Ýäåáèåòòàíó
жұмсартқан ана " әңгімесі. Бұл шығарманы ол М. Горькийден аударған. Орысша нұсқасы: " С того дня, как умер сын Джигангир и народ Самарканда встретил победителя злых Джеттов одетый в черное и голубое, посыпав головы свои пылью и пеплом, где она поборола его,- тридцать лет Тимур ни разу не улыбнулся- так жил он, сомкнув губы, ни пред кем не склоняя головы, и сердце его было закрыто для состродания тридцать лет!"( 11; 60) Қазақша нұсқасы: " Шын халқын жеңіп қайтып келе жатқан Темірді, оның Жәңгір ұлы өлген соң, Самарқан халқы қара салып, бастарына күл-топырақ сеуіп қарсы алған күннен бастап қайсар Темір Отырарда ажалменен айқасып, ажал оны жыққан сағатқа шейін отыз жыл бойына бір езу тартып күлмеді. Осылай отыз жыл бойына жұмған ернін бір ашпай, өмір бойына ешкімге бас имей, тірі жанды жүрегі аяу дегенді білмей өмір сүрді Темір "( 10; 19)
Қазақ халқы өз дүниетанымында Қытай халқын- Шын, Египетті- Мысыр, Сирияны- Шам, Үндістанды- Машын деп атаған.( 12; 73) М. Горький шығармасында: " Пировал Тимур-бек в прекрасной долине Канигула, покрытой облаками роз и жасмина- в долине, которую поэты Самарканда называли " Любовь цветов " и откуда видны голубые минареты великого города, голубые купола мечетей "( 11; 60) Қазақша нұсқасы: " Ақсақ Темір Қанығұлдың әдемі алабында сауық құрып жатыр еді. Қалың бұлттай гүлдер жапқан Қанығұлдың алабын Самарқанның ақындары " гүлдердің махаббаты " деп атаушы еді. Бұл алаптан зор шаһардың заңғар мұнаралары, мешіттердің заңғар күмбездері көрініп тұрушы еді ".
Бұл үзіндіде Мағжан " роза, жасмин " сөздерін аудармайды. Оларды жалпы сөзбен " гүлдер " деп атайды.
Роза- кустарниковое растение семейства розоцветных с красивыми крупными душистыми цветками и со стеблем, обычно покрытым шипами.( 13; 482) Жасмин- садовый кустарник семейства маслиновых с белыми душистыми цветками( 13; 152). Біздің ойымызша, егер бұл сөздерді аударғанда оқырманның көпшілігі ұқпаушы еді. Өйткені қазақтың жерінің кез келген түпкірінде бұл гүлдер кездесе бермейді. Оқырман бұл гүлдерді елестете алмайды. Ал шығарманы оқығанда көз алдына елестете алмасаң, бастапқы мағынаны түсінбейсің. Орыс тілінде: " Пятнадцать тысяч круглых палаток расскинуто в долине широким веером, все они как тюльпаны."( 11; 60) Қазақ тілінде: " Жабылған кең желеуіш сықылданып сол алапта бәрі де жауқазын гүлдей он бес мың отау-шатыр құрылған "( 9; 19). Жауқазын ол ерте көктемде, қар кетісімен шығатын ақшыл сұр түсті гүл. Қазақ жерінде жауқазын көптеп кездескендіктен, әрбір қазақ баласына таныс. " Темірді жұмсартқан ана " шығармасын оқығанда: " На его стройной седой голове- белая шапка с рубином на острой верхушке, и качается, качается- сверкает этот кровавый глаз, озирая мир "( 11; 61). Мағжанның аударғаны: " Оның ақ шашты аруақты басында ақ бөрік, ақ бөріктің шошақ төбесіне қып-қызыл жақұт орнатылған. Шошақ төбе тоқтаусыз шайқалғанда қанды көзі әлем біткенді ішіп-жеп бара жатқандай болады "( 9; 20). Мағжан " на его страшной седой голове " дегенді " ақ шашты аруақты басында " деп аударады. Бұл жерде аруақ деген сөзді алғаны, өйткені аруақ- қасиетті, киелі деп танылған рух, күш-қуатты білдіреді. Яғни, Әмір Темірдің қаншалықты күшті екендігін көре аламыз.
Аудармадағы тағы бір өзгешелік:
¹ 3( 3) 2015
Қара түнде жұлдыз сұлу- білемін, Алтын күннен күндіз сұлу- білемін. Маған барлық үлбіреген гүлдерден Бота көзді бір қыз сұлу- білемін( 9; 25). деген өлең жолдарындағы " бота көзді " тіркесі орысша нұсқасында: Ах, прекрасны звезды в небе полуночи- знаю! И проекрасно солнце в ясный полдень лета- знаю! Очи моей милой всех цветов прекрасней- знаю! И улыбка ласковое солнца- знаю!( 11; 65) Бота көзді- әдемі, дөңгелек, үлкен, қара көзді. Қыз жанарының әдемілігі мен тартымдылығын " бота көз " деп суреттеу қазақ үшін таныс, дүниетанымына жақын, төл тіркес десек, қателеспейміз. Ақын да осы тіркесті қолдану арқылы шығарманы оқырман ұғымына жақындата түседі.
Шығармада кездесетін қазақ халқына түсініксіз сөздерді Мағжан басқа сөздермен алмастыра отырып аударады. Мағжанның басты ұстанымы- шығарманың өз оқырманының түйсігі мен түсінігіне жетуі, санасында сараланып, мән-мағынасының толық ашылуы. М. Жұмабаевтың М. Горькийден аударған тағы бір шығармасы " Ана " деп аталады. Мағжан шығарманың қайғылы мазмұнын бұлжытпай аударып береді. Бірақ ол шығарманы " Ана " деп атайды. Ал Максим Горькийде " Сатқынның анасы " деп аталған. Мағжан бұл қасиетті сөзбен шығарманың маңыздылығын, мазмұнын, айтпақ идеясын ашып бергісі келеді, жылы сөзбен " Ана " деп атайды. Бұл шығармада да Мағжан қазақ халқына таныс емес сөздерді басқа сөздерге ауыстырады немесе мүлде қолданбайды. Мысалы: " Сөйтіп, барлық беті ашылып қалған соң, қалаға жаудың доп-зеңбіректері шойын мен қорғасын себе бастады "( 9; 13).
" Город был открыт со всех сторон, и почти каждый день пушки и мушкеты врагов осыпали его чугуном и свинцом "( 11; 74).
Мағжан Жұмабаев бұл үзіндіде " мушкеты " деген сөзді мүлде қолданбайды. " Мушкет- старинное ружье крупного калибра с фитильным замком "( 13; 294)
Шығармада Мағжан тағы " жырау " сөзін қолданады. Жырау- зарлау, жоқтау мағынада қолданып тұр. " Сұңқар жыры " деген шығармасында да " жырау " сөзі " зарлау ", " жоқтау " деген мағынада қолданылған деген қортынды жасауға болады. Мысалы: " А вокруг, преследуя ее, жалобно ползали печальные звуки: стоны, плач, молитвы и угрюмый говор солдат, потерявщих надежду на победу "( 11; 75).
Қазақ тіліндегі аудармасында: " Оның артынан қалмай қасіретті үндер еңбектеп бірге жүрді: ыңқыл, жылау; жырау, жауды жеңу үмітінен айырылған қолдың тұнжыраған күбірі "( 9; 14). Осы шығармада Мағжан " дьявол " сөзін " малғұн " деп аударады. Өйткені қазақ халқында жынды, шайтанды атымен атауға болмайтын. Сондықтан Мағжан табуды қолданады. Халық шайтанды " малғұн " деп атаған. Мысалы: " Но ты не нужна городу даже как заложницатвой сын не заботится о тебе, мы думаем, что он забыл тебя, дьявол, и- вот тебе наказание, если ты находишь, что заслужила его! Это нам кажется страшнее смерти!"( 11; 76) Қазақ тілінде " Бірақ мынау қалаға сенің кепілдікке де керегің жоқ. Ұлың сені керек қылмайды ғой, ол малғұн сені ұмытқан шығар. Күнәңді өзің мойныңа алсаң, сол жаза саған жазалыққа татыр "( 9; 16).
Ақын көркем сөз қолданысына ғана емес, ұлттық дүниетанымға жақын сөздерді, қазақи түсінік пен көзқарасты да білдіруге тырысады. Мысалы: " Со стен видели, как все теснее сжималась петля врагов ".( 11; 74)
Аудармасында: " Қала халқы қорғаннан жау құрсауының жыландай жиырылғанын көріп тұрды "( 9; 13) деп берілген. Құрсауының жыландай жиырылғаны дегені, өйткені " жыланша жиырылу " ұғымы қарсы болды,
43