¹ 3 ( 3 ) 2015
бірқатар жаңа міндеттер қойып , табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді . Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы , тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі , адамзаттың энергиямен қарулануының артуы , жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы , ауыл шаруашылығын интенсивтендіру , халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады .
Ластану дегеніміз ауаның , жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы , ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің , жануарлардың , адамның өміріне , өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне , табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін . Энергия көзі ретінде көмір , мұнай , табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді [ 2 ]. 2 . Табиғи ластану . Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады . Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нәтижесiнде түзiледi .
Шаңның үш түрi болады : минералдық ( органикалық емес ), органикалық және космостық . Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы , вулкандар атқылауы , орман , дала , торфтардың өртенуi , теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады . Органикалық шаң ауада аэропланктондар - бактериялар , саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары , т . б . түрiнде және өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау , ашу , шiру өнiмдерi түрiнде болады . Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi .
Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi роль атқарады . Ол су буларының конденсациялануы үшiн , олай болса жауын-шашынның түзiлуiне әсер етедi . Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сәулелерiнен қорғайды . Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы , оның iшiндегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек , аммиак , көмiрсутектер , азот , көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне әкелiп соғады .
3 . Жасанды ластану . Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi , әсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады . Есептеулер бойынша , ( слайд ) автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы - 9 %, көмiртек оксидi -4 %, көмiрсутектер - 0,5 %, оттек - 4 %, сутек -2 %, альдегидтер - 0,004 , азот оксидтерi - 0,06 %, күкiрт оксидтерi - 0,006 % барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады . Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27 % қорғасын болатыны анықталған .
Қазiргi кезде бүкiл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса , үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi . Мысалы , Лос- Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль , Парижде - 900 мың , т . с . с . ластайды . Ал әрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi , т . с . с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi . Яғни физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды [ 3 ].
Жылу электр станциялары . Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып , атмосфераға шамамен 5т күкiрттi ангидрид және 16-17 т күл бөледi . Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететiн жағылатын отынның сапасы , жағу әдiстерi , газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi .
Ýêîëîãèÿ
ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама азайтады .
Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi . Есептеулер бойынша , реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг / м3 альдегидтер , 6,5 кг көмiртек оксидi , 1,7 кг көмiрсутектер , 4,3 кг азот оксидтерi , 6,3 кг / м3 қатты бөлшектер бөледі .
Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет , 8 сағат ұшу кезiнде осы уақытта 25000га жердiң орманы бөлетiн оттектi жұмсайды . Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы , мұнай , газ өңдеу өнеркәсiптерi , транспорт , термоядролық қаруларды сынау , т . б . арқылы жүредi . Бұлардың әрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады . Ауа кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi , күкiрт пен азот қосылыстары , көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң . 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi ( СО ), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы , 150 млн тонна күкiрт оксидi , 53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi [ 4 ].
Биосфераның ауыр металдармен ластануы - ғылыми техникалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi болып отыр . Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса , оның түрлi техника , құрал жабдықтар , қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана , олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып , ластап отыр деуге болады . Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға таралған . Көмiр жанған кезде күл және түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi .
Ауаның ластануы адамның денсаулығына , экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне , т . с . с . көптеген организмдерге зиянды әсерiн тигiзедi . Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сәуленi - жылу сәулесiн сiңiредi , оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына әкелiп соғуы мүмкiн . Атмосферадағы озонның мөлшерi ( көлем бойынша ) 20 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады және бактерицидтiк қасиетi бар .
Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр . Қышқыл жаңбырлар ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi . Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылып , су мен топырақта көп мөлшерде жинақталып тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi . Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады . Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды [ 5 ]. 4 . Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы . Атмосфераның радиоактивтi ластануы нәтижесiнде радиациялық әсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады . Радиациялық әсер - радиоактивтi ыдырау кезінде бөлiнетiн радиоактивтi сәулелердiң әсерi . Бұл сәулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi . Бөлiнген радиоактивтi сәулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп , биологиялық процесстердi бұзып , организмде түрлiше физикалық , химиялық және физиологиялық , ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады .
Радиациялық әсерлердiң шығу көздерi баршаға мәлiм , қарапайым космостық сәулелерден бастап , экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау , атом ядролық станциялардағы авариялар , т . с . с . Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын , двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн . Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң , не аэрозоль түрiнде болады , олардың азғантай
46