EURASIAN EDUCATION №3 2015 | 页面 27

Ò ³ ë á ³ ë ³ ì ³
кісі өлтірушілер , баскесерлер тобы ), black mouth (" қара ауыз ", жалақор , өсекші ) тәрізді тұрақты сөз тіркестері жоғарыда айтылған ойды айқындай түседі .
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары оның грамматикалық та семантикалық та діңгегі болады . Бағыныңқы сыңар қызметіндегі сөз ( немесе тіркес ) басыңқы сыңарға грамматикалық жағынан да семантикалық жағынан да тәуелді болды . Тұрақты сөз тіркестеріне қазық болатын сөздерді анықтауда Ю . Д . Апресянның " мағына-мәтін " үлгісін пайдалануға болады / 2 , 45 /.
Біріншіден , фразеологизмдердің пайда болуына негіз сөздер - атауыш сөздер болу қажет ( зат есім , сын есім т . б .). Екіншіден , фразеологизмдерге қазық болатын сөздерді тұрақты сөз тіркестерінен алып тастаған жағдайда тіркес өзінің тұрақтылық мәнін жояды . Бір сыңары түр-түс атаулары болып келген тұрақты сөз тіркестерін құрылымдық типтерге топтастырғанда негізгі және қосалқы типтер деп екі көлемді топқа бөлуге болады . Негізгі типтерді өз ішінде екі сыңарлы үш сыңарлы және көп сыңарлы деп үш топқа бөлуге болады . Екі компонентті түр-түс фразеологизмдерін " Сын есім + Зат есім ", " Сын есім + Сын есім ", " Сын есім + етістік ", " Зат есім + сын есім " деп төрт құрылымдық топқа жіктеуге болады . Жоғарыда аталған құрылымдық топтардың ішінде біз " Сын есім + Зат есім " құрылымдық тобына толығырақ тоқталмақпыз .
" Сын есім + Зат есім " құрылымдық тобын мағыналық тұрғыдан төмендегідей бірнеше шағын топтарға бөлуге болады : түр-түс атаулары және анатомиялық атаулар , түр-түс атаулары және табиғат құбылысы немесе мезгіл атаулары , түр-түс атаулары және зоонимдер немесе орнитонимдер , түр-түс атулары және нақты немесе дерексіз зат есімдер т . б .
Сын есім + Зат есім ( анат . ат .). Тіл-тілде лексикасының қай саласы болсын адамның дене мүшелері атауларының қатысуымен жасалған сөз тіркестерін көптеп кездестіруге болады . Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерінің біршамасы түртүс атаулары мен соматизмдердің тіркесуі арқылы жасалған . Соматизмдер гректің " soma " - дене деген сөзінен пайда болған , яғни адамның және жануарлардың дене мүшелерінің атауларына байланысты сөз тобы немесе сөз тіркестері . Антопологтардың , этнографтардың және тілшілердің айтуына қарағанда , соматизмдер тілдегі ең көне сөз қатпарларының бірі . Сондықтан олар ( соматизмдер ) тұрақты сөздер құрамында кең түрде қолданылады . С . Кеңесбаев тұрақты идиомалар жөнінде : " Идиомалар әрбір тілдің өзіне тән категория болуымен қатар , бұл категория - басқа сөз тізбектеріне қарағанда анағұрлым көнеленген категория . Басқаша айтқанда , бірнеше сөз тобы идиом болу үшін көп уақыт , көп замандар керек " десе , тұрақты сөз тіркестер құрамында кездесетін дене мүшелері де көнеленген категория екені , олардың идиомаға айналуы үшін көп уақыт қажет болғаны айқындала түседі . Тұрақты сөз тіркестер құрамында соматизмдердің жиі қолданылуын кейбір экстралингвистикалық факторлармен де түсіндіруге болады . Адам өзін қоршаған ортаны өзінің сезім мүшелерімен танып-білетіні белгілі . Адам өзін қоршаған ортаны сезініп білуді ең алдымен өзінен бастайды . Бұл жөнінде О . Назаров былай дейді : " Человеческое тело является наиболее доступным и изученным " объектом " наблюдений человека с первых его жизненных шагов " ( 7 , 69 ). Сондай-ақ , А . М . Эмированың мына пікірі де жоғарыда айтылған ойды тұжырымдай түседі . " Свою ориентацию в пространстве , свою оценку окружающего человеку было " удобнее " соотносить , прежде всего , с частями своего тела " / 10 , 64 /. Тілімізде бірінші сыңары түр-түс атаулары екінші сыңары соматизмдер болып келген тұрақты тіркестер көптеп кездеседі . Мәселен , ақ білек , қызыл көз , қызыл
¹ 3 ( 3 ) 2015
тіл , көк мойын , көк маңдай , қара бауыр , сары ауыз , ала қол , боз өкпе т . б . Ағылшын тілінде де осы құрамдас тұрақты тәркестер баршылық . Атап айтқанда , black hand (" қара қолдылар " кісі өлтірушілер тобы ), black eye ( көгерген көз ) black foot ( Шотландия диалектісінде құда , құдағи ), blue nose ( суықтан қызарып тонған мұрын , канадалықтардың жалған , мазақ аты ) white hands ( ақ саусақ ) т . б . Түр-түс атаулары анатомиялық атауларымен тіркесе отырып , көптеген фразеологизмдердің пайда болуына себепші болып , тілдің даму кезеңдеріне орай бой көрсеткен түр-түс және анатомиялық атаулардың мағыналық өрісін , қалыпасу жайынан біршама мағлұматтар береді .
Сын есім + Зат есім ( табиғат құб ., мезгіл атаул .). Табиғат адам баласының еңбек етіп , өмір сүретін ортасы . Адам баласы табиғаттан тысқары , табиғатпен байланыссыз өмір сүре алмайды . Сондықтан адамзат ерте кезден-ақ өзін қоршаған табиғи ортаның , туған жердің табиғатына ерекше назар аударып келген . Күн көрісі табиғатпен тығыз байланысты болған қазақ елі туып-өскен жерінің тау тасын , жан-жануарын , өсімдік дүниесін , табиғатын білумен қатар , жыл он екі бойы бұлттың қабағына , күннің райына көз тігіп өмір сүрді . Мәселен , үскірік бораны бұрқыраған , сақылдаған аязды қыс мезгілі мен түсі суық тұманды күз айларының адамға да малға да жайсыз , соқыр мылқау күш екені белгілі . Мал бағумен күн көріп , көшіп-қонып жүрген қазақ халқына жылдың әр мезгілінің қалай әсер ететінін Абайдың төмендегі екі шумақ өлеңінен айқын көрінеді : Қырдағы ел ойдағы елмен араласып , күлімдесіп , көрісіп , құшақтасып , Шаруа қуған жастардың мойны босап , Сыбырласып , сырласып , мауқын басып , - деп қыстың аязы мен қара боранынан қалт-құлт етіп шыққан малшы қауымның жазды қандай қуанышпен қарсы алатынын көз алдыңа келтірсе , " Күз " өлеңінде шөп қурап , күн салқын тартқан көңілсіз күзді суреттей отырып : Кемпір , шал құржаң қағып , бала бүрсең Көңілсіз қара суық қырда жүрсең , - деп көшпелі елге күздің ең бір жағдайсыз кезең екенін көрсетеді . Міне осындай әлеуметтік факторлар нәтижесінде тілімізде құрамында түр-түс атаулары бар ақ боран , ақ түтек , көк аяз , сары аяз , қара боран , қара жаңбыр , қара нөсер , қызыл жел , сұр тұман т . б . тәрізді тұрақты тіркестер қалыптасқан . Жоғарғы аталған тіркестердің барлығында да түр-түс атаулары табиғат құбылыстарын білдіріп тұрған есім сөздердің бағыныңқы сыңары болып тұр . Сондықтан түр-түс атаулары бұл жағдайда өздерінің басыңқы сыңарларына ( боран , аяз , дауыл , жел , тұман , жаңбыр , нөсер т . б .) семантикалық қазық бола алмайды , өйткені аталған түр-түс фразеологизмдер тұрақты эпитеттер болып табылады . Мезгіл философиялық категория . Дүниеде болып жатқан қозғалыс , өзгеріс , құбылыстар - барлығы белгілі бір уақыт , мезгіл шеңберінде өтеді . Мезгіл жайындағы ұғымның пайда болуы - ұзақ процесс және оның тіл-тілде берілу жолдары сан алуан болып келеді . Мезгіл атауларының қатысуымен жасалған тіркестер халықтың тұрмыс-салтымен , өмір сүру жағдайларымен тығыз байланыста пайда болып , бірте-бірте тұрақты тіркестерге айналған . Мысалы , сары күз , қоңыр күз , қоңыр жаз , ала таң , қара түн , қара күз тәрізді тіркестері таң мен кештің , күн мен түннің жаз бен қыстың , көктем мен күздің сан алуан суреттерін көз алдыңа әкеледі . Жаратылыстың жайдары жазын , салқын күзін , әсем көктемін , ызғарлы қысын түр-түс атаулары арқылы көркем де әсерлі сипаттау - қазақ тілінің басқа тілдерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерінің бірі .
Құрамында түр-түс атаулары мен табиғат құбылыстары мен мезгіл атаулары бар тіркестер қазақ тіліне қарағанда , ағылшын тілінде айтарлықтай көп емес . Мәселен , black frost ( қара суық ), green winter ( қарсыз жылы қыс айлары ), white frost ( шық ), white night ( ұйқысыз түн ) т . б .
25