп отырған мәселенің көкейкестілігін айқындап берді . Ұлттық тәрбиенің теориялық зерттелу деңгейіне жасалынған талдау да қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалмас үшін мектептің алғашқы сатысы - бастауыш сыныптан бастап қазақ халқының ұлттық дүниетанымын , санасезімін , мінез-құлқын оқушылардың бойына сіңіру мәселесінің педагогика ғылымында қажеттілігі артып отырғандығын дәлелдеді .
2 . Зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық , педагогикалық , психологиялық , әдістемелік еңбектерге талдау жасай келе , зерттеу нысанасының бүгінгі күнгі қойылысы , жай-күйі айқындалып , мақсат , міндеттерімізге сәйкес бастауыш сынып тұлғасын қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеуге және әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге қол жеткіздік
Ïåäàãîãèêà
3 . Қазақ халқының ұлы ойшылдарының , көрнекті ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің құнды ойпікірлерін зерделеу және тақырыпқа сәйкес ғылыми еңбектерді оқып-үйрену ұлттық тәрбиенің мәнін айқындап , оның негізі халықтық педагогика екендігін анықтауға мүмкіндік берді .
4 . Адамның әрбір даму кезеңінің өзіндік ерекшелігі болады , сол сияқты бастауыш мектеп жасындағы балалардың да өзіндік даму ерекшеліктері бар . Бастауыш мектеп оқушысының ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялықпедагогикалық негіздерін есепке ала отырып , ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асыру қажеттілігі анықталды .
5 . Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесін сабақтар мен тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру қажеттігін дәлелдейді . 6 . Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыс нәтижелері халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесінің тиімді екенін көрсетті .
7 . Зерттеу барысында іске асырылған шаралар жүйесі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілік деңгейін арттырады . Бұл тұжырым эксперименттiк және бақылау топтарындағы ұлттық тәрбиелілік деңгейлерiн салыстырудың негiзiнде жүргiзiлген эксперимент қорытындыларымен нанымды түрде дәлелдендi . 8 . Диагностикалық нәтижелер негізінде оқушылар мынадай тұрақты тұлғалық ұлттық сапаларды көрсетті : ұлттық білімге құштарлық , ұлтжандылық , ұлттық дүниетаным ; ұлттық мәдениет ; ұлттық сана-сезім ; ұлттық дәстүрлерге сыйлы қатынас , ұлттық мінез-құлық мәдениеті . Мұның өзі бастауыш сынып оқушыларымен педагогикалық іс-әрекет барысында ұлттық тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылғанын нанымды түрде айғақтады .
Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады :
- зерттеу барысында жасалған сабақтардың мазмұнын , тәрбие сағаттарының бағдарламаларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларды жанжақты тәрбиелеу мақсатында пайдаланған орынды ;
- оқушыларға ұлттық тәрбие беруде халық педагогикасы құралдарын тәрбие берудің басқа құралдарымен өзара сабақтастықта және өзара бірлікте тиімді пайдалану қажет ;
- оқу пәндерінің мазмұнына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру идеялары мен бағыттарын белсенді енгізген жөн ;
- бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру барысында ұлттық психологияның ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн . Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан , оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес . Халық педагогикасының мазмұны арқылы арқылы оқушыларға этномәдени білім беру , ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады .
58