EURASIAN EDUCATION №3 2015 | Page 43

Ýäåáèåòòàíó ¹ 3( 3) 2015
МҰҚЫШЕВА ГҮЛНӘР МҰХТАРҚЫЗЫ
" Экономикалық лицей " КММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, Семей қ.
Мағжан Жұмабаев- ХХ ғасырдың басында дамыған қазақ прозасының қалыптасуына әсер етіп, оның дамуына өзіндік үлес қосқан өз заманының кемеңгер тұлғасы. Бұл ретте ақын аудармаларының алар орны ерекше, себебі Мағжан орыс әдебиетінің озық үлгілеріне қазақ тілінде тіл бітіру арқылы қазақтың әдебиет қазынасына жаңа сом туындыларды әкелді. ХХ ғасырдың басында қалыптасып, тамыр жая бастаған қазақ прозасының бой түзеуіне өз еңбегін сіңірді.
Мағжан Жұмабаев аудармалары ақынның өзіне ғана тән сипатқа ие, себебі кез келген аудармада аудармашының дүниетанымы мен бітім-болмысы көрініс береді. Сәтті аударма халықтың төл туындысына, сол халық әдебиетінің бел баласына айналады. Мысалы, Абай Құнанбайұлы аударған әр кейіпкер қазақтың көңіліне жақын, жүрегіне жылы бейнеге айналғаны сөзсіз. Мағжан аудармалары да сондай. Мағжанды оқығанда да халықтың төл туындысын оқығандай боласың. Мағжан Жұмабаев аударған әр тақырып халыққа жақын, жүрегі мен жанын тербетер әсерлі. Мүмкін бұл ақынның өзіндік шеберлігінің арқасы, халыққа жақын, таныс болар тақырыпты таңдап алғандығынан болар. Көркем шығармаларды аударғанда, бірінші кезекте, түпнұсқаның көркемдік-эстетикалық әсерін беру міндеті тұрады. Қалай болғанда да аудармаға қойылатын ең басты талап- аударылатын мәтіннің өзіне тән ерекшеліктерін( стильдік, көркемдік, т. б.) толық сақтай отырып, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін өзгертпей жеткізу [ 1,543 ].
Сонымен қатар, аударманың сәтті болуы үшін қойылар бірқатар шарттар да бар: 1. аударманы оқырман төл туындыдай қабылдауы тиіс, 2. түпнұсқа мен аударма тепе-тең келуі керек, 3. автордың айтайын деген ойындағысын жете ұғу қажет. Біріндегі асыл мұраны екіншісінің төл қазынасына айналдыру- үлкен еңбек. Яғни, аудармашы- достық дәнекері [ 2; 43 ]. Ең алдымен, аудармашы аударатын тілді жетік білуі керек. Ол үшін тілдің сөздерінің қалай аударылатынын білу жеткіліксіз, шешендердің, ақын-жазушылардың еңбектерін оқып, түсіне білу қажет. Жан-жақты терең оқып зерттемегендер сөздің нақты мағынасын түсінгенімен, терең де астарлы мәніне жете бермейді.
Автор мақалада Мағжан Жұмабаев аудармаларындағы ұлттық дүниетаным мен көзқарасты, қазақ ұғымы мен түсінігіне ғана тән, жақын сөз қолданыстарын зерттейді. Аударма мәтінін шығарманың түпнұсқасымен салыстыра отырып, Мағжан аудармаларының көркемдік құндылығы мен автордың аккозионал сөз тіркестерін, айқындауға талпынған.
Автор в статье рассматривает слова и словосочетания, употребляемые в переводах Магжана Жумабаева, которые поддчеркивают отличительные черты, национальный калорит казахского народа. Сравнивая текст перевода М. Жумабаева с оригиналом старается определить стилистические и художественные особенности произведения, способы передачи мировозрения народа.
The author reports that the words and phrases that used in translation of Magzhan Zhumabaev which highlights the distinctive features, national calories Kazakh people. By comparing the translation with the original M. Zhumabayev author tries to define stylistic and artistic features of the work, methods of transmission worldview of the people.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ КӨРІНІСІ

Мағжан Жұмабаев өз аудармаларында өз терең білімін, қазақ, орыс тілдерін жетік біліп, өз заманындағы ұлт болашағы мен бостандығын ұстанған тұлға екендігін дәлелдейді. Ақын таңдаған тақырып та, ақын жазған тіл де халыққа жақын, ыстық.
Мағжан- өз шығармашылығында төлтума әдебиеттің, фольклор мен шығыстың классикалық поэзиясының дәстүрлерін терең меңгерген ақын.
Ол Гете, Рейне, Әбу Фирас, А. В. Кольцов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, И. И. Дмитриев, А. А. Блок өлеңдерін, А. М. Горький, В. В. Иванов, Д. Н. Мамин- Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударды [ 3; 28 ].
Мағжан- шебер аудармашы. Ақын аудармаларындағы ұлттық дүниетанымды саралап көрейік. Мысалы, Мағжан А. В. Кольцовтың " Песня старика " деген өлеңін аударып, ол өлеңді " Шалдың үміті " деп атайды.
Мағжан өлеңді сөзбе-сөз аудармаған, А. В. Кольцов шалдың нақты тілегін суреттеп білдірсе, Мағжан шартты райды қолданып, шалдың үмітін ғана оқырмандарға жеткізеді.
" Шалдың үміті " өлеңінің орыс тіліндегі түпнұсқасында: Приберусь и явлюсь Преждним молодцем И приглянусь опять Красным девицам!( 4; 36) Мағжан аудармасында: Солқылдап жігіт болып кейін қайтсам, Жаңғыртып ен даланы өлең айтсам! Қартайғанда, " кет!" деген бұраң белмен Бұрынғыдай айқасып бірге жатсам!( 5; 177) Осы өлең жолдарында орыс тіліндегі нұсқасында жоқ " Жаңғыртып ен даланы өлең айтсам " деген жолдар кездеседі. Бұл жолдар арқылы ақын қазақ халқының дүниетанымына жақын, өзіндік сипатты береді: қазақ халқында ән ұғымы қашанда ойын-сауықпен, тойдуманмен байланысты. Той-думанды, әсіресе, жастар сүйетіні мәлім. Бұл жолдардағы " өлең айтсам " тіркесі- " ән десе, ішкен асын жерге қояр " қазақтың ерекше қасиеті. Ен даланы жаңғыртатындай қандай қуатты дауыс керек десеңізші! Бойында күш-қайраты тасыған, тепсе темір үзер, от болып лаулап тұрған жігіт бейнесі көз алдымызға келеді.
Біздің ойымызша, Мағжан бұл аударманың бастапқы мағынасын жеткізіп, қазақ халқына түсінікті болсын деп
41