¹ 3( 3) 2015
керек болды. Осындай қаржы табу жолдарын қарастыруды Верный қалалық думасының алқысына салу жөніне шешім де қабылданатын болды. Шіркеу жанынан ашылған Приход мектептерінде негізінен қасиетті сынау тарапынан және жергілікті шіркеулер есебінен 5000 сом мың қасиетті сынау, 2320 сомын жергілікті шіркеулер бөлген. Ғасыр басына қарай приход мектебінде 1880 бала, 1905 ж. 2367 бала оқыды. Бұған 1904 ж. 23915 сом, ал 1905 ж. 32945 сом қаржы жұмсалды [ 3, 31 ].
Қазақ жерінде мешіттер салып, мұсылман мектептері мен медреселерінің ашылуына көмек көрсетіп, Орта Азия мен татар миссионерлері арқылы халыққа діни білім беру мақсатында діни әдебиеттерді таратты. Біраақ, 1877 жылы Халық Ағарту Министрлігі " Башқұрт, қырғыз( қазақ) және татар мектептерінің инспекторларына " арналған нұсқау жобасын жасады. Бұл жоба бойынша мұсылман мектептері қатаң қадағалауға алынды. Облыстың әсери губернаторлары, әсіресе, оқу басқармасы облыстағы барлық мектептер мен медреселерді олардың орналасқан жерін, ондағы оқытушылар санын, оқытудың жалпы бағытын және қаржыландыру көздері жөніндегі мәліметтерді білуге тиіс болды. Сабақтар тек патшалық цензурадан өткізілген кітаптардың негізінде ғана жүргізілді.
Көріп отырғанымыздай бұл көрсеткіштердің барлық санынан мектепті қаржыландыруына жіберілуінен Торғай облысынан, жер және жер салығынан 45,8 % түсті, Оралда 29,4 %, ауыл қоғамдарынан- Сырдария облысында- 35,6, Ақмолада 29,2, Семейде 25,4, қалалық қоғамдардан Ақмоладан 27,1 %, Семейден 22,5 %, Сырдариядан 22,3 % түсті. Орал облысынан басқа салалар 35,7 %, Ақмолада 11,4 % құрады. Мемлекет тарапына бөлу ісі Тоғай облысында 35,3 %, Жетісуда 34,7 %, Семейде 29,1 %, Орлада 24,5 %, Ақмолада 22,5 %, Сырдарияда 18 % мектепті қамтамасыз етуге арналған ортақ сомаға қосылды [ 4; қ. 15, т. 1, іс. 900, 5-7 п ].
Тұрғындардың әрқайсысына деген ортақ шығын Торғай облысында 19,5 тиынды, Оралда 16,2, Ақмолада 11,3, Сырдарияда 9,7, Семейде 7, Жетісуда 5,5 тиынды бастауыш мектепті құрады. Ферғана тұрғындардың әр адамына деген шығында Ресейде ақырғы орында болды, ол 2,8 тиынды құрады. Егер де тұрғындардың әрқайсысына Орта Азияда бастауыш мектеп жасында орташа есеппен 8,6 тиынды құраса, онда Европалық Россияда 36,1, Кавказда 32, Сібірде 21,4 тиынды құрады.
Қазынаның бастауыш мектепке деген шығындары одан да аз еді. Торғай облысында 6,9, Оралда 4, Ақмолада 2,5, Семейде 2, Жетісуда 1,9 және Сырдарияда 1,8 тиынды құрады. Сонымен қатар жер саласынан тұрғындардың әрқайсысы үшін бастауыш мектеп жасында Торғай облысында- 8,9, Оралда- 4,7, Сырдарияда- 2,3 тиын жіберілді. Верныйда 1867 жылы 17 наурызда ашылған екі кластық приход училищесіне алғашқы жәлә 1200 сом, станциялық мектептің әрбір мұғаліміне жылына 21 сом 45 тиын бөлініп тұрған. Бұл бөлінген қаржы империялық қазынаның есебінен емес, жергілікті қаражат көзінен құрылған еді., Мектеп ісіне деп облыстағы казак станциялары және қаладағы көпестер қаржы бөді. Жетісу облысындағы мектептерге мемлекеттік қаржы 1871 жылдан бастап бөліне бастады. Мектептерге деп империялық қазынадан 1871 жылы 2440 сом бөлінді. Кейінгі жылдары мұндай қаржының көлемі ұлғайып, 1876 жылға қарай 8970 сомға жетті. Бірақ бұл бөлінген қаржы облыстағы бірнеше мектептерді ғана ұстап тұруға жететін.
Мемлекет қазынадан бөлінген қаржы бастапқы кезде қазақ станциялары мен орыс поселкесіндегі тұрғындардың балаларын оқытуға жұмсалды, жергілікті қазақ-қырғыз балаларын оқытуға қазынадан қаржы бөлу көзделмеді. Оның үстіне бастапқы кезде жергілікті халық
Òàðèõ
орыс мектептеріне сенімсіздікпен қарап, балаларын орыс мектептеріне бермейтін. Сондықтан да патша әкімшілігі жергілікті халықтар арасында халық-ағарту ісін дамытуға қаржы бөлуін қажеті жоқ деп есептеді.
ХІХ ғ. соңына қарай орыс оқу орындары жүйесінің шет аймақтарда кең қанат жоюына қаржы тапшылығымен бірге мұғалімдердің жетістіктері де негізгі кедергінің біріне айналған еді. Осыған байланысты халық- ағарту министрлігі мұғалім мамандар даярлауының жаңа жолдарын қарастыра бастады. Халық- ағарту министрлігі шет аймақтағы орыс мектептерін мұғаліммен қамтамасыз ету жолы халық училищелерінің жанынан педагогикалық курстар ашу деп тауып 1810 жылы 31 наурызда мұғалімдер даярлайтын педагогикалық курстар туралы ережені бекітті.
Осы шешімге сәйкес шаңырақ басына 15-тиыннан салық енгізіп, оның өзі жыл сайын 1840 сом берді. Бұдан басқа мектеп бюджеті көптеген қайырымдылық жасау есебінен толықты. " 1876 жылдың желтоқсан айында Тоқмақ уезі қырғыз қауымының тілегіне сәйкес " осындай мектеп Верный қаласында да ашылды. Оған жетекшілік жасау мәртебеліі кеңесшінің тапсырмаларының аға чиновнигі Штовцқа жүктелді. Мектеп өлкенің бас басқармасы бекіткен Тоқмақ қырғыздарының қоғамдық шешіміне сәйкес жиналған қаржымен ұсталды.
Бастауыш мектептерде де оқытушылардың жетіспеуіне байланысты XIX ғасырдың соңына қарай Қазақстанда қысқа мерзімді педагогтік класс ашылды. Бұдан кейін, 1900 жылы Верный және Өскемен қалаларында қалалық училищелер жанынан оқу мерзімі бір жылдық педагогтік курстар ұйымдастырылды. 1910-1914 жылдары педагогтік кластардағы оқу мерзімі 3 жыл болып белгіленді.
Қазақстандағы ең алғашқы оқытушылар семинариясы 1903 жылы Семей қаласында ашылды. Онда қазақтың ұлы перзенттері Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтар оқыды. 1913 жылы оқытушылар семинариясы Верный, Ақтөбе және Орал қалаларында да ашыла бастады. Бірақ, бұл оқу орындары қазақ жастарынан оқытушылар даярлау жұмысына ойдағыдай көңіл бөлген жоқ. Тіпті 1911 жылы Верный ұлдар гимназиясында оқитын 361 оқушының арасында тек 10 қазақ балалары болған. Мысалы, 1916 жылы осы оқытушылар семинариясында барлығы 25 ғана қазақ жастары оқыды. Сондықтан орысқазақ мектептерінде сабақ беретін қазақ мұғалімдерінің саны аз болды. Тек Бөкей ордасында ғана 1913 жылы қазақ мұғалімдерінің саны 56,2 % құрады.
1912 жылғы жаңа оқу ережесіне сәйкес ендігі жерде әрбір бастауыш оқу орнында қанша класс болса, сонша мұғалім болу керек болды. Әрине облыстағы мектептерді жаңа талапқа сай мұғаліммен қамтамасыз ету мүмкін емес болатын. Болашақ мұғалімдердің жетіспеуінен бұл істі жүзеге асыра алмай отырмыз ",- деп жазған еді [ 5; қ. 15, т. 1, іс. 959, 1-7п ].
Облыстағы оқу орындарды мұғаліммен қамтамсыз ету үшін мұғалімдер семинарын ашу қажеттілігі жайлы экономикалық орындары 1909 жылдан бастап мәселе көтере бастаған еді. Түркістан генерал-губернатор Самсоновтың өтінішінен соң халық-ағарту министрі 1913 ж. Верныйда мұғалімдер семинарын ашуға рұқсат береді. Осылайша Верныйдағы мұғалімдер семинариясы 1913 ж. 5-қазанда ашылды. Мұғалімдер семинарының директоры болып Жамбыл облысының халық училищесінің инспекторы В. Светлов тағайындалды.
1915 ж. семинария жанынан 1-кластық училище ашылды. Мұғалімдер семинариясы кітапхана мен және типтік коллекциялар жинақтаған арнайы бөлме мен жабдықталды. Осылайша патша үкіметінің халық-ағарту саласы бойынша шеткері аймақтарда жүргізілген саясатын екі қырынан көруге болады.
14