EURASIAN EDUCATION №3 2015 | страница 52

¹ 3 ( 3 ) 2015 Ïåäàãîãèêà
50
Таблица 1 . 11 " а " сыныбы бойынша ұялы телефонды қолдану жиілігіне жүргізілген сараптама ( 1апта )
№ Аты-жөні Сөйлесу ұзақтығы Жұмсалған бірлік
1
Алатаева А .
2 сағ . 25 мин .
305 тг .
2
Алатаева М .
30 мин .
195 тг .
3 Амин И . 1 сағ . 35 мин . 500 тг . 4 Амантаева А . 1 сағ . 35 мин . 450 тг . 5 Куюспаева Э . 6 сағ . 337 тг . 6 Қапжапарова Ж . 4 сағ . 30 мин . 120 тг . 7 Мастекова М . 6 сағ . 335 тг . 8 Насырова Д . 30 мин . 204 тг . 9 Нугуманова Э . 2 сағ . 434тг . 10 Сабамбаева А . 7 сағ . 20 мин . 780 тг . 11 Сақтағанов Б . 3 сағ . 25 мин . 310 тг . 12 Советханов Д . 40 мин . 200 тг . 13 Тлеугазинова А . 55 мин . 417 тг . 14 Төлеубек Б . 10 сағ 20 мин . 1650 тг . 15 Төлегенова Б . 35 мин . 108 тг . 16 Тұрсынбекова А . 8 сағ . 20 мин . 1020 тг . 17 Түсіпжанов Ж . 3 сағ . 20 мин . 328 тг
- Зерттеу нәтижесі бойынша сыныпта " Ұялы байланыс әлеміндегі " ең танымал " абонент " және " Ұялы байланыс әлеміндегі " ең беймәлім " абонент " анықталып номинация берілді .
4 . Интернет тарихы ( оқушы баяндамасынан ) ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырды . Содан соң ARPANET дамып-жетіліп , оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды . 1983 жылы бұл атау " Интернет " деген ұғыммен алмастырылды ". Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес , сонымен қатар , байланыс спутниктері , радиосигналдар , кабельдік теледидар , телефон , ұялы байланыс , арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады .
Ғаламтордағы ойындар ( оқушы баяндамасынан ): 2002-жылы наурыз айында 21 жасар америкалық Шон Вили виртуалды EverQuest он-лайн ойынында жеңіліске ұшырап , өзіне-өзі қол жұмсағаннан кейін ғана әлем дәрігерлері дабыл қақты . Қазіргі кезде ғаламторға еркін ену мүмкіндігі бар . 17-18жас шамасындағы жеткіншектердің арасында дәл осы компьютерлік ойындар үшін айлап далаға шықпайтындары да кездеседі , тіпті кейбіреулері он-лайн ойындарынан бір сәтке де қол үзбес үшін аграфобиямен ( ашық кеңістіктен қорқу ) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен . Психологтардың зерттеуінше компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті , эмоциясы төмендеп , тек көру қабілеті және рефлекстері жұмыс істейді екен . Себебі 3D бейнелер кеңістіктегі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды . Осының кесірінен тендонит- қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде пайда болатын дертке ұшырайды . Әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауыратын көрінеді .
Оқушылардың жұмыстарына қысқаша қорытынды жасалады .
5 . Зерттеулер нәтижесі бойынша ұялы телефондарды қолдануда төмендегі ескертпелерді ұсынуға болады : ( ұялы технологияларды қолдану туралы нұсқаулықтар )
- ұялы телефонмен сөйлесу уақытын ( бір реттік сөйлесу ) 3 минутқа дейін қысқартқаныңыз жөн !
- сөйлесу кезінде аппаратты міндетті түрде тек төменгі жағынан ғана ұстаңыз . егер телефонды " жұдырығыңызда " ұстасаңыз аппараттың жұмыс режиміндегі қуаты 70 % дейін артады , ал бұл ең жоғарғы сәулелену қаупін тудырады !
- ұялы телефонды автомобильде қолданбаңыз ! кез-келген машинаның корпусы сигналдың қабылдануына бөгет жасайды , бұл ұялы телефонның жұмыс режимін күшейтуге әкеледі . ал аппараттың өте жоғары қуатта жұмыс істеуі қауіптілігі ең жоғары сәулелену деген сөз !
- сырты металмен немесе металобетонмен қапталған гараждар мен мекемелерде ұялы телефонды қолдансаңыз балконға немесе терезеге жақын жерлерде тұрғаныңыз жөн !
-ұялы телефондардың ең көп радиация тарататын кезі - телефон шырылдаған кез және сіз терген нөмірге байланыс құрған кезі . Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек . Телефон трубкасын алғаннан 1-2 секундтан кейін құлаққа жақындатыңыз !
- телефон сатып алған кезде SAR ( Specific Absorprtion Rate ) көрсеткіші көрсетілуін қадағалаңыз . SAR көрсеткіші 0,1Вт / кг және одан да төмендері таңдалуы керек . 6 . Сабақ барысында жүргізілетін ойындар : " Ең жылдам " абонент ( экраннан бір мәрте көрсетіліп өткен телефон номерлеріне тез теру арқылы қоңырау шалу , телефондар алдын-ала дайындалып сынып бөлмесінің әр жерлеріне қойылады )
" Озық ойлы " абонент (" Мен және мобильді әлем " тақырыбында кез-келген шығармашылық жұмыс ұсыну ( мысалы , мимикамен немесе т . б іс-әрекеттермен демонстрациялау , т . с . с ) ) 7 . Бекіту " Ақылды смайлдар " Оқушылар тақтада алдын-ала дайындалған әртүрлі смайлдарды таңдап алу арқылы онда берілген бекіту сұрақтарына жауап береді 8 . Қорытындылау ( оқушыларды бағалау ) Үйге тапсырма : " Мен және мобильді әлем " тақырыбына эссе жазу .