ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
¹ 2( 10) 2016
Ïåäàãîãèêà
Мақалада қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі баяндалған. Сонымен қатар, оқытуды жаттандылықтан арылту жолдары, терең ойлауды іске асыру әдістері қарастырылады. Мақала мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық бағытта оқитын студенттерге әдістемелік көмек болып табылады.
БАЛҒАБАЕВА БАҚЫТГУЛЬ ҮНДЕУОВНА
Семей қаласының № 47 орта мектебінің бастауыш сынып пәні мұғалім
В статье освещаются вопросы эффективности использования новых технологий на уроках казахского языка. А также рассматриваются пути реализации глубокого анализа и устранения механического заучивания. Статья будет полезна учителям школ и студентам педагогических ВУЗов.
The article covers the issues of effective use of new technologies on the Kazakh language lesson. And alsoways to implement in-depth analysis and elimination of rote learning are discussed. The article will be useful for school teachers and students of pedagogical universities.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен-күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, мектеп оқушыларына қойылатын талаптарды күшейтуде. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат- жанжақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ойтолғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалімнің билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, оқушылардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.
Сол себепті біздер, сабақтарымызда бұрынғы қолданып жүрген әдіс-тәсілдермен қатар, жаңаша әдістерді де барынша тиімді пайдалануға ұмтылудамыз. Сондай әдіс-тәсілдердің бірі- сын тұрғысынан ойлау немесе оқушының ой-өрісін жетілдіру әдісі. Оқушы мұғалімнің айтқанын ұғып, түсініп қана қоймай, оны талдап, талқылап, өзінің ой елегінен өткізіп, таразылайды да, тиісті қорытындыға келеді. Сөйтіп барып, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, мемлекеттік тіл ол үшін қажеттілікке айналады, яғни ұстаз да өзінің алдына қойған асыл мұратына жетеді, мемлекет те жаңа көзқарастағы, жаңаша сапалы білім алған, парасатты, білікті азаматтармен қамтамасыз болады. Осындай күрделі міндетті шешуде озық тәжірибелер, жаңа технологияларды батыл пайдалануды қажет етеді.
Сыни ойлау- ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген- әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол- өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ- ол әрқашан диалог, ізденіс, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге
құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
" Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек " деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға- әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл- қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да- абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі- мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.
Қазақ тілін оқыту- қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір- " қалай оқыту мәселелерін қарастырады ". '' Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж. Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды
Ұстаз үшін ең басты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
" Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады ",- деген В. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім
92