Ïåäàãîãèêà
беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т. б. таным әрекеттерін жасайды.
" Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық " деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады-- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;- этнопедагогикалық тәрбие береді;- оқытушының уақытын үнемдейді;- қосымша мәліметтер береді.- Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:- барлық баланы оқыту;- оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;- білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;- оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену. Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымыз бен баурап алатынымыз сөзсіз.
Шәкірттер белсенділігін арттырып, қызығушылықтарын тереңдетуде көптеген ізденістер нәтижесінде тың табыстарға қол жеткізуге болады. Сөйтіп, өзімнің істәжірибемде шәкірттің әр талпынысын көңілден тыс қалдырмай, керісінше, баланың қызығушылығын арттырып, ой-өрісі мен санасының өрлеуіне жол ашуды басты мақсат етіп алудамын. Нағыз сабақ- ұстаз бен шәкірттің бірін-бірі түсініп, бірін-бірі қолдап, пікірлесе,
¹ 2( 10) 2016
кеңесе еткен еңбегі. Нағыз ұстаз алдындағы шәкіртін " оқушы " деп қана қарамай, жеке тұлға ретінде танып, әр түрлі педагогикалық амалдармен алға жетелейді, шығармашылық қабілетін дамытып, ізденіске тартады. Пәнге деген қызығушылығын арттырады. Өйткені оқып отырған пәніне қызыққан оқушы ғана өзінің қабілетін, біліктілігін жетілдіріп, сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеуге ұмтылады, ең бастысы өзінөзі танып, өзін-өзі бағалап, істеген ісінде бір дербестік пайда болады. Олай болса, кез келген сабағын терең де тиянақты мазмұнда, әдістемелік тұрғыдан биік деңгейде өткізе білу- әр мұғалімнің парызы. Мұғалімнің ізденісі жан-жақты болғанда ғана, оқушы сабаққа қызығады. Ал оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру- сол пәнді игерудің бірден-бір жолы екен белгілі. Жалпы осы технологияның жетістіктері мынандай болып табылады:
- Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі
- Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
- Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.- Шыншылдық пен әділдікке дағдыланады.- Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.- Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады.- Топпен жұмыс істеуге үйренеді. 9. Жан дүниесін тәрбиелейді. Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жетті. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы- ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын жаңашыл әдістің бірі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Исабаев А. Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері. Алматы: мектеп, 1973 2. Сарыбаев Ш. Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. І-бөлім., Алматы, ОПБ, 1956. Әлімжанов Д., Маманов Н. Қазақ тілін оқыту методикасы., Алматы: Мектеп, 1965 3. Инновационное обучение: стратегия и практика. / Под. ред. В. Я. Ляудис.- М.: Изд-во МГУ, 1994. 4. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических управленческих инноваций / Под ред. Н. В. Горбуновой. М.: Новая шк., 1995. 5. Слободчиков В. Новое образование-путь к новому сообществу // Нар. образование.- 1988.- № 5.- С. 3-5. 6. Кларин М. В. Инновационные модели учебного процесса в современной зарубежной педагогике: Автореферат дисс. док. пед. наук.- М., 1984.
93