Þðèñïðóäåíöèÿ
Өйткені мұның қай-қайсысы болсын кезінде, өз дәрежесіне қарай, қазақ халқының этникалық болмысымен санасу арқылы, шаруашылық-мәдени типін ескеру арқылы және елдің географиялық орыаласу ерекшелігіне орай жасалған мемлекеттің саяси-құқықтық заңы ғой.
Демек, бұл заңдарды жетік білмейінше, көшпенділердің демократиялық үрдісінен жинақталған тәжірибеге арқа тіремейінше, бүгінгі тәуелсіз елдің, тәуелсіз заңын жасау мүмкін емес. Осы заңдарды қоғамдық өмірге енгізу, пайдалану арқылы мұрагерлік мәселесін шешуде билердің билігін де құқықтық қайнар көзі ретінде қолданамыз. Дәстүрлік құқықтарды билер өз тәжірибесі арқылы үнемі толықтырып, өзгертіп отырған. Азаматтық Кодексте мұраны алуға арнайы 60-шы тарауды түгелдей бөлген, яғни, мұрагер мұрадан бас тартпаса, мұрагерлік құқықтан айырылмаса, өсиеттің өкімі жарамсыз деп танылу салдарынан мұрагерлік құқығын жоғалтпаса мұра ашылған уақыттан бастап өзіне тиесілі мұраға немесе оның бір бөлігіне( үлесіне) құқық алады. Мұрагерлік ашылған жер бойынша, алты ай өткен соң нотариус куәлік беруге тиіс. Мұрагер осы алты ай ішінде мұрадан бас тартуға құқылы, ол үшін мұраның ашылатын жерінде нотариусқа арыз беруге тиіс, мұрадан өкіл арқылы да бас тартуға болады, бірақ оның күшін кейін қайтарып алуға болмайды. Мұрагер өзіне тиесілі мұрадағы үлесті басқа адамның пайдасына беруге құқылы, ол адам өсиет қалдырушы мұрадан тиісті емес және мұраның бір бөлігінен немесе шарт қойып бас тартуға жол берілмейді. " Мұраны бөлу мұрагерлердің келісімі бойынша оларға тиесілі үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде сот тәртібімен жүргізіледі ".
Сонымен қатар мұраны бөлісу кезінде болмаған, тұратын жері анықталмаған, анықталса да мұра бөлісуде болмаған, мұрадан бас тартпаған мұрагерлердің үлесін үш ай күтіп "... болмаған мұрагерге тиесілі үлесті бөлек шығарып, өзара келісім бойынша бөлісті жүргізуге құқылы ". " Іште қалған, бірақ әлі тумаған мұрагер болған кезде мұраны бөлу тек мұндай мұрагер туғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін. Егер іште қалған мұрагер тірі туса, қалған мұрагерлер оған тиесілі мұралык үлесті бөліп шығару арқылы ғана мұра бөлуді жүргізуге құқылы. Жаңа туған баланың мүдделерін қорғау үшін бөліске қатысуға қорғаншылық және қамқоршылық органның өкілі шақырылуы мүмкін ",- деп көрсетілген.
" Мұра ашылғанға дейін бір жыл ішінде мұра қалдырушымен бірге тұрған мұрагерлер тұрғын үйді, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-іші тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болады ",- деп көрсетсе, осы баптың 2-тармағында " Мұра қалдырушымен бірге мүлікке ортақ меншік құқығы бар мұрагерлер ортақ меншікте болған мүлікті мүраға алуға басым құқыққа ие болады ",- деп толықтыра түседі. Соңғы уақытта осы төтеннен келіп қандай жолмен болса да бірге тұруға құмар, орынсыз " жанашырлар " саны күн санап көбеюде. Мұның кесірі мұраны бөлген кезде қалайша байқалатындығын көріп отырмыз. Оның басым құқықпен сіңген еңбегін толық айқындап алу қажет. Қазақстан Республикасының Кодексінде мұралық үлестердің үстелуі де көзделген. Мұраның есебінен төлеуге жататын шығындар: мұра қалдырушының емделуіне, жерлеуге, мұраны қорғауға, өсиетті орындауға, мұраны, өсиетті орындаушыға төленетін шығындар мүра бөлінгенге дейін, мұра есебінен қанағаттандырылуға тиіс. Ал егер мұра қалдырушының өтелмеген кредиті болса, онда кредит берушілер мұрагерлерінен мұрагерге ауысқан мүлік құнының шегінде ортақ борышқор ретінде жауап беретін мұрагерге қоюға құқылы.
Қазір жеке шаруашылықтың түрі көбейді, соның бірі шаруа кожалығында оның мүшесі қайтыс болған жағдайда, оның үлесі мөлшерлес ақшалай өтемақы
¹ 3( 3) 2015
алуға құқы бар. Әрине, бүл өте сирек кездесетін жағдай, дегенмен иесіз қалған мұра болып, егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлері болмаса, мұрадан бас тартылса, иесіз қалған мүра есебінде жергілікті коммуналдық меншікке ауысады. Иесіз қалған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, сату жұмыстарын ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады, ал оны сату тәртібІн Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді, яғни, мүлік мемлекеттің меншігіне өтеді. Мұндай жағдай Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жиі қолданылып, 1945 жылғы 14 наурыздағы " Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік туралы " Жарлық шыққанға дейін жиі қолданылған болатын. Қазіргі мемлекет аралық байланыстың Қазақстан Республикасының азаматтары шет елдерде қайтыс болған жағдайлар мен сол елде жүріп-ақ өсиет етуіне байланысты шешіледі, яғни: " Мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзі азаматы болып табылатын елдің құқығын таңдамаған болса, осы Кодекстің 1112 және 1123- баптарында өзгеше көзделмегендіктен, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталады " немесе " Адамның өсиет жасауға және оның күшін жоюға қаблеттілігі, сондай-ақ өсиеттің жэне оның күшін жою актісінің нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзі азаматы болып табылатын елдің құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде түрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы өсиет немесе оның күшін жою, егер соңғысы акт жасалған жердің талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды " яғни Қазақстан Республикасы шетелде жүрген өз азаматының мұрагерлік құқын егер Қазақстан Республикасының зандарына кайшы келмесе мойындайды, таниды және қорғайды.
Қазіргі міндет Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің мұрагерлік құқыққа арналған бөлімін жетілдіре отырып, ұлттық санаға өзгеріс енгізуге күш салуға бағытталуға тиіс. Егер сана түзеліп, сынақты шақта қоғамдық мүддемен қатар жеке мүдде, адам құқы тиісті дәрежеде қорғалса, онда көп ұзамай уақыт талабы да ұлт, адам мүддесінін талабына қарай бейімделе бастайды, заң да өзгеріп, жаңаша қызмет атқарады. Адамзат пайда болғаннан бергі уақытта мұрагерлікке байланысты қабылданған заңдардағы мұраны бөлудегі ізгілік, әділдік, қайырымдылық, көрегендік, адамгершілік, имандылық қасиеттерді бүгінгі күнгі мұрагерлікке байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің мұрагерлік бөліміне толықтырулар енгізілсе деп ойлаймыз. Онда ұлттық ерекшелігіміз, мейірімділік, барды беліп қолдану, дүние- мүлік үшін ағайын, бауыр, туыспен араздаспау жағы ескерілсе екен. Осылардың барлығы ескеріліп жасалған заң базасының тұрақты, әрі мықты болуы азаматтардың ез ертеңіне сенімін арттыра түспек.
Мұраны алу туралы ереже Азаматтық кодексте тұңғыш рет айтылып тұр. Кодекстің 1072 бабына сәйкес, егер мұрагер кейін мұрадан бас тартпаса мұрагерлік құқығынан айырылмаса және оны мұрагер етіп тағайындау туралы өсиеттік өкімді жарамсыз деп танудың салдарынан мұрагерлік құқығын жоғалтпаса, ол мұра ашылған уақыттан бастап өзіне тиесілі мұраға немесе оның бір бөлігіне( үлесіне) құқық алады делінген, бұдан байқауымызша 1963 ж Қаз КСР-нің Азаматтық кодексімен салыстырғанда мұрагер іс жүзінде мұра мүлкін иелене бастаса немесе өлген адам тұрған жердегі нотариалдық кеңсеге мұраны алғандығы жайлы арыз берген болса, мұра қабылданады деп есептелген. Кәзіргі уақытта арыз берудің қажеті жоқ. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге міндетті
21