¹ 3( 3) 2015
сөзбе-сөз аударған жоқ. Тағы бұл өлеңде Мағжан өзі тұжырым жасайды, автор ретінде ақыл береді: Жоқты күтпе. Оқ қайтпас, бір атқан соң Қайтып татар нәрсе емес, бір атқан соң Ізі жоқ іздеп табар, құр қаңғырма Күнбатыстан күн шықпас, бір батқан соң!( 5; 177) Орыс тіліндегі түпнұсқасында: Но, увы, нет дорог К невозвратному. Никогда не взойдет Солнце с Запада( 4; 36) Мағжан Жұмабаевтың сөз қолданысы, аударма барысындағы ұстанымы ұстазы Абайдың сөз саптауына ұқсас. Мысалы, Абай Құнанбайұлы өзінің М. Ю. Лермонтовтан / М. Ю. Лермонтов Д. Байроннан аударған / аударған " Еврейская мелодия " өлеңінде сәйкес аудармаға жол береді. Дәлелдер болсақ: Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей! Вот арфа золотая: Пускай персты твои, промчавшиеся по ней, Пробудят в струнах звуки рая.- деп келсе, ал Абай аудармасында: Көңілім меніц қараңғы. Бол, бол, ақын! Алтынды домбыраңмен келші жақын. Ішек бойлай он саусақ жорғаласа, Бейістің үні шығар қоңыр салқын.- деп келеді. Бұндағы ақынның " арфаны " " домбыра " ретінде беруі тегін емес. Себебі ақынның басты міндеті, мақсаты- оқырманының жүрегіне жол табу, өлеңнің қазақ қауымына түсінікті болуы. Ал адам түсініксізден гөрі, өзіне жақын, мәнмағынасы түсінікті дүниені құштарлана оқитыны белгілі. И. Крыловтың " Стрекоза и муравей " мысалын да Абай " Шегіртке мен құмырсқа " деп аударған. М. Жұмабаев та М. Ю. Лермонтов шығармаларын аударуға қалам сілтейді. Ақын аударған бір өлеңі- " Тұтқын "(" Узник "). Орыс тіліндегі түпнұсқасы: Отворите мне темницу, Дайте мне сиянье дня, Черноглазую девицу, Черногривого коня.( 6; 65) Мағжан аудармасында бұл өлең жолдары былай беріледі: Абақтыдан құтқарып, Сәулесін күннің көрсетші. Қаракөз жанға көз салып Қара жол жүйрік ат берші.( 5; 177) Мағжан өлеңді бұлжытпай аударады, бірақ бір сөзді қолданбайды- " терем ".
Терем- в Древней Руси: жилое помещение в верхней части дома или дом в виде башни.( 5; 564) Орыс тіліндегі шығарманың түпнұсқасында: Но окно тюрьмы высоко, Дверь тяжелая с замком. Черноокая далеко, В пышном тереме своем.( 6; 65) Қазақ тіліндегі аудармада: Есік берік, әйнек те, Дариға, бірақ тым биік. Қаракөзді аулақта Жатқан шығар жат сүйіп.( 5; 178) Біздің ойымызша, Мағжан " терем " сөзін аударған емес, өйткені қазақ халқына, оның оқырмандарына бұл сөз түсініксіз болушы еді. Ал оқырман оқығанын ұқпаса, оған бұл шығарма қызықты болмайды.
Осы шумақтағы " Дариға, бірақ тым биік " жолдарында қазақи түсінік пен ұғымға ғана тән " дариға " сөзі қолданылған. Осы сөз қолданысындағы " дариға " сөзін " Дариға, дәурен ", " Дариға, сол қыз ", " Дариға-ай, домбыраңды берші маған " сынды жолдарда да кездестіреміз. Бірақ әрбір қолданыста сөздің мағыналық реңктері әр түрлі екендігін байқамасқа болмайды. Мысалы, Т. Шапай жазған " Дариға, дәурен " әнінде:
Ýäåáèåòòàíó
Ой, дариға, дәурен! Әгигай-гиккай, гиккай-ай. Айналып алты қаздай қона алмаған, Дариға-ай, шіркін дәурен! [ 7,258 ]- деген жолдарда " дариға " сөзі- " жалған " деген мағынаға жуық қолданылады. Қасым Аманжоловтың " Дариға, сол қыз " өлеңінде де
" дариға " сөзі өзіндік бір сипатта қолданысқа ие: Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым, Күркіреп күндей өтті ғой соғыс. Келемін қайтып, өлеңімді айтып, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?! [ 8,200 ] Бұл өлең жолдарындағы " дариға " сөзі " шіркін " деген таңданыс мағынасын беретін сияқты.
Ал Мағжан Жұмабаев қолданысындағы " Дариға, бірақ тым биік " жолдарында ақынның өкініші, " әттеген-айы " білінетіндей.
Мағжан Жұмабаев 1924 жылы Горькийдің " Сұңқар жыры " деген шығармасын аударуға қалам тербеді. Б ұ л шығарманы аудару барысында тек өзіне ұнаған, танымына жақын үзіндіні аударады. Мағжанның бастапқы- мақсаты шығарманың мағынасын оқырманға жеткізу. Сондықтан ол тек жылан мен сұңқардың кездесуін, және сұңқардың ерлік өлімі туралы жазады.
Мағжан ішкі сезімін, кейіпкерге деген өзінің көзқарасын білдіреді.
Мысалы, шығарманың түпнұсқасында: " Волна потока его схватила и кровь, омывший, одела в пену, умчала в море "( 10; 205) деп берілген жолдар Мағжанның аудармасында " Домалап келе жатқан сұңқарды бұлақтың толқыны қағып алып, қанын жуып, көбікке бөлеп, теңізге зырқыратып ала жөнеледі "( 9; 52) деп аударылған.
Бұл сөйлемде М. Жұмабаев " поток "- " бұлақ ", " одела "- " бөледі " деп аударған, ал дәлме-дәл аударсақ " поток "- " ағын ", " одела "- " орады " болмақ. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бұлақ сөзіне мынандай анықтама беріледі: " Бұлақ- басты бастаулардан, қайнарлардан басталып, сай-жыралармен ағатын кішігірім су ". Бұлақ қазақ халқында тазалық сипатын білдіреді. Ағын қатты ағады, жолындағы бар нәрсені қиратып, өзімен бірге әкетеді. Ал бұлақ- тас жарып шыққан таза, мөлдір су. " Бөледі " дегенде баланы бесікке бөлегенін көз алдымызға елестетеміз. Бесікке баланы бөлеп салғанда, бала ананың махаббатын, жылылығын сезеді. Бөледі дегенде аялады, жылытты деп түсінеміз. Бұл сөздерді қолдану арқылы ол сұңқарға құрметін білдіреді. Сұңқардың жасаған ісін қолдайды, мақтан тұтады. Құстың ерлігін жақтап, аялап көбікке бөлейді. Мағжан кейбір сөздерді аудармайды, оның орнына қазақ халқына жақын сөздер қолданады. Мысалы, шығарманың түпнұсқасында: " В их львином реве гремела песня о гордой птице, дрожали скалы от их ударов, дрожало небо от грозной песни "( 10; 206) деп берілген жолдар Мағжан аудармасында: " Толқындардың жолбарыстай күңіренуінде Ер сұңқарды жоқтаған жырау бардай "( 9; 54) деп беріледі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде " жырау " сөзіне төмендегідей анықтама береді: " Жырау- халық поэзиясын дамытушы; ел тарихын толғаулар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жырлап жеткізуші ақын ". Мұнда ақын " жырау " сөзін басқа мағынада қолданады. Шығармада Мағжан " жырау " сөзін жоқтау, зарлау мағынада қолданған. " Ж о қ т а ғ а н жырау " деп аударғаны. Халық шығарманың мәнің, ең басты мақсатын түсінсін дегені. Әрбір сөздің мағынасын ұқсаң ғана сен әңгімені түсінесің. Ал ақын тек халыққа ғана арнап шығарма жазады. Халық ақынның шығармасын оқымаса, ақын болудың мәні жоқ. Сондықтан ақынның ең басты мақсаты- оның шығармаларын халық оқып, түсіну керек. Шығармалары халыққа қызықты, түсінікті болу керек. Мағжанның аудармаларының ішіндегі ең қызықты, әрбір адамның жүрегіне жақын шығармасы- " Темірді
42