Ïåäàãîãèêà ¹ 3 ( 3 ) 2015
РАХМЕТОВА МЕЙРАМГҮЛ СЕРІКҚАЗЫҚЫЗЫ
" ERUDIT " білім беру - ғылыми орталығының физика пәнінің оқытушысы , Семей қ .
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 11 сыныбында физика пәнінен өткізілетін сабақ жоспарының үлгісі . Ұсынылып отырған сабақ ұялы телефондар мен өзге де мобильді гаджеттердің адам денсаулығы мен оның эмоционалдық жағдайына , тұлғаның интелектуалдық және әлеуметтік дамуына тигізетін әсері жөніндегі мәселелерді талқылауға арналған .
Данная методическая работа представляет собой разработку урока по физике для 11 классов средней школы . Урок нацелен на обсуждение вопросов о влиянии сотовых телефонов и иных мобильных гаджетов на здоровье и эмоциональное состояние человека , а также интеллектуальное и социальное развитие личности .
This methodological work dedicated for the lesson in physics for 11 grades . Lesson focuses on discussion about the impact of cell phones and other mobile gadgets to the health , emotional condition , the intellectual and social development of the individual .
МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
( 11 сыныпта физика пәнінен өткізілетін сабақ жоспары )
Сабақтың мақсаты : Білімділік : Оқушыларға ұялы технологиялар және интернет сияқты байланыс құралдарының даму тарихы және оларды дұрыс қолданудың техникалық және физикалық сипаттамалары туралы толық мағлұмат беру .
Дамытушылық : Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін қорытындылап , теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге баулу . Еркін сөйлеу және пікірлерін сауатты білдіре алу қабілеттерін дамыту . Жылдамдыққа , жүйелілікке дағдыландыру . Тәрбиелік : Оқушыларды заманауи технололиялардың жетістіктерін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу .
Сабақтың жабдықталуы : презентациялар , смайлдар , ұялы телефондар , интернет желісіне қосылған компьютерлер ( ноутбук ), сабақ кезеңдері белгіленген ұялы телефон макеті Сабақтың барысы : 1 . Ұйымдастыру . 2 . Хабарламалар ( мұғалімнің кіріспе сөзі ). Жалпы ақпарат : - Электромагниттік сәулелердің адам организміне әсері - SAR - ұялы телефондардағы электромагниттік сәулелердің меншікті жұтылу коэффициентін анықтауға арналған құрылғы ....
3 . М-агент ( оқушылардың дөңгелек үстелі , пікір алмасу . Оқушыларға берілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі шығарылады .)
Ұялы технологиялар тарихы ( оқушы баяндамасынан ): Әлемдегі ең алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болса , өлшемдері 22,5х12,5х3,75 см-ге тең еді . Жарықдиодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды . Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе , зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін
Ұялы технологиялардың пайдасы ( оқушы баяндамасынан ): Ұялы телефондарсыз қазіргі әлемді елестетудің өзі қорқынышты . - жылдам хабар алу - уақытты үнемдеу - қылмыстық істердің алдын-алу
- алғашқы медициналық көмекті дер кезінде шақыру ( жол көлік оқиғалары кезінде )
- әртүрлі жағдайлардағы бейне және дыбыс жазу функциялары
- мобильді интернет желісіне қосылу т . б . қызмет түрлерінің көрсетілуі сағат сайын өзгеріп жатқан әлемде заман ағымынан қалып қоймауымызды қамтамасыз етеді . Ұялы телефонның зияны ( эксперименттік жұмыс ) - Бөлме температурасында өсірілетін гүлге жасалған эксперимент нәтижесінде үнемі ұялы телефоннан шығарылатын электромагниттік сәулелер әсерінде болған гүл мен қалыпты жағдайда өсірілген гүлдің өсу қарқынында айырмашылық байқалды . ( қалыпты жағдайда : 20-25 см , сәулелену жағдайында 13-15 см ") ;
- Жасөспірімдерге жүргізілген зерттеу барысында телефон қоңырауына дейін және қоңырау шалынғаннан кейінгі жүрек кардиограммасында өзгерістер тіркелді . ( Телефон қоңырауына дейін : АД : 110 / 70 Телефон қоңырауынан кейін : АД : 120 / 80 )
- Ұялы телефоннан шығатын электромагниттік өрістер адам ағзасында біраз жиналып барып , оның әсері 5-10 жылдан кейін ғана пайда болады . Ғалымдар , әсіресе 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды дейді . Өйткені , электромагниттік өріс , өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп , кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлатады . Антенналар мен ұялы телефондардың сәулелік шегі 10 микроватт шаршы сантиметр . Ал бала организмі мұндай сәулеленуге төтеп бере алмайды !
- Адам денсаулығына телефонның жағымсыз әсерін азайтудың бір жолы-құлақбау тәрізді құрылғыларды пайдалану .
- Швеция - ұялы телефонға аллергияның болуын ресми мойындаған мемлекет . Егер сіздің бойыңызда осындай сырқат анықталатын болса , швед үкіметінен өтемақы ретінде 250 000 доллар талап етуге құқыңыз бар .
- Ұялы телефондарда жиі қолданылатын Агентсауатсыз жазу мен сөйлеудің айқын кепілі . Қазақ тілінің агенттегі шұбарлануы .
49