EURASIAN EDUCATION №2 2016 | Page 92

¹ 2( 10) 2016
Ïåäàãîãèêà
Мақала бастауыш сыныпта батырлар жырын оқытудың ерекшеліктеріне арналады. Мақалада " Қамбар батыр жырын " мысалға ала отырып, балалардың бойында батырлықты, адамгершілікті, отансүйгіштікті дамытудың қырлары қарастырылған. Мақала бастауыш сынып мұғалімдеріне, педагогикалық мамандық студенттеріне арналады.
АХМАДИЕВА АРДАК СЕРИККАЗЫЕВНА, БЕРІКХАНҚЫЗЫ ӘСЕМ
Семей қаласының № 47 орта мектебінің бастауыш сынып пәні мұғалімдері
Статья посвящена особенностям преподавания героического эпоса в младших классах. Автор на примере эпоса " Камбар батыр " рассматривает аспекты влияния на развитие человечности и патриотизма у детей. Статья будет полезна учителям младших классов и студентам педагогических ВУЗов.
The article is devoted to the peculiarities of the teaching of the heroic epic in the junior classes. By the example of the epos " Kambar batyr " the author examines aspects of influence on the development of humanity and patriotism in children. The article will be useful for junior classes teachers and students of pedagogical universities.
" Батырлар жыры-ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Ауыз әдебиетінің арналы саласы болған батырлар жыры ұлттық әдебиетіміздің көркем де бай мұрасы екені белгілі құбылыс. Батырлар жыры арқылы халқымыздың ғасырлар бойғы тарихы мен шежіресін, ерлігі мен көзсіз батылдығын аңғарамыз. Батырлар жыры ерлік пен елдікті, жігер мен намысты, Отансүйгіштік пен ұлтжанылықты жырлайтын ұлттық әдебиетіміздегі көне мұра. Батырлар жыры жас ұлан мен жас өспірімдерге өмірдің ең қымбаттысы, ең асылыжақсылық пен ізгіліктің, ерлік пен батырлықтың, адалдық пен әділдіктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағы адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те артық болмас. Ал, батырлар жыры арқылы оқушылардың рухани дүниесі байып, туған тілін, елін құрметтеуге, қорғауға дейінгі сезімдер қалыптасады. Батырлар жырының көркем үлгісін оқыту арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, келер күннен күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.
Батырлар жыры-ұлттық әдебиетіміздің ерлік, батылдық, батырлықты жырлайтын үлгісі. Сонымен батырлар жырын оқытудың басты мақсаты- оқушыларды халық даналығы, халық өсиеттері, батырлар ерлігінен үлгі алу, Отансүйгіштік, парасаттылық, адамгершілік, елдік пен ерлікке тәрбиелеу. Батырлар жырының ауқымы да мүмкіндігі де, маңызы да ерекше болып келеді. Әдебиеттің бір саласы болған батырлар жыры оқушылардың бойында қайсарлық сынды құндылықты ұштайтыны белгілі құбылыс. Оның оқытуға қиындығыұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту бастауыш сыныптарда мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді [ 1 ]. Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек: " Батырлар жыры " туралы( эпостық жанрлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру, батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жатқанын ұғындыру болып табылмақ.
Батырлар жырын оқытуда бастауыш сынып оқушыларының жыр табиғатын толыққанды меңгеруі үшін жүргізілетін жұмыстардың ең бастысының біріне балалардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, батырлар жырын бүкіл бітім-болмысы мен түсіне оқуы жатады. Бұл тұста мұғалім көркемдеп оқу әдісін пайдаланғаны жөн [ 1:64 ]. Бұл оқушының көлемі ұзақ
90
БАТЫРЛАР ЖЫРЫН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
батырлар жырын оқуда ынта-зейінін арттырып, қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Батырлар жырын оқытуда алғы кезекте төмендегі мәселелерді ескерген жөн: жырды толық оқу, оны нақышына, мәнеріне келтіре оқу, дауыс ырғағы мен кідіріске көңіл бөлу болып табылады.
Сонымен бірге бұл жыр үлгісінің идеясы мен тақырыбын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай айқындату, яғни көркем туынды не айтпақ, нені үлгі етпек сынды мәселелерді қозғап отыру баланың шығармадағы негізгі түйінді тұжырымдауына мүмкіндік береді. Бұл орайда бастауыш сынып оқушыларының ой сезіміне батырлар жырының тигізген әсер-ықпалын айқындау мақсатында баладан қандай үлгі, өнеге алғанын сұраудың маңызы зор. Бұл ретте батырлар жырының мазмұнын оқушы жадында берік сақтату үшін жырдағы қызықты оқиға, батырлардың көзсіз ерлік әрекеті, қуанышты, қайғылы, мұңлы тұстарын, батырдың серігі, ердің қанаты болған сәйгүлік тұлпардың шабысы мен кескін-келбетін суреттейтін тұстарды жырдан тапқызып, жатқа оқытудың тиімділігі орасан. Бастауыш сынып оқушыларына ауыз әдебиетінің арналы саласы болған батырлар жырының мазмұнын, тақырыбы мен идеясын меңгерту міндетті іс. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстардың сипаты әр алуан. Жырдың сюжеттік- композициялық жоспарын жасап, оны бірнеше қысқа бөліктерге бөліп оқытудың әдістемелік тұрғыдан маңызы зор болмақ [ 2:64 ]. Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға жоспар құру арқылы оқыту балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы, әрі сол бойынша жырдың мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп, айтып беруіне көмек нұсқау ролін атқарады. Бастауыш сынып оқушысына көлемді жырдың мазмұнын толық айту қиындық тудырары белгілі [ 2:37 ]. Сол себепті оқушы жыр мазмұнын жүйелі баяндау үшін өздері әзірлеген жоспарға сүйенуі құптарлық іс. Балалардың зейін қабілетін арттыру мақсатында оқушылар жауабын бірбіріне толықтырып отырғызудың пайдасы да анық аңғарылып, ол әдістемелік тұрғыдан зерттелген тәсіл болып табылмақ. Сонымен қатар баланың поэзияға құштарлығын арттыру, мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдауда жырдан бала сезімін селт еткізген эпизоттарынан үзінді жаттату орынды әрекет. Баланың шығармашылық қабілетін өрістету бағытында сұрақтарға жауапты жырдан үзінді келтіре бергізу құнды әдістемелік тәсіл екені де белгілі. Бала қабілеті мен қабылдау деңгейіне орай жырды халық нақылы, дана сөзі болған мақал-мәтелдермен