ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖАЙЫНДА
¹ 3 ( 3 ) 2015
Ò ³ ë á ³ ë ³ ì ³
Мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестеріне салғастырмалы талдау жасалынған . Дәлірек айтқанда , автор қос тілдегі екі компонентті түр-түс фразеологизмдеріне құрылымдық және семантикалық тұрғыдан талдау жүргізеді .
В статье дается сопоставительный анализ устойчивым словосочетаниям казахского и английского языков . В частности , автор делает структурный и семантический анализ двухкомпонентных фразеологизмов , образованных при помощи прилагательных цвета .
КАЛИМОВА ЖІБЕК ҮСЕМБАЕВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті " Аударма теориясы және практикасы " кафедрасының меңгерушісі , филология ғылымдарының кандидаты , доцент
In the article provides a comparative analysis of stable combinations of Kazakh and English languages . In particular , the author makes a structural and semantic analysis of binary phraseology formed using adjectives of color .
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ЖАЙЫНДА
Ғылымда белгілі бір объектіні зерттеу барысында түрлі тәсілдер қолданылатыны белгілі . Сондай тәсілдердің бірі - бүтінді оның құрамдас элементтеріне бөлшектеп қарау , басқаша айтқанда , күрделі заттар мен құбылыстардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау үшін , оларды жай бөлшектерге бөліп қарау тәсілі .
Бүтін мен оның құрамдас бөлшектерінің арақатынасы , олардың өзіндік ерекшеліктері өте-мөте күрделі құбылыс . Бұл мәселе жөнінде А . А . Реформатский төмендегідей пікір айтады : " Всякое целое предполагает свое составляющее , и любое составляющее есть часть целого . Одно без другого немыслимо " / 9,5 /.
Тұрақты сөз тіркестерінің сыңарларының ара қатынасы мәселесімен ғалымдар жарты ғасырға жуық уақыттан бері айналысып келеді . Компоненттік анализ тәсілінің пайда болуы жөнінде А . В . Посох былай дейді : " Анализ значений слов , исходящий из признания того , что значение каждого слова разложимо на составляющие его компоненты , получил название компонентного анализа " / 8,38 /. Кейбір тілшілердің пікірінше компоненттік талдау тәсілі Америкада этнолингвистика мектебінде пайда болған . Дегенмен , аталмыш тәсілдің тіл білімінде қолданыла бастауы жөнінде басқа да пікірлер баршылық . Аталмыш баяндаманың басты мақсаты - қазақ және ағылшын тілдеріндегі құрамында түр-түс атаулары бар кейбір тұрақты сөз тіркестерін құрылымдық және мағыналық тұрғыдан сипаттау . Көптеген фразеологтар тұрақты сөз тіркестерінде қазық ( стержневой элемент ) элементтің болатынын жоққа шығармайды ( Ш . Балли , В . В . Виноградов , Б . А . Ларин , С . Ожегов , Жуков В . П .). " Под смысловым центром понимается такой знаменательный элемент фразеологизма , доля участия которого в общем значении фразеологизма очевидна ", - дейді В . П . Жуков өзінің " О смысловом центре фразеологизмов " деген еңбегінде / 4,140 /. Мәселен , төмендегі құрамында түртүс атаулары бар ала көз , ақ көңіл , көк мылжың , қара ниет , қоңыр жел , сары аяз т . б . тәрізді тұрақты сөз тіркестерін алып қарасақ , мұндағы " ала ", " ақ ", " көк ", " қара ", " қоңыр ", " сары " сөздері тұрақты сөз тіркестерінің
мағыналарын айқындауда белсенді қызмет атқарып тұрғандығына көз жеткізу қиын емес . Дәл осындай мысалдарды ағылшын тілінен келтіруге болады : black frost ( қара суық - холода без инея и снега "), blue blood ( ақ сүйек - " голубая кровь "), green winter ( қарсыз жылы қыс - мягкая , бесснежная зима ), red cock ( өрт - " красный петух ", пожар ), a white man ( адал адам - порядочный , честный человек ), yellow boy ( антұрған , қорқақ адам - подлый , трусливый человек ) т . б . Сөз тіркестерінде түр-түс атауларының негізгі немесе қосалқы роль атқарып тұратындығы - олардың басқа сөздермен байланысуына байланысты болады . Дегенмен , түр-түс атауларын білдіретін сөздердің тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылған кезде қосалқы роль атқаратын жағдайы сирек кездеседі деуге болады . Мәселен , аталмыш сөздер зат есіммен қабыса тіркесіп , қандай да бір заттың иә құбылысының сынын , сипатын суреттеу кезінде , яғни өзінің тура мағынасында қолданылған жағдайда түр-түс атаулары сөз тізбегіндегі басқа сөздерге қазық бола алмайды . Мысалы , ақ қар - white snow , қара балық - black fish , қызыл гүл - red flower . т . б .
Қазақ және ағылшын тілдерінде түр-түс атауларының қолданыс аясы өте кең , әрі сан-салалы . Олар өздерінің тура мағынасында қолданылуымен қатар фразеологизмдер жасауда тірек сөздің қызметін атқарып , жаңа сөздердің , жаңа сөз тіркестерінің пайда болуына белсенді түрде қатысып отырады . Құрамында түр-түс атаулары еркін бар сөз тіркестерінің тұрақты сөз тіркестеріне айналуының басты себебі - түр-түс атауларын білдіретін сөздердің ауыспалы мағыналарының пайда болуы . Олардың ауыспалы мағыналарының пайда болуында шешуші роль атқаратын фактор - белгілі бір түстерге тән символдық мағына . Демек , түр-түс атауларының символдық мағыналары тілде тұрақты сөз тіркестерінің жасалуына түрткі болады . Мәселен , көптеген тілдерде " қара " сөзіне тән ежелден келе жатқан символдық мағына - ауыр қасірет , қайғы-зар , қиыншылық , жауыздық , үстемдік екені белгілі . Қараңыз : қара бауыр , қара жүрек , қара ниет , қара сойыл , қара тілек т . б ., немесе ағылшын тіліндегі black hearted ( қара жүрек ), the Black hand (" Қара қолдылар "
24