¹3 (3) 2015
жақтырмады, наразылық сипатына ие және жылан
адамға қауіп-қатер әкеледі. Ал "С головой закутанная в
черный плащ" (11;74) деген жолдарды "Басына қара
жамылған бір әйел" (9;14 ) деп берген. "Қара жамылған"
деп қазақ халқында қаралы, қайғыға душар болған
адамды айтады. Мағжан "черный плащ" сөзін "басына
қара жамылған" деп беру арқылы ананың қайғысын
білдіруге тырысады.
Қазақтың ұлт ретінде сақталуының басты белгісі -
тілінің, салтының, ділінің сақталуы. Ал бұл өз кезегінде
әдебиеттің сақталуына тікелей байланысты, себебі
Ýäåáèåòòàíó
әдебиет - халықтың төл мәдениеті мен таным-түсінігінен
хабар берер ұлы өнер. Қазақ халқының тағылымды
тарихы мен дүниетанымы, өмірге деген ойшыл көзқарасы
мен талап-тілегі қазақ әдебиетінің қойнауында
көмкерілген. Қазақ әдебиеті қазақ халқының бар
арманын, ой-қиялын, ашу-ызасын, өршілдік рухымен,
жалынды жігерін өз бойына жинақтаған. Қорыта келетін
болсақ, Мағжан - әрбір сөз қолданысында, аударма
барысында халықтың танымы мен ерекшеліктерін
ескеріп отырып, ХХ ғасырдың басындағы прозаның
қалыптасып, дамуына өзіндік үлес қосқан дарын иесі.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, 1-том./ "Қазақ энциклопедиясының" бас редакциясы. - Алматы, 1998.- 543б.
2. Құттықожаев И. М.Жұмабаев поэзиясының мәдени негiздерi // Қаз.тiлi мен әдебиетi.-2000, N7.- 43 б.
3. Мақпырұлы С., Сыдықов Т. Қазақ әдебиеті. ІІ бөлім: оқулық. - Астана. Фолиант, 2007- 28б.
4. Кольцов. А. В. Стихотворения. - Москва: Детская литература, 1979 жыл. 36 б.
5. Жұмабаев М. Көп томды шығармалар жинағы. 2- том.- Алматы: Жазушы, 2005 ж. 177-178 б.
6. Лермонтов М. Ю. Избранные произведения.- Москва: Художественная литература, 1985 ж. 65 б.
7. Алқалы топтың ажары.Жинақ/құаст. - С.Жекеев. Алматы: "Жалын баспасы" ЖШС, 2005.- 258 б
8. Аманжол Қ. Дариға, сол қыз. Өлең-жырлар. - Алматы: Атамұра, 2003. - 212б.
9. М. Жұмабаев. Көп томды шығармалар жинағы. 3- том.- Алматы: Жазушы, 2005 ж. - 10-50 б.
10. Горький М.. Макар Чудра и другие рассказы.- Москва: Детская литература, 1988 жыл. 60-80 б.
11. Горький М.Мать. Рассказы.- Алма-ата: "Казахстан", 1980 жыл. 40- 80 б.
12. Кенжеахметұлы Сейіт. Жеті қазына. 2-кітап -Алматы: Ана тілі, 2006
13. Толковый словарь русского языка для школьников /сост. Карантиров С. И.- Москва, 2003.
44