¹ 3( 3) 2015
болады. Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі. Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлік кезінде, егер нотариуста куәлік берілуін сұраған адамдардан басқа тиісті мүлікке не бүкіл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлік аталған мерзім өткенге дейін де берілуі мүмкін болған. Мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғандығы туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс болған. Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз берумен жасалған. Егер сенімхатты бас татуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкіл арқылы бас тартуға болған. Мұрадан бас тартуды кейінен күшін жоюға немесе қайтарып алуға болмаған.
Мұрагер өзіне сол үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығын жоғалтқан. Егер ол мұраға қалдырған мүлікті іс жүзінде иеленуге кіріссе не оған билік етсе, не оның осы мүлікке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзім өткенге дейін де жоғалтқан. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немесе кез келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы. Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас тартуға жол бермейді. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлікке шақырылса, ол осы негіздемелердің біреуі бойынша немесе екі негіздеме бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы болған. Мұрагер мұраның басқа бөлігі мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.
Бас тартылушы өсиеттік бас тартудан бас тартуға құқылы. Ішінара бас тартуға, ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас тартуға жол берілмеген. Бұндағы көзделген құқық бір мезгілде мұрагер болып табылатын бас тартылушының мұрадан бас тарту құқығына байланысты емес. Егер бас тартылушы осындай құқықты пайдаланса, өсиеттік бас тарту жүктелген мұрагер оны орындау міндетінен босатылған.
Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлуді талап етуге құқығы болған. Мұраны бөлу мұрагерлердің келісімі бойынша олар тиесілі үлестерге сәйкес, ал келісімге қол жетпеген кезде- сот тәртібімен жүргізілген. Бұндай ережелер барлық мұра немесе оның бір бөлігі мұрагерлерге нақты мүлік көрсетілмеген үлеспен өсиет етілген жағдайа, мұрагерлердің арасында мұраны өсиет бойынша бөлуге қолданылған.
Егер мұрагерлердің арасында тұратын жері белгісіз адамдар болса, қалған мұрагерлер, өсиетті орындаушы( мұраны басқарушы) және нотариус олардың тұратын жерін анықтауға және оларды мұрагерлікке шақыруға қисынды шаралар қолдануға міндетті. Егер осының алдындағы бөлікте көзделген хабардар ету кезінен бастап 3 айдың ішінде болмай қалған мұрагер мұраны бөлу туралы келісімге қатысу тілегі туралы қалған мұрагерлерді хабардар етпесе, қалған мұрагерлер болмаған мұрагерге тиесілі үлесті бөлек шығарып, өзара келісім бойынша бөлісті жүргізуге құқылы болған. Іште қалған, бірақ әлі тумаған мұрагер болған кезде мұраны бөлу тек мұндай мұрагер туғаннан кейін ғана жүргізілген. Егер іште қалған мұрагер тірі туса, қалған мұрагерлер оған тиесілі мұралық үлесті бөліп шығару арқылы ғана мұра бөлу жүргізуге құқылы. Жаңа туған баланың мүдделерін қорғау үшін бөліске қатысуға қорғаншылық және қамқоршылық органның өкілі шақырылған.
Мұра ашылғанға дейінгі бір жыл ішінде мұра
Þðèñïðóäåíöèÿ
қалдырушымен бірге тұрған мұрагерлер тұрғын үйді, сондай- ақ жабдықтары мен үй- іші тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болған. Мұра қалдырушымен бірге мүлікке ортақ меншік құқығы бар мұрагерлер ортақ меншікте болған мүлікті мұраға алуға басым құқыққа ие бола алған.
Мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетті шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге арналған шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға өсиетті орындауға, сондай- ақ өсиетті орындаушыға немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеу туралы талаптар ол мұрагерлер арасында бөлінгенге дейін мұра есебінен қанағаттандырылуға тиіс деп есептелген. Бұл талаптар барлық басқа, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етілген талаптардың алдында мұраның құнынан басымдықпен қанағаттандырылуға тиіс.
Мұра қалдырушының кредит берушілері өздерінің мұра қалдырушының міндеттемелерінен туындайтын талаптарын өсиетті орындаушыға( мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлік құнының шегінде ортақ борышқорлар ретінде жауап беретін мұрагерлерге қоюға құқылы. Тағы бір жағдай шаруа( фермер) қожалығының мүшесі қайтыс болған жағдайда мұра жалпы ережелер бойынша ашылған. Мұрагердің осы мүлікке жалпы меншіктегі оның үлесіне мөлшерлес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бәрі мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған деп танылған. Бұл жағдайда иесіз қалған мұра мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке ауысқан. Мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер бойынша жергілікті атқарушы органның арызы негізінде сот мұраны иесіз қалған деп танған. Егер мұраны қорғауға және оны басқаруға байланысты шығындар оның құнын асып түссе, мұра аталған мерзім өткенге дейін иесіз қалған деп танған.
Қазақстан Республикасы егемендігін альш, өзінің саяси тәуелсіздігін жариялағаннан бері көп мезгіл өте қоймаса да, қоғамда түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Әсіресе, ұлттық сана, ұлттық идея басты нысанға айналып, қоғамдық өмір мен мемлекеттік құрылыс және құқықтық жүйе салаларында соны серпін, жаңа леп, қарқынды күш беріп отыр. Бүл құбылыс ұлттық сана-сезім бастаулары мен құндылықтары биігінен қаралып, бағалана бастады. Мүны елімізде жүріп жатқан құқықтық реформалар мен жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары айғақтай алады. Мен зерттеу барысында қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқықтарының маңызды бір саласы мұра мен мұрагерлікті дербес құбылыс есебінде қарап, объективті түрде толыққанды қисындық бейнесін жасауды мақсат еткен едім. Қазіргі заң талаптары әсерінен мұра мен мұрагерлік институттары өзара қандас ағайындар арасында даудамайлар туғызып, жазылмайтын жараға, өшпенділік пен дұшпандыққа соғуы ықтимал. Сондықтан да атабабаларымыздың терең ойластырған мұра мен мұрагерлік жайлы заңдарының оңтайлы механизмдерін мұра мен мұрагерлік заңымызға енгізу, тіпті кейбір түстарын түгелдей сақтауды қалар едік. Қазіргі міндет мұра мен мұрагерлік мәселені шешудегі қабылданып жатырған нормативті актілерде мұрагерлік институттың реттеушілік, қорғаушылық, адамгершілік, әділдік жағына көбірек көңіл бөлген жөн. Себебі, мұрагерлік институт ол ежелден қалыптасқан мәңгілік біз оған тек ұлттық сипат берсек дейміз. Нәтижесінде, ұлттық қасиеттерімізді байытып, ұлттық санамызды арттыруға айтарлықтай үлес қосылды деп санай аламыз.
Әлемдегі болып жатқан оқиғалар, жаңандану
22