EURASIAN EDUCATION №3 2015 | Seite 17

Òàðèõ Біріншіден: Жамбыл облысына қоныс аударған орыс тұрғындары балалары үшін патша үкіметі шама-шарқы келгенше бастауыш және орта білім беретін мектептер ашып, олардың міндетті түрде білім алуына жағыдайлар жасап бақты. Сонымен бірге орыс тұрғындары балалары үшін кәсіптік білім беру жүйесі де қолға алды. Екіншіден: жергілікті халық балаларын Жамбыл облысындағы орыс оқу орындарында оқытқанда патша үкіметі өзіне сенімді төменгі дәрежелі қызметтер даярлауды, әрі орыстану саясатын іске асыруды көздеді. Негізінен отаршыл әкімшілік жергілікті ұлт өкілдері балалар орыс - түзеу мектептерде оқытуға күш салды. Верныйдан қалалық училище жанынан 1900-1901 ж. оқу жылында педагогикалық курс ашылып, алғашқы мамандар даярлана бастады. 1901 ж. осы курсты аяқтаған 7 адамға халық училищесінің мұғалімі деген куәлік берілді. Ер балалар гимназиясында 9 оқытушы қызмет етті. Гимназияда бұдан өзге сурет салудан, ән-күйден, әскери гимнастикадан сабақ беретін бірнеше мұғалім және "Закон Божий" пәнін оқитын бір священник болды. Балаларды діннің негізімен оқыту және Орта Азия мен волж татарларының мұсылман шіркеулеріне мамандар к адрларын даярлау исламның енуімен тығыз байланысты болды. Алғашқы кезенде оқыту мешіттер мен басқа да жеке оқу орындарынде жүргізілген, ол Шығыстың басқа да елдеріндей еді, ол кейінен арнайы оқу орыны - медреселерде болды Орта Азияда медреселер жеке адамдардың қаржысына салынып қаражатталынған, өйткені ол "сауат" деп саналған, ол үшін болашақ өмірде "сыйлық " даярланған. Бірақ бұл "жеке адамдар" хандар мен әмірлер еді, өйткені олардың негізгі бағыты, әрине, "сауат" емес - тұрғындар арасында өз беделін көтеру және билеуші қызметін нығайту еді [6; қ.15, т.1, іс.902, 3, 6 п]. Орта Азиядағы үлкен медреселердің ғимараттары өзіндік архитектура бойынша салынғанды, оны ежелден жергілікті тұрғындар кірпішті қабырғадан жасалған тізу төртбұрыш етіп жасаған. Медреседе бірнеше дарс ханэ (сынып бөлмесі), худжры (қатысушыларға арналған кельисі),асхана мен ас үй және тағы басқалар болған. ¹3 (3) 2015 Сынып бөлмелерінде сабақ жүргізіліп, алкильиде қатысушыларға арналған жатақхана әзірленетін болған. Кельидің терезелері мен есіктері медреселердің ауласына қарап тұратын болды. Терезелерде әйнек және пештер болмаған. Медреселердің ғимараттарына тоқтала кететін болсақ онда олар қарапайым үйден ешқандай да өзгешеліктері болған жоқ. Қалаларда олар тастан, ал ауылды жерде ағаштан тұрғызылған Орта Азияның үлкен медреселерінде көбінесе медресенің негізін салушылар немесе басқа да адамдардың қайыр садақасына вакуфты мүліктен түсетін ақшаға қаражатталған. Вакуфты шаруашылықта өзінің жері, құрылыстары мен кәсіп орындары болған. (Караван Сарай, сауда орны, моншалар, диірмендер және т.б). Мысалы екі медресе "Тилме - нары" және "Ширдар" (Самарқанд) 1874жылы 11610 танапты, 25 жер уческесі, 8 сауда орны, 38000 тең жылына кіріс болған. "Ұлықбек" медресесінде 400 танаптың бір жер учаскесі, екі базары, 3950 тенек жылына кіріс беретін, 211 сауда орны болған [7; қ. 50, т.1, іс. 554, - 24, 16, 18 пп]. Қатысушылар мен медреседе оқытатын пәндерге тоқтала отырып, медреселерге, бұрын мектептерде құр оқып шыққан бастауыш мектепті бітіргендер оқуға түскендігін айтуға болады. Оқуға түскендер кейін "талиб - ұл - илым" деп аталған, ол "білімге деген құштарлық" деген мағынаны берген. Олар тағы сол сияқты ширдалар немесе оқушылар деп аталған. Медреселерге он бес жастан кіші емес ұлдар және үлкен ер жігіттер оқуға түскен. Олар медреселері бар қала мен ауыл тұрғындары сияқты және тағы сол сияқты келген адамдардың (мүсәпірлерден) тұрғындарынан жиналған қатысушылар өздерінің қаражаттарыннан медресенің кірісінің жартысын алып отырған, бірақ жай кезде оларға ең төменгі, ең аз бөлігі тиген. Мысалы, Ташкентте қатысушы жылына 50 тиыннан 1 тилиге (4 сом) дейін алған. Осылайша, қатысушылардың өздерін қамтамасыз ету үшін жағдай іздеулері керек болды. Бұл қаражатты олар тұрғындардың мейрамдарда немесе жанұялық мейрамдарда берілетін садақа ретінде алып отырған. Олар мысалы : некеге отыру, тұсау кесу, және тағы басқа; кей кездері олар кітапты қайта жазу, етік жөндеу және т.с.с жұмыстармен айналысқан. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Жанталин А. Қазақ арасындағы оқу-ағарту ісі // Қазақ 1913, №19. 2. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX-начале XX веков.-Алматы: "Жеті жарғы", 1996.-352 с 3. Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы.-Алматы, 1994. -31 б. 4. ҚРОММ. қ.15, т.1, іс.900, 5-7 п. 5. ҚРОММ. қ.15, т.1, іс.959, 1-7пп. 6. ҚРОММ. қ.15, т.1, іс.902, 3, 6 п. 7. ШҚОММ қ. 50, т.1, іс. 554, - 24, 16, 18 пп. 15