EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 93

Ïåäàãîãèêà
қорытындылату оқушылардың өзіндік көзқарасы мен пікірін қалыптастыруда үлкен мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз. Оқушылардың батырлар жыры бойынша алған білімдерін тексеру және пысықтау мақсатында төмендегідей теориялық әрі практикалық жұмыс түлерін жүргізудің әдістемелік тұрғыдан маңызы зор. Мәселен, оқушыларға жырдың тууына арқау болған аңыздар мен тарихи жағдайларды анықтатып, жырдағы басты ой мен идеяны танып білу орайында жырдың мазмұнын ашатын әр алуан сипаттағы сұрақтар беруге болады. Оқушылар мұндай жұмыс түрлері арқылы жырдағы негізгі ойдың қай бейне арқылы көбірек көрініс табатынын айқындап образдар табиғатына мінездеме беру машығын меңгеріп, шеберлігін арттырады [ 3:58 ]. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының жадында кейіпкерлер табиғаты мен болмыс-бітімі берік сақталу үшін жыр кейіпкерлері туралы пікірлер жинақтаудың да әсері мол.
Мәселен, баланың жас ерекшелігіне сай Қамбардың қасиеттерін, яғни оның ақылы мен парасаттылығы, ерлігі мен көзсіз батылдығы, Отансүйгіштігі мен ата мекеніне деген махаббаты, досқа адалдығы, жауға қаталдығын жыр мәтінінен тапқызып, сұрақ-жауап, практикалық жұмыстар арқылы талдау жұмыстарын жүргізуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті мен ізденісін қалыптастыру мақсатында кейіпкерлер табиғатын ашатын жыр жолдарынан шағын картотека жасату жұмысының әдістемелік-практикалық маңызы әсерлі болары сөзсіз. Келесі кезекте Қамбар батыр бейнесін аша отырып, балаларға халықтың арманы мен мұратын, тілегі мен мүддесін, мұңы мен зарын айқындату арқылы сол тұстағы ата-бабамыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, шежіресі, үкімі мен билігін таныту асыл іс болып табылмақ.
Жыр мазмұнын толық меңгертіп, терең де нәзік табиғатын түсіндірту ізденімпаз ұстаз тарапынан әдістемелік шеберлікті қажет етері белгілі.
Осы орайда мұғалімдерге әдістемелік көмекші құрал етіп жыр мазмұны мен болмысын ұғындыруда қолдануға болатын сұрақ-тапсырмалар қатарын ұсынамыз. Мәселен, Назым бейнесі арқылы бұрынғы қазақ әйелдерінің табиғаты мен болмыс-бітіміне сипаттама бергізу және оның бейнесінің негізіндегі халық арманын түйіндету; Қараман бойындағы пасық та зұлым қасиеттерін айқындату; портреттеу, суреттеу тәсілдерін тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы мен орнына тоқталу, диалогтерді тауып, оның жырдағы орнын, маңызын ашу, өздеріне ұнаған айшықты сөздер мен сөз тіркестерін тапқызу, ұнау себептерін дәлелдету, жырдағы мағынасы түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргізу жұмыстарының іске асырылуы тиімді болып табылмақ [ 4:125 ]. Эпостық жырлардағы батырлар бейнесін бастауыш сынып оқушыларына оқытуда ондағы кейіпкерлер табиғаты мен іс-әрекетіне толыққанды
¹ 2( 10) 2016
сипаттама беу, батырлардың халқы үшін қылған қапысыз ерлігі мен елдігін қорғап қалудағы батыл шешімдері, қол бастаудағы көреген парасаттылықтарына жан-жақты талдау жасап, сан алуан қырына баға беру қажеттілігін басты ұстаным етіп алу алғы шарт болып табылмақ. Қазақ ауыз әдебиетінің қорында батырлық ертегілер мен қаһармандық жырлардың үлесі үлкен. Оларда халықтық сан замандар бойындағы өмір, күрес, ерлік тәжірибесінің ұлы сарыны сақталған. Ерте замандардағы адамдардың дүниетанымын, салт-санасын, ерлік, батырлық, жауынгерлік, қаһармандық сынды қасиеттерін көріп- танырлық көріністер де өте мол. Осы жағдайларды есепке алғанда ғана, батырлар жырының көп қырлы бітімін танығанда ғана бұл құнды мұраның мағынасы ашыла түседі.
Қаһармандыққа құрылған батырлар жырының түпкілікті көздеген мұраты-елдің бүтіндігін, ынтымағын, тәуелсіздігін қорғайтын, қастасқан жауды мұқатып, халықты азаттыққа, бақытқа жеткізетін ерлердің сом бейнесін жасау, олардың өнегесін мадақ ету. Осы мұратқа сай жырдың да көздейтіні ақылы мен қайраты, жігері мен намысы барабар, ешбір жаудан жеңіліп, жауырыны жерге тимейтін, уақытша кезіккен кедергілер мен сәтсіздіктерді жеңіп шығатын, мұраты мен арманына жететін, батырдың ел арманына сай келетін асқақ батылдығы мен шынайы ерлік әрекетін айту болып табылады. Міне, мұндай биік міндет пен асқар талап жырдың күллі болмысы мен құрлысына тікелей әсер етеді.
Қаһармандық пен ерлік арқау болып өмір алған батырлар жырының негізгі тақырыптық ерекшелігі атамекен, туған жер, ұлттық мұрат, халық тұтастығы, елдік пен ерлік сынды киелі арман-тілек болса, ал идеялық шешімі осындай ұлы мұрат жолындағы батырлық пен бірлікті аралас, тамырлас етіп ынтымақты ел болуға үндеу. Мұндай ізгілік пен парасаттылыққа бастар адамгершілік пен кішіпейілділік, нағыз ұлт перзенті болу сынды абыройлы парыз жыр кейіпкерлерінің бойынан табылатын құнды қасиет. Ендеше, батырлар бойындағы елжандылық, туған халқына деген адал перзенттік борыштан нәр алған құндылықтарды бала тәрбиесінде темірқазық етіп алудың тәрбиелік, рухани маңыздылығын жоймақ емес.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы боп танылған батырлар жырының жанрлық ерекшелігі мен шығармашылық бітімін бастауыш сынып оқушыларына меңгертуде әрі ұлттық әдебиетіміздің құндылықтары мен мәдени мұрасын танытуда тарих, шежіре, ұлттық ментолитет, әлеуметтік жағдай білікте қарастырылуы шарт. Сонымен қатар жырдағы ұлттық өрнек ұлттық кесте, жырдағы көркемдік әрі тілдік ерекшелігі бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай ұғындырылуының ескерілуі әдістемелік талап болып табылмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Айтмамбетова Б. Р. Бейсенбаева А. А. Тәрбиенің жалпы әдістері. Алматы. 1991 ж. 2. Сағындықов Е. " Педагогика " Алматы. 1999 ж. 3. Әлімжанов Д., Маманов Н. Қазақ тілін оқыту методикасы., Алматы: Мектеп, 1965 4. Смагулова М. Б. " Оқушыны шығармашылық ізденіс жолына жетелеу " 5. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы / / Қ. М,- № 1, 2011.
91