EURASIAN EDUCATION №3 2015 | Page 15

Òàðèõ ¹ 3( 3) 2015
БОЛАТОВА ҚАЛАМҚАС БОЛАТҚЫЗЫ
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты
Мақала Қазақстан жеріндегі білім беру ұйымдарының қалыптасу тарихына арналған. Автор тарихи құжаттар мен архивтік деректемелер негізінде XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан жерінде қызмет еткен түрлі формадағы білім беру ұйымдары жұмысының ұйымдастырылу ерекшеліктеріне тоқталады.
Статья посвящена истории становления учреждений образования на территории Казахстана. Автор статьи на основе исторических документов и архивных источников повествует об особенностях организации деятельности учреждений образования различной формы, действовавших на территории Казахстана во II половине XIX и начале XX веков.
The article is devoted to the history of the development of educational institutions in Kazakhstan. The author, based on historical documents and archival sources tells about the features of the organization of activity of educational institutions of various forms, operating on the territory of Kazakhstan in the II half of the XIX and early XX centuries.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

( ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басы)
XIX ғасырдың II жартысынан бастап патша үкіметі халықты экономикалық және саяси бодандаумен қатар рухани бодандау саясатына көше бастады. Бұл саясат- ұлттық мәдениетті жойып, жергілікті халықты орыстандыру мақсатын көздеді. Осы саясатты жүзеге асыруда халыққа білім беру жүйесі негізгі құрал ретінде қарастырылды. Білім беру жүйесі Түркістан өңірі училищелерінің бас инспекторы А. Кунның: "… білім түбегейлі түрде орыс мүддесін мақсат ету керек "- деген көзқарасына бағындырырып сәйкестендіріліді [ 1, 5 ].
Кейбір жағдайларда " түземдік тұрғындардың " баларын оқыту оқу орындарының есебінен жүзеге асырылды. 1872 жылдың 3 мамырында империялық қалалық училищелер туралы ереже бекітілді, онда өлкенің бас басқармасының рұқсатыменен " орыс балаларымен бірге қалалық училищелерде оқып жатқан түземдіктердің ер балалары үшін " оқытушылар пәтерлерін құру мүмкін болды. Құжатта оқытушылар пәтерін құрудың мақсаты дәл анықталып, Түркістан өлкесіндегі қалалық училищелерде оқып жатқан түземдіктердің балаларына орыс оқушыларымен бірге қалалық училищелерде оқытылатын ғылым курстарын игеруде мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау көзделінгендігі айтылады. Мұндай пәтерлер жергілікті қоғамдық қорлар есебінен ұсталып, қалалық училищеде меңгерушінің құзырында болды. Сондай-ақ, уезд бастығынан және " ықпалды түземдіктерден ", қалалық училищеде меңгерушісінен, оның көмекшісінен, мұғалімдер мен оқытушылар пәтерінің бақылаушысынан тұратын қамқорлық кеңесі құрылды.
Сонымен бірге олармен жұмыс жасау үшін бұрын қамқорлық уездік басқармасында қырғыз тілінің аудармашысы болып қызмет жасаған губерниялық хатшы Махоноин шақырылды. Ал, енді оқу мәселесінің Қапал пансионының бюджетіне келетін болсақ, негізінен 1875 жылы 4870 сом 74 тиынды құрады. 1875 жылғы қаржы бөлу туралы құжатқа сәйкес 464 сом 5 тиын балаларды күту мен киімдеріне, жылуға, жарыққа, үйді жөндеу мен оқу құралдарын алуға жұмсалған. Жиhаздар сатып алуға 98 сом 45 тиын, физикалық, химиялық кабинеттерді жабдықтауға 213 сом 73 тиын бөлінген. 408-сом 45 тиын етік шебері, орыс
тілі, қазақ тілі мұғалімдеріне жалақы беру үшін басталған.
Өмірдің өзі қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын көрсетті. Күн тәртібінде бір жағынан қоғамдық менталитеттің, екінші жағынан жергілікті әкімшіліктің алдына қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндіктер беретін оқу орындарының ерекше түрлерін құру міндеті тұрды. 1875 жылдың 1 қазанында Қаракөлде құрамында 10 оқушы, соның ішінде 9 оқушы қырғыз және 14 магометандық бар қырғыз мектебі ашылды. Мектепте балалар қырғызша және қазақша оқуды, жазуды үйренді. Қырғыз тілінде молда оқытып, оны орыс және қырғыз тілдерін білетін мектеп бақылаушысы тексеріп отырды. 1875 жылы мектеп бюджеті 1112 сом 42 тиын, ал 1876 жылы 1250 сом болды. Мектеп құрылған сәттен бастап, 1876 жылдың 10 мамырына дейін бөлінген қаржының 20 сом 90 тиыны шаруашылық жабдықтау мен жиhаздар алуға, 280 сом 77 тиын оқушыларға киім, ал 569 сом 38 тиыны тамақ, шәй, қант алуға жұмсалды [ 2,352 ]. Сонымен қатар бұл қорға, молдаға( 93 сом), бақылаушы мен күзетшіге( 34 сом) берілетін жалақылар да кіргізілді.
Мектептерді қаржыландыру 1875 жылы 18 желтоқсанда бекітілген, 9-қырғыз болыстарының шешім қабылдауларының нәтижесінде мүмкін болды.
Верный уездерінің қазақ үй сайын 20 т балаларды орыс оқу орындарында оқытамыз деп алым жинағанымен 1876 жылға шейін Верныйдағы Приход училищесінде бірде бір қазақ баласы оқымады. Мұндай алым Верный уезінде 1875-1876 ж. жиналды Верный уезіндегі 23 облыстан 20 тиыннан алынған алым 1875 жылы 6212 сом, ал 1876 6228 сом 80 т. болды. Осы жиналған қазақтардың ақшасының пайдасын қазақ балалары емес, орыс жұртының балалары көрді. Негізделген Верныйдағы ер балалар училищесінде ғана емес, облыстағы басқа да орыс мектептерінде оқу процесі дұрыс ұйымдастырылмай жатқан еді. Оқу ісін ұйымдастыруды қадағалауға жалғыз өлкелік инспектордың шамасы келе бермейтін. Сондықтан да облыстық әскери-губернатор Жамбыл облысында жеке халық училищесінің инспекторы керек деп тапты. Мұндай қызметті атқаратын адамды ұстап тұру үшін 3250 қаржы
13