EURASIAN EDUCATION №3 2015 | Page 49

Ýêîëîãèÿ дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды әсер етедi [6]. Атмосфера радиоактивтi заттармен әсiресе, атом және сутектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады. Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады,т.с.с. 5. Атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде. Айнымалы физикалық өрiстiң әсері болатын серпiмдi денелерде пайда болатын аз механикалық тербелiстер дiрiлдеу деп аталады. Дiрiлдеулерге, ең алдымен, дыбысты жатқызуға болады. Серпiмдi орталардың естiлмейтiн тербелiстерi де, естiлетiндері де акустикалық тербелiстердi қамтиды. Дыбыс тербелiстерi - бұл 16Гц - пен 20кГц аралығындағы тербелiстер. 16Гц- тен төмен жиiлiктегі тербелістер - инфра дыбыс, 20кГц- тен жоғары тербелістер - ультрадыбыс деп аталады. Шу - әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық емес дыбыстардың жиынтығымен анықталады. Адамдарды қоршаған шулар әртүрлi қарқында болатындығын білеміз, мысалы: сөйлеу тiлi - (децибел) 50-60Дб; серена - 100Дб; жеңiл автомобильдiң қозғаушысының шуы - 80Дб; қатты музыка - 70Дб; кәдiмгi пәтердегi шу - 30-40Дб. Шу адамның организміне, оның физиологиялық белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі мөлшердегі әсерлердің жинақ күші адам организмінде түрлі ауытқушылықтарды шақыра алады, алдымен адамның дыбысты қабылдау қабілетінің төмендетуiне, кереңдiкке алып келуі мүмкін. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне әсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке - психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасының бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клеткаларының дегенерациялануына әкеп соғады. Үздiксiз қатты шу әсерiнен периф ериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады [7]. Батыстың бiрқатар елдерiнде әскери аэродромдар маңындағы елдi мекендер тұрғындарының үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң әлсiреуi сияқты аурулар жиiлеген. Ал кенеттен болған қатты шу әсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады. Жануарларда да, әсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi байқалған. 6. Электромагниттiк өрiстер. Қазірде электромагниттi өрiстердегі (ЭМ) ионданбайтын сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған экологиясында өте көкейкестi сұрақтардың біріне айналды, әсіресе бұл жерде қазiргi тұрмыстық техника, ұялы телефондар, плеер, компь ютер сияқты құралдардың әлсiз және аса әлсiз электромагниттік өрістерді шығаратындығын ескеру қажет. Қазіргі қолданыста жүрген тұрмыстық техниканың шығаратын әлсіз ЭМ тербелістерінің қоршаған ортаға, сау адамға, оның организміне ұзақ әсерiн анықтаудың сенiмдi құралдары жоққа тән. 7. Фондық электромагниттік өрістер. Электромагниттi өрiс деп ұзақ уақыт бойы тірі және тiрi емес объектілерге әсер ететiн жасанды және табиғи сипаттағы ионданбайтын сәуле шығаруды айтады. Табиғатта табиғи сипаттағы электромагниттік өрiстер бар. Табиғаттағы төмен жиiлiктi (жүздеген кГц-ке дейінгі) ЭМ толқындарға мыналар жатады: атмосфералық ¹3 (3) 2015 электр, табиғи тау жыныстарының табиғи магнетизмi; теңiз суының қайтуы және тасуы құбылыстары; жердегi магнитосфераға күн желінiң әсерi; атмосфералық электрдiң жылжымалы зарядтарымен әрекеттесетiн ғарыштық бөлшектердiң әр түрлi ағындары; полярлық жарқыраулар. Аталған электромагниттік толқындар көздерiнің арасында, атмосфералық электр эрісінiң көздерiн 0,003- 30 МГц жиiлiктерi аралықтарында санау керек [8]. 8. Ұялы байланыс және радиохабар. Радиотолқындар басқа электромагниттік өріс толқындарымен салыстырғанда аса жоғары қуатты, ұзақ уақыт бойы үздiксiз ағымда жұмыс iстеу үшiн арналған. Радио және телестанцияның негiзгi міндеті қоршаған кеңiстiкке ЭМ өріс толқындарын тиiмдi шығару болып табылады, сондықтан да оны қоршаған ортаға және адамдарға қолайсыз әсер етуші бастапқы фактор ретінде қарау керек. Мұндай ЭМ өріс шығарған толқындар адамдардың басым көпшілігіне әсер етеді. Санитарлық талаптарға сай, адамдар тұратын ғимараттарда, емдiк, мәдени, бала оқытатын мектептер және орта білім беру оқу орындарында ЭМ өріс әсерін ұзақ уақыт пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Ұялы байланыс. Ұялы байланыс құралдарының қазiргi адамдардың күнделiктi өмiрiне жаппай енгiзілуі оның зиянды әсерін ескеру қажеттілігінен туындаған басты мәселе болып тұр. Негізінен ұялы телефондардың шығаратын әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне зияны бар екендігі кеңінен талқылануда. 9. Компьютер және кеңсе техникасы. Адам ағзасына зиянды әсері жағынан дербес компьютерлер ұялы байланыстың сенiмдi бақталастары болып табылады. Зерттеулер, ДК-мен жұмыстың 45 минутынан кейiн қолданушылар организмінде маңызды шамадан тыс жүктеулер айқындалатындығын көрсетедi. Қазiргi заманда кеңсе үшiн маңызды техникалық құралдар компьютер, телефон, ксерокс - адам ағзасына өте қауіпті. Компь ютердің жүйелік блогы мен мониторынан шығарылатын электромагниттi сәулеленулер компьютердің айналасына толық таратылады, қауіпті электромагниттік өріс аймағы 2,5 м-ге дей ін жетуі мүмкін. 10. Тұрмыстық техника. Қазiргi тұрмыстық техника бүгінгі күнде адам үшін электромагниттік сәуле шығару көзі болып қалуда. Электр тогымен коректенетін барлық тұрмыстық техника электромагниттік өріс көздері болып табылады. Ең қуаттысы - ультратолқынды пештер, аэрогриль, электрлік плиткалар. Ультратолқынды пештерден (УТП) басқа барлық тұрмыстық техника жиілігі 50Гц электромагниттік толқындарды пайдаланады. УТП-терде жұмысшы жиілігі 24ГГЦ-тi құрайтын өрiстiк арнайы ультратолқынды өріс генераторлары қолданылады. 11. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары. Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн әрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне әкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Бiрқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нәтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, организмге бiрден әсер ете қоймайды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабiлетiн төмендетедi. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда 47