EURASIAN EDUCATION №3 2015 | Page 58

¹ 3 ( 3 ) 2015 Ïåäàãîãèêà
МАРЖАН САФАЕВА
56
Жезкент қаласы мектеп-лицейінің мұғалімі
Халықтың педагогиканың теориялық негіздері
Халықтық педагогиканың негізі халықтық тәлім-тәрбие , өнеге , адамгершілік сезім , достық , ынтымақтық , төзімділік , байсалдылық мұрасы тұрғысында құрылады . Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты - ұлттық рухани деңгейі биік , іскер , қабілетті , иманды , әдепті адам тәрбиелеу . Ғалымдар зерттеу жұмыстарына сүйеніп , халықтық тәрбиенің негіздемесі күрделі процесс , оның басты амалдарын ғасырлар бойы жинақталған халықтық өміртану қағидалары мен тәжірибелерінен туындайтын дәстүр-дағдылар және әдістерден іздестіру анағұрлым тиімді екенін айтып та , жазып та жүр . Жеке тұлғаның ақыл-ойын ширататын халықтық педагогиканың негізгі нысандарын заманауи оқыту-тәрбиелеу қызметіне енгізудің нәтижесінде оқу мен тәрбие жұмысының күнделікті аса маңызды міндеттерін қамтитын : ақыл-ой , адамгершілік , қоршаған ортаны қамқорлыққа алу ( жерді , суды , ауаны ластандырудан қорғау , аумақтың экологиялық ахуалын тұрақтандыру ), физиологиялық және еңбек сүйгіштік сияқты әртүрлі аспектілердің адамдар санасына орнығу процестері жүзеге асырылады . Жас ұрпақтың көруі , тануы және оның ойлау-түйіндеуі дүниетанымдық қабілетін жетілдіреді . Халықтық тәрбие ата-бабаларымыздың табиғатты тануы , жіті пайымдауы негізінде қалыптасқандығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр . Табиғат - адам мәдениетін жетілдірудің қайнар бұлағы . Табиғатты сезінудің , онымен қауышудың нәтижесінде мәдениеттің нақты нышандары айқындалады .
Этнопедагогика ұғымы халықтық педагогика ұғымының мәнін толық ашпайды . Этнос - үлкен халықтың арасындағы ұлт өкілдері . Мұндай ұлт өкілдерінде қалыптасқан педагогикалық талаптар жан-жақты қарастырылмайды . Этнопедагогика халықтық педагогиканың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады . Этнопедагогика - балаларды , этникалық топтарды тәрбиелеу мен білім берудің отбасы , ру , тайпа , ұлт пен ұлыстардың моральдық-этникалық және эстетикалық құндылықтарының ежелден жинақталуы - эмпирикалық тәжірибесі жайлы ғылым . Ұлттар мен ұлыстардың өмір сүру дәстүрлері мен салт , әдет-ғұрып , ырымжоралғыларының қазақ халқында бәріне бірдей санасында тұрақталып қалған тәлім-тәрбиесі . Этнопедагогика - тұлғаны заңдылық сипаты бар әдетғұрып , салт-дәстүрге бейімдеуге , әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының құндылықтарынан үйренуге , ұлттық тәрбие ісіндегі жетістіктерді нақты
Мақалада этнопедагогика және оны тәжірибе жүзінде іске асыру мәчселелері қарастырылады . Автор халықтық педагогика деген не , оның ерекшеліктері қандай деген сұрақтарға жауап бере отырып , өз педгогикалық тәжірибесінен алынған мысалдар негізінде этнопедагогиканы бастауыш сыныптарда іске асыру мәселелеріне тоқталады .
Статья посвящена вопросам этнопедагогики и ее реализации на практике . Автор подробно повествует о роли и особенностях народной педагогики , а также делится собственным опытом реализации этнопедагогики на уроках в начальных классах средней школы .
In the article discusses issues of the ethnopedagogics and its implementation in practice . The author writes in detail about the role and features of folk pedagogy , and also shares its own experience in implementing ethnopedagogics the lessons in primary classes of secondary school .

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗДЕРІ : ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

жағдайда пайдалануға бейімдейтін көп салалы білімдердің ғылыми негізі . Ұлттық фольклорда , авторлық ауыз әдебиетінде , халықтың салт-дәстүрлерінде , балалар ойындарында сақталып келген халықтық тәрбие - халық ділін байыту жолындағы іздену , тану процестерін қамтамасыз етудің ғылыми нысанасы .
Әр ұлттың , халықтың өзіндік ерекшелігі бар . Отырықшылар және көшпенділер немесе осы екеуін қатарынан басынан өткеретін халықтардың да әу бастан " ұлт ", " халық " деген мәртебеге ие болғанға дейінгі санасезімдері сәбилік дәуірден бірте-бірте есею процестеріне өтеді . Сол себепті сонау ықылым заманнан отқа , суға , жерге табыну дағдысы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді . Адам баласының таным деңгейі бірден өркениеттілікке жетпегені тарихи деректемелерден белгілі . Осындай іс-әрекет шегіне қатысты әр ұлттың әнұраны , елтаңбасы қалыптасып , қоғамдық формациялар өзгеріске ұшырағанда , олардың сапасы да басқаға ауысады . Бірақ , негізгі ұлттық сипаттағы ежелден қалыптасып келген дәстүрлер жалғасын тауып отырады . Мәселен , пырақтың қанаты ( елтаңба ), тудың көгілдірлігі , күннің нұры мен шаңырақтың үндестігі де сонау заманнан бергі дәстүрдегі нысандар болып келеді . Ұлттың танымдық деңгейі - оның ұлттық психологияны қалыптастыруға бірден-бір себепші . Халықтық педагогиканың арнасы кең . Барлық ғасырлар бойы бүгінгі күнге дейін өшпей келген салт , дәстүр , ырымдар мен жоралғы , ғұрыптардың барлығын ғылыми негіздемеге салғанда , ол өзінің ауқымын ықшамдайтын дәрежеде болады . Сөйтіп , халық педагогикасының нысанында этнопедагогика ілімі туады . Дүниетанымдық пайым алдымен өмір сүру тәжірибесінде сыннан өту арқылы сараланады .
Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып келеді . Үлкенді сыйлау , кішіге ізет көрсету . Өзінен дәрежесі жоғары адамдармен санасу , оларға тағзым жасау . Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің екі түрлі болуы және т . б . атап өткен орынды . Этнопедагогика - халықтық педагогиканың сабақтастық қағидасынан сараланған ғылым деп түйін жасауға негіз бар . Этнопедагогикалық мәдениет - этнопедагогикалық білім , адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы .
Қорыта келгенде , мәдениет арқылы этностың тарихи , мекендік , мемлекеттік , экономикалық , әлеуметтік , этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кезкелген мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек ;