¹ 3 ( 3 ) 2015
Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіргендіктен , олар негізінен алғанда , іштей нақтылық , дерексіздік , жалпылық , жалқылық т . с . с . семантикалық категорияларды қамтитыны белгілі . Түр-түс атаулары мен нақты зат есімдерден жасалған тұрақты сөз тіркестер басқа типтерге қарағанда әлдеқайда көп . Аталмыш топтағы тұрақты сөз тіркестерін семантикалық тұрғыдан бірнеше шағын топтарға бөліп қарастыруға болады . Тұрмыс-салт фразеологизмдері . Тіл-тілде халықтың өмір сүру салтына , дәстүріне байланысты қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері де жоқ емес
Мәселен , " қара шаңырақ " - үрім бұтақ тараған үлкен үй , " қара орман " - ата қоныс , көне мекен , ескі жұрт , " ақ отау , ақ орда " - үлкен ақ киізден тігілген , " ақ жаулық " - құдай қосқан зайыбы , " қара бұқара " - көпшілік халық , " қара қазақ , қара халық " - хан , төре тұқымы емес , қарапайым халық , " қара құрым ( халық )" - өте көп , жер қайысқан т . б .
Ағылшын тілінде түрмыс салт-түрақты фразеологизмдер қатарын мынандай сөз тіркестері толықтырады : black continent ( қара континент , Африка ), black market (" қара " базар ), black bottle ( у , зәр ), Black Power ( қара нәсілділердің билігі , Америкадағы негрлер қозғалысы ), green house ( теплица , қысты күні өсімдіктер өс іретін жылы жай ), red type ( бюрократ ) т . б .
Зат есімнің негізгі объектісі деректі заттар болғанымен , олар дерексіз заттардың да атын білдіретіні белгілі . Тарихи тұрғыдан алып қарағанда , дерексіз зат атаулары деректі зат атауларының адам ойында ұзақ абстракциялануы нәтижесінде туады .. Яғни деректі заттардың қасиеттерін , ерекшеліктерін танып түсіну нәтижесінде адамдар санасында дерексіз ұғым ( лат . abstractio ) пайда болады . Сонан соң , осы зат жөніндегі түсінік негізінде зат атауы пайда болып , сөз қандай да бір мағынаға ие болады . Қазақ тіліндегі дерексіз зат атауларының пайда болуы халқымыздың тарихи асқан кезеңдерімен бірге жасасып , шындықтың , нақты заттардың негізінде пайда болды . Тілімізде түр-түс атаулары мен дерексіз зат есімдерден жасалған ақ бата ( оң бата ), ақ бейіл , ақ көңіл , ақ тілек , ақ сезім ( таза , мөлдір сезім ), ақ өлім ( өз ажалынан өлу ), немесе осы тұрақты сөз тіркестеріне қарама-қарсы мәндегі қара ниет , қара көңіл , қара тілеу , қара пейіл тәріздес тұрақты сөз тіркестері жоғарыда айтылған ойдың айғағы болып табылады .
Аталмыш құбылыс ағылшын тілі лексикасынан да кең орын алғанын байқауға болады . Мәселен , white magic ( белая магия , зияны жоқ сиқыршылық ), a white hope ( талантты , үміт күттірер адам ), a white lie ( зиянсыз өтірік ), the black art ( черная магия , қатерлі сиқыршылық ), black
Ò ³ ë á ³ ë ³ ì ³
ingratitude ( рақметі жоқтық , жақсылықты білмеушілік ), a black mood ( көңіл күйдің төмен болуы ), blue devils ( сары уайымға салыну , көңілсіздік ) т . б .
Жалпы алғанда , кез келген түр-түс фразеологизмдерін алып қарасақ та , олар өздеріне тән бояу реңктерімен адамның сезіміне әсер ететін , эмоциялы бояуы күшті тұрақты сөз тіркестерін жасауда атқаратын қызметі айрықша .
Қазақ және ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің келесі бір тобы түр-түс атаулары мен зоонимдер мен орнитонимдердің қатысуы арқылы жасалады . Жанжануарлар және құс атаулары басқа да зат атаулары сияқты да адамзаттың тұрмыстық қажетіне байланысты пайда болған . Ғасырлар бойы мал шаруашылығында қолданылып келген атаулардың көпшілігі тіл-тілдің негізгі сөздік қорына айналды . Төрт түліктің шыққан тұқымына , төлдеріне , ен-таңбаларына , сымбаттылығына , мінезқұлқына , еті мен сүтіне , жүні мен терісіне байланысты айтылған көптеген атаулар қазақ және ағылшын тілдерінің негізгі сөздік құрамының ішіндегі елеулі саласы болып табылады . Мәселен , " қоңыр қозы ". Қазақ халқы тамаша бейнелерді жақсы жануарлар айналасынан іздеп , өзінің ең асылын малға балаған . Баласын жақсы көргенде , " ботам , қозым , құлыным " деп еркелеткен . Көзі мөлдіреген аруды " бота көз " деп сипаттаған . Сондайақ , басқа да жан-жануарлар мен құс атауларының қатысуымен жасалған көк ит ( төбет ), көк серек , көк бөрі , сұр жылан , шұбар жылан , ақ иық ( төзімді бүркіт ), қара құс ( үлкен , мықты құс ), ақ сұңқар т . б . Ал , " қара қарға " тіркесінде қара сөзінің жағымсыз символдық мағынасы басым жатыр . Жоғарыда айтылған ойды ағылшын тілінде жиі қолданылатын төмендегідей тұрақты сөз тіркестері айқындай түседі . Мәселен , black swan (" қара аққу ", сирек кездесетін құбылыс ), White crow (" ақ қарға "), a dark horse (" қара ат ", сыры белгісіз адам ), a black sheep " антұрған қой ", жанұяға ұят келтіретін адам ), red cock (" қызыл әтеш "), өрт ), a white elephant (" ақ піл ", масыл адам ).
Қорыта айтқанда , екі компонентті түр-түс фразеологизмдеріне құрылымдық және семантикалық тұрғыдан талдау жүргізгенде , олардың құрамындағы қазық сөздерді анықтап алудың маңызы зор . Екі компонентті тұрақты сөз тіркестердің құрамында кездесетін түр-түс атауларының экспрессивтіэмоционалды сипаты екінші сыңарына қарағанда әлдеқайда басым болып , тұрақты сөз тіркестерінде көп жағдайда белсенді қызмет атқарады . Мұның негізін түртүсті білдіретін сөздер тобын басқа сөздер тобынан саралап көрсетіп тұратын ерекше бір қасиеті - символдық мағыналары мен алуан түрлі ауыспалы мағыналарында қолдану сипатынан іздеуіміз қажет .
ӘДЕБИЕТТЕР . 1 . Авалиани Ю . Ю ., Эжмирова А . М . К семантической структуре фразеологических единиц .// Вопросы фразеологии . Труды Самаркандского Гос . унив . им . Новаи . Баку , 1971 . -с . 29-33 . 2 . Байтелиев А . Қазақ тіліндегі есімді тіркестер және оларға тән белгілер // Қазақ тілі және әдебиеті мақалалар жинағы . Алматы , 1974 , 82-89 б . 3 . Жуков В . П . О сопоставлении многозначности фразеологической единицы и многозначностью слова . // Проблемы устойчивости и вариантности ФЕ . Тула , 1998 . - С . 195 -202 . 4 . Кунин А . В . Курс фразеологии современного англйского языка . М ., 1996 . 5 . Қоңыров Т . Теңеу және түр-түс атаулары . // Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары . Тіл әдебиет сериясы , 1984 , № 1 , 5 - 13 б . 6 . Назаров О . Сопоставительный анализ соматических фразеологизмов русского и туркменского языков . АКД , Ашхабад , 1973 . 7 . Посох А . В . Компонентный анализ семантики . // Методы изучения лексики . Минск , 1995 . - С . 38-47 . 8 . Эмирова А . М . О тематических стержневых словах в составе ФЕ современного русского языка . // Актуальные вопросы фразеологии . Самарканд , 1978 . -С . 64-65
26