¹ 3 ( 3 ) 2015
болатын түрлi шаңдар Күн сәулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне кедергi келтiредi . Ультракүлгiн сәулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз және рахит ауруларын туғызады .
Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады . Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы және мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып , олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi . Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың ( бұғы , қоян мен қырғауыл , т . б .) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ , мышьяк , сурьманың әсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi . Өсiмдiктер үшiн әсiресе улы болып саналатыны күкiрттiң , фтор , хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер . Олар ауылшаруашылық дақылдарына , орман мен бақтар , парктерге үлкен зиян келтiредi .
12 . Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары .
Атмосфералық ауаның ластануымен күресу мәселесi күрделi , жан-жақты және үлкен материалдық шығындар мен күштi қажет етедi . Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi заманғы даму деңгейi адам организмi мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн заттардың түзiлуiн және бөлiнуiн азайтып , ластанудың алдыналудың iс-шараларын жасауға мүмкiндік бередi .
Қалалық елді мекендердегі ауа бассейндерінің ластану деңгейі жоғары . Себебі , автокөліктерден шығарылатын зиянды заттардың жылдық мөлшері : Қостанайда 119,4 мың т , Шымкентте 87,3 мың т , Алматыда 85,0 мың т , Павлодарда 74,7 мың т , Көкшетауда 53,6 мың тонна . Қалдық заттардың құрамындағы көмірсутек диоксидінің мөлшері 70-80 пайызды құрайды . Ауаның ластануы дегеніміз не ? І . Ластану деген - адамның денсаулығына әсер ететін ауаның , судың , топырақтың , тамақ өнімдерінің кезкелген түрге өзгеруі . Ластауыштардың көбі қатты , сұйық және газды түрдегі химиялық заттар болып келеді . Олар ресурстарды пайдалану және қайта өңдеу кезіндегіқалдықтарынан пайда болады . Ластану сондайақ энергияның қажетсіз таралуынан да , мысалы артық жылу , шу және радиациядан болады . Қазіргі уақытта ластауыштарды 8 категорияға бөледі . ІІ . Қаланың өнеркәсіптері атмосфералық бассейнге ,
Ýêîëîãèÿ
кеңінен таралған және арнайы ингредиенттерді бірге санағанда 40-қа жуық улы компоненттер таралады . Қала ауасының ластануының негізгі көздері болып : автокөліктер , энергетика кәсіпорындары , ауыр машина құрылысының зауыты , ауыл шаруашылығы машиналар зауыты . Атмосфералық ауаның ластануы табиғат ортасының жағдайына әсер етеді . Себебі ол жерде өлі және тірі ағзалардың өзара қатынастары өзгереді .
Ауа мұхиты өзін-өзі ластауыштардың бір бөлігі стротосфераға кіреді . Ірі және майда аэрозольдік бөліктер , газдардың көбі бұлтты суда еріп , жаңбырмен бірге жерге түседі . Атмосфераның ластануы мен тазартылуы бір-біріне қарсы тұрған үрдістер . Сонымен ластанған кезде табиғатта қарсы қорғауыш реакцич пайда болады . Біз атмосфераның ластануы не екенін білдік . Ал ол расында өмірге қауіпті ме ? Дәрігерлердің пікірінше , шынымен ауаның ластануы адам денсаулығына әсер етеді деп айта аламын . Мысалы Қызылорда облысын алып қарайтын болсақ облыс экологиялық апат аймағына жатады . Мұнда Байқоңыр қаласында аспанға зымырандар ұшырылып жатыр . Соның салдарынан аспанның озон қабаты тесіледі және өсімдіктер уланады . Ауа-райы да күрт өзгеріп адам денсаулығына әсер етеді . Зиянды заттардың таралуын қысқарту үшін кешенді шаралар қолданылады : өндіріс үрдісінің технологиясын жаңарту , қалдықсыз , аз қалдықсыз технологияны енгізу , газ тарату және шаң-газ тарату конструкцияларының жолдарын жаңарту , құралдардың герметизациясы , жаңа транспорттық жүргізушілерді құрастыру т . б .
Ғалымдардың сөзінше , адамдар арасындағы өлімжітімнің көбеюіне өндіріс пен өнеркәсіп орындары санының артуы салдарынан болатын климаттың өзгеруі мен озон қабатының бұзылуы сияқты факторлар да үлкен әсерін тигізіп отырған көрінеді . Тропосферадағы озон концентрациясы мөлшерінің өсуі демікпе ауруларының санының өсуіне себеп болып , соның кесірінен әлем бойынша жылына 470 мың адам өмірден өтеді екен . Қауіп-қатерді талдау әдістемелерінің ең маңызды атқаратын рөлі адам денсаулығы мен экожүйелердің жағдайы үшін қауіп-қатерді бағалаудағы заманауи амалдарды тепе-тең ұстау болып табылады [ 9 ].
ҚОРЫТЫНДЫ . 1 . Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет . Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсек , өзіміздің Жер - Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді . 2 . ҚР зерттелінген қалаларының басым бөлігінде қалқыған бөлшектердің жиынтық мөлшерлерінің деңгейі бойынша жалпы жағдай атмосфераның ластану индексіне байланысты қолайсыз деп есептеледі . 3 . Алматы , Астана , Жезқазған және Атырау қалаларының ауа бассейіндерінің ұсақ дисперсті шаң фракцияларымен ластану деңгейі жоғары екендігі анықталды . 4 . Осы нұсқалған қалалардағы анықталған аэрогенді жүктемелер шаң фракцияларының қауіптілік коэфициенттерінің есептелген көрсеткіштерімен дәлелденген , тұрғындар денсаулығы үшін канцерогенді емес әсерлердің қаупі жоғары екендігін көрсетеді . 5 . Қауіп-қатерді бағалау нәтижелері , тұрғындардың денсаулығындағы қолайсыз өзгерістерді болжамдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады және қауіп-қатерді басқару бойынша шаралар мен ұсыныстарды дайындау үшін сілтеме бола алады .
ӘДЕБИЕТТЕР . 1 . Салихова Л . Р . Оценка риска для здоровья населения , проживающего в зоне возможного влияния объектов оренбургского газохимического комплекса / Л . А . Перминова , А . А . Неплохов , О . Ю . Корнева , В . М . Боев // Сб . материалов Всероссийской научно - практической конференции " Инновационные технологии обеспечения безопасности питания и окружающей среды ". - Оренбург . - 2007 . - 338-341 б . 2 . Онищенко Г . Г ., Новиков С . М ., Рахманин Ю . А ., Авалиани С . Л ., Буштуева К . А . Основы оценки риска для здоровья при воздействии химических веществ , загрязняющих окружающую среду . - М ., 2002 . -408 б . 3 . Ревич Б . А ., Авалиани С . Л ., Тихонова Г . И . Экологическая эпидемиология . - М ., 2004 ., - 384 б . 4 . Қазақстан Республикасының Конституциясы . Алматы . 1991 . 30.08 5 . Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы 6 . Акимова Т . А ., Кузьмин А . П ., Хаскин В . В . Экология . Природа-Человек-Техника : Учебник для вузов . -М .: ЮНИТИ- ДАНА , 2001 . -343 с . 7 . Бейсенова А , Самакова Т ., Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану . Алматы 2004 ж . 328 бет .
48