EURASIAN EDUCATION №3 2015 | Page 22

Þðèñïðóäåíöèÿ ¹3 (3) 2015 Мақала мұрагерлік құқықтың қазақ қоғамында қалыптасу тарихына арналады. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 60-шы тарауына жан- жақты талдау жасалған. Мақала магистранттарға, докторанттарға және заң саласы мамандарына арналады. Статья посвящена вопросу формирования права наследства в казахстанском обществе. Также автор делает всесторонний анализ 60 главы Гражданского Кодекса Республики Казахстан. Статья посвящена магистрантам, докторантам и специалистам сферы юриспруденции. ХАМЗИНА НАЗГҮЛ НҰРЖАНҚЫЗЫ The article discusses the history of the establishment of the law of inheritance in the Kazakh society. Also, provides a detailed analysis of Section 60 of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan. The ar- ticle will be interesting to undergraduates and doctoral students and workers in the legislation Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті, магистрант ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қай дәуірді алсақ та, бәрінде де адамзат баласы дүниеге келіп, өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуде мұра мен мұрагерліктің алатын орны ерекше. Қазақ халқының басқа халықтардан өзгешеленетін, әрі ежелден келе жатқан дәстүр-салттарының ішіндегі ең құндыларының бірі - мұрагерлік. Мұрагерлік институты тақ мұрагерлігі, енші беру, жасау беру, әмеңгерлік, жетімдері мен жесірлерін жатқа жібермеу сияқты ұғымдармен толығып, сомдалып, ширатыла түскен. Әр дәуірдің өркендеп- дамуына, дініне, мәдениетіне орай өзгеріп отырған. Қазақ халқының басынан өткен мұра мен мұрагерлік қағидаларының мәні әлі күнге терең, одан көптеген үлгі- өнеге алуға лайықты. Өкінішке орай, мұра мен мұрагерліктің әлеуметтік- қоғамдық мәні зор, мемлекет тағдырында алар орнының маңыздылығына қарамай, ұзақ мезгіл елеусіз, ескерусіз қалып келді. Тіпті тәуелсіздігіміз өз қолымызға тигелі бері де бұл мәселе кейін ысырылып, көлеңкеде қалып отыр. Отбасы мен некеде мұра мен мұрагерліктің айырықша орны бар екеніне мән берілмей, батыстық заң қағидалары күнделікті қағида мен дәстүрге еніп, қалыптасар болса, онда сөз жоқ, қазақ халқы өз болмысынан ажырап, дау-дамай көбейіп, туысқандық сезім мүлдем өшіп қалуы мүмкін. Еліміз тәуелсіздігіне ие болып, егеменді мемлекет болғанына қарамай заңгерлеріміз роман-герман отбасы және неке заңдарына көбірек үңілу үстінде. Оны біз 1998 ж. қабылданған Қазақ Республикасының "Неке және отбасы туралы" заңынан көре аламыз. Қабылданған заң өз күшіне енсе, қазақ отбасылары даму, бекем болу орнына күйреп кету қаупі бар. Сол себептен халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Сол руханияттардың бірі - осы мұрагерлік институты. Оның адамгершілік, ізгілік жағын мемлекетіміздің заңдарына енгізу жолдарын қарастыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тақырып осы күннің маңызды мәселесі болғандықтан, зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіліп, жан-жақты зерттеу міндеті кезек күттірмейтін мәселе екені айқын. Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепе-теңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық 20 пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, м